Суицидтің құрбандары «жасарып» барады

Суицидтің құрбандары «жасарып» барады

Соңғы жылдары адамдардың өз-өзіне қол салу фактілерінің жиілеп бара жатқаны байқалуда. Әсіресе жасөспірімдер мен балалар арасында кең қанат жая бастаған «суицид» дерті елдегі елең еткізерлік қиын мәселелердің бірі болып тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл мәселеге қатысты әлем елдерінің көрсеткішін жариялағанда, Қазақстан сол «қаралы тізімде» төртінші орынды иемденіпті. Литва, Беларусь, Ресейден кейінгі қатарға жайғасқан елімізде 100 мың адамның 30-ы өзіне-өзі қол салған болып шықты. Өкінішке қарай олардың басым бөлігін кәмелеттік жасқа толмаған балалар құрайды екен.

Адамдардың өз өмірін қию себебін анықтау дәрігерлер мен ұстаздардың, психолог мамандардың бас ауруына айналғанына аз уақыт болған жоқ. Бұл туралы талай мақала жарияланып, психологиялық кеңес беретін кітаптар шығарылды. Бірақ одан еш өзгеріс жоқ. Ешкім күткен де емес. Керісінше, суицидтің күн өткен сайын ушығып бара жатқанына куә болып жүрміз. Психологиялық дағдарысты көңіл күйге тап болғандардың басым бөлігі күйзелісті отбасында ғана талқыға салып, сыртқа шығармауға тырысады екен. «Соның салдарынан суицидтің себебі жиі анықталмай қалады», – дейді мамандар.

Ғалия ЖҮСІПОВА, Оңтүстік Қазақстан облысы балалар құқығын қорғау департаментінің директоры:

– «Жасөспірімдердің психикасы өте нәзік келетіндіктен, олар кішкентай нәрсенің өзін үлкен мәселе етіп қарайды. Кез келген баланың мінез-құлқындағы өзгерістерді мектеп мұғалімдері мен психологтер бірінші болып байқап, түйткілдің алдын алу үшін балаға көмек беруі қажет. Әрине, бұл ретте әке-шешенің де өзіндік рөлі бар. Мына оқиғаны баяндай кетейін. Өткен жылдың сәуір айында Ордабасы ауданында Қажымұқан атындағы орта мектептің 10 жасар оқушысы асылып өлді. Оның бұлай істеуіне көрші үйдегі өз-өзіне қол салып қайтыс болған қыздың өлімі қатты әсер еткен. Өйткені орын алған оқиғаны естіген бала анасынан асылып қайтыс болу туралы сұрап, «Адам өлген соң, қайда барады, не істейді, жас балаларға өлуге бола ма?» – деген сауалдарды қойған. Ана байғұс перзентінің бұл сөздеріне мән бермеген. Ойында жүрген сұрақтарға жауап таба алмаған бала ақыры ала арқанның құрбаны болды».

Садық АСАНБАЕВ, психолог:

– «Депрессия басталған кезде баланың жанында ата-анасынан басқа мектептегі мұғалімдері мен психологтер болса, оны аман алып қалуға болады. Оқиғаның себебі де нақтыланып, бұдан кейін іс-әрекеттің екінші рет қайталанбауына септігін тигізер еді. Бір өкініштісі, облыста мінез-құлқы қиын жасөспірімдермен жұмыс істейтін педагог-психологтердің 61 пайызы, әлеуметтік педагогтердің 54 пайызы – өз саласының мамандары емес».

Жоғары сыныптағылардың арасындағы суицид мәселесі бұдан да күрделі көрінеді. Олар тіпті жақындарына да өзін қинап жүрген түйткіл жайлы тіс жармай, жасырып қалуға тырысады екен. Жан түршігерлік жағдайда жарық дүниемен қоштасқан жасөспірімдердің төрт пайызы отбасылық кикілжіңнен, 96 пайызының салдары белгісіз, – дейді мамандар. 2008 жылы ОҚО-да өзіне-өзі қол салуға ұмтылған 57 баланың төртеуі ата-анасының дер кезінде байқап қалуынан аман қалса, 2009 жылы 29 суицид фактісі тіркеліп, оның 24-і қайғылы жағдаймен аяқталыпты.

Психологтер суицидтің алғашқы белгілерін былайша көрсетеді: тұйықталу, еш нәрсеге қызықпаушылық, үнемі мазасыздану, ашуланшақ, ұйқысыздыққа қарсы дәрілерді қолдану т.б. Жасөспірімдердің бақытсыздығына көбінесе отбасындағы жайсыздық пен мектептегі түсінбеушіліктер де себеп болады екен. Бүгінгі таңда балалар арасында суицид оқиғаларын азайту үшін әлеуметтік педагогтер мен психологтердің жұмысын жандандыру ісін кезек күттірмейтін мәселеге айналдыруымыз ауадай қажет секілді. Халықаралық сарапшылардың тұжырымдауынша, өз-өзіне қол салушылардың 80 пайызы өлім туралы ойларын тура немесе жанама түрде білдіреді екен.

«Өлімге асыққан 10 баланың біреуі ғана мақсатына жете алатын болса, қалғаны бір жылдың көлемінде қайта әрекет етуі мүмкін. Егер де сала мамандары мінез-құлқында өзгерістері бар өрендерді қадағалауға алып, ата-аналарымен бірлесе жұмыс істесе, бірнеше баланың өмірге деген көзқарасын өзгертіп,  қызығушылығын қайта оята алады», – дейді Ғалия Жүсіпова.

Р.S. Қалай десек те, жаңа заман орнап, жаңа заңдылықтар пайда болғалы бері жер бетінің астаң-кестеңі шығып барады. Жеті атадан бері естімеген небір сұмдық аурулардың куәсі болып жүрміз бүгінде. Әлем ғалымдарының соңғы зерттеулері көрсеткендей, адамның миы керексіз ақпараттардың «свалкасына» айналып бара жатқаны, шындығында да, рас секілді. Соншалықты көп ақпарат ақыл-естің жұтауына да әкеп соғады екен. Мүмкін, сол себептен де өзіне-өзі қол салатындар осыншама көбейіп жатқан болар...

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста