СПИД-пен ауырған жеткіншектерді не күтіп тұр?

Бүлдіршіндерге ВИЧ індетін жұқтырып, бүкіл республика жұртшылығының жағасын ұстатқан Шымкенттегі келеңсіз оқиға көпшіліктің есінен әлі шыға қойған жоқ. Осы оқиғаға орай облыс әкімі орнынан алынып, медицина саласының кінәлі деп танылған бірнеше қызметкерлері жауапқа тартылды. Алайда сол кездері күн тәртібіндегі бірінші мәселе болған балалардың бүгінгі ахуалынан бейхабар қалып қойғанымыз рас. Перзенттері аты жаман ауруды жұқтырған ата-аналарға қол ұшын созу мақсатында құрылған «ЖҚТБ-дан (СПИД) балаларды қорғау» қайырымдылық қоғамдық қорының жұмысы кейінгі кездері қожырап кетті дегенді де құлағымыз шалады. Осы секілді сауалдардың төңірегінде аталған қордың қазіргі президенті Жаннета Жазықбаеваны әңгімеге тартқан едік.

– АҚТҚ, яғни ВИЧ індетін жұқтыр­ғандар төңірегіндегі ахуал қандай бо­лып жатыр?
– Бүгінге дейін ВИЧ індетін жұқтырған 209 бала тіркелген. Қор құрылмай тұрып – 8, одан кейін 3 бала қайтыс болды. Бір бүлдіршінді шетел азаматтары алып кетсе, тағы екеуі бүлдіршіндер үйінде тәрбиеле­нуде. Оның біреуі індетті жұқтырмас бұрын іштен ДЦП-мен науқастанып туылған.
– Балалардың бүгіні мен ертеңі қандай болмақ?
– АҚТҚ дегеніміз – адамның қор­ғаныш­тық тапшылығының қоздырғы­шы, яғни бұл індетті жұқтырған ағзаның түрлі инфекциялардан қорғану қабілеті төмен­дейді. Ұсынылған дәрі-дәрмекті уақ­ты­лы қабылдаған ағзада мұның орны үнемі толтырылып отырады. Сол себепті ВИЧ індетін жұқтырған баланы қоғамнан оқшаулауға болмайды. Бұл баланың жүйкесіне әсер етіп, өзіне-өзі қол жұмсау қаупіне соқтыруы да ғажап емес. Мұндай келеңсіздікке жол бермеу үшін әрбір ата-ана алдымен АҚТҚ жайлы өзі толық мағлұмат алып, содан кейін ұл-қыздарына да түсіндіріп отыруы қажет.
Қазір балалардың арасында 25 оқушы бар. Оның 12-сі – ересектер. Біреуі мектеп бітіргелі отыр, «Алтын белгіге» үміткер. Биыл тағы 15 бала мектепке барады. Келе­сі жылы 25-і мектеп табалдырығын аттай­ды. Ал 2011 жылы 150-160-тай бала оқу­шы атанады. Қазір біз балаларға жәр­дем беру үшін түрлі жобалармен жұмыс істей бастадық. Ұтып алған жоба­мыз бойынша аптаның әр жұмасы сайын «Ана мен бала» орталығында пси­хо­­­лог­тармен, дәрігерлермен бірігіп, бала­лары есейіп келе жатқан ата-аналармен жұмыс істей­міз. Бала ес біліп, етек жап­қаннан кейін не үшін үнемі дәрі қабыл­дайтынын ой­ланады. Ертеңгі күні шеттен үрейлі әңгіме естісе, ол баланың бақыт­сыздыққа ұшырауына се­беп болуы да ғажап емес. Орын алуы әбден мүмкін осындай қауіптің алдын алу мақсатында баланың санасын біртіндеп дайындауымыз қажет. Жаңа айтқандай, 2011 жылы оқу­шылар саны күрт артады. Сонда оларды мектепке қалай қабыл­дайды? Әсіресе, ауылдық жерлерде. Халық әлі мұндайға дайын емес. Түрлі әңгіме­лердің тығынын ағытпасына кім кепіл? Сол себепті мұғалім­дермен бірге ата-аналармен де көп жұмыс істеуіміз қажет. Осындай жұмыс­тарды жүргізудің арқасын­да қазір бірнеше ере­сек бала өзінің қандай аурумен ауы­раты­нын біледі. Жан-жақты дайындаудың ар­қасында жүй­кесіне сал­мақ салудан құт­қар­дық. Ешқандай қорқы­ныш­­қа бой алдырған жоқ. Тіпті бір-біріне сүйеу бола білді. Со­ның арқасында өзде­ріне деген күтімді одан сайын арттырып, ертеңге деген үміттері үкілене түсті.
Бала есейгеннен кейін жыныстық қа­тынасқа түсіп қоюы мүмкін. Сонда ол өзінің ауруын біліп тұрып, өзгеге жұқтырып алмау­­дың алдын алуымыз қажет. Басқаша айтқанда, жыныстық қатынас арқылы жұғатын эпидемияның екінші толқынының орын алуына жол бермеуіміз тиіс. Бола­шақта осындай халықаралық жоба­ларға жиірек қатысып отырамыз деген жос­пар бар.
– Бала денсаулығын сақтау үшін үнемі дәрі-дәрмек қабылдауы керек. Онысы да шетелден жеткізіледі. Дәрі-дәрмек үшін қаражат қайдан қара­лады?
– Арнайы заңда қаралғандай, дәрі-дәрмек үшін қаражат республикалық бюд­жеттен бөлінеді. Бұл жағынан мәселе жоқ. Жалғыз ғана талабымыз – ата-аналар дәрі­лер­­дің уақтылы берілуіне жіті мән беруі керек. Онсыз бала денсаулығын төмендетіп алары сөзсіз. Балаларға дәріні қабылдаудың қаншалықты пайдалы еке­нін түсіндіру мақсатында, дәрінің ағзаға түскеннен кейінгі әрекетін бейнелейтін мультфильм түсіруді аниматорлармен бірге қолға алып жатырмыз. Алдағы уа­қыт­та мультфильм, кино түсіру арқылы халықтың, мұғалімдердің көзқарасын өз­гер­ту жұмыстарын қолға аламыз. Бұдан бөлек балаларға 16 жасқа толғанша мем­лекеттен 14600 теңге көлемінде зейнетақы тағайындалған. Ал облыстық бюджет есе­бінен ауылда тұратын ата-аналар үшін – 28700, қалалықтарға 18700 теңге көле­мінде компенсация беріледі.
– Қайырымдылық ретінде құрыл­ған қордың Сіз үшінші президентісіз. Балалар­дың көз жасы мен қаны есебі­нен құралған қор қаражатының бір­қатар бөлігі кезінде негізсіз жұмсалды деген қауесет қаншалықты рас?
– Қор құрылғаннан бүгінге дейін есепшотқа 205 миллион теңгенің тө­ңірегін­де қаражат түскен. Алғашқы жылы ата-аналарға қаржылай үлкен жәрдем көрсетілді. Келесі, яғни 2007 жылдың тамы­зында қор қоржынында 30 миллион­нан астам қаражат бар болатын. Айнал­дырған 8-9 айдың ішінде сол қаржыдан 1,5 миллион теңгеге жуық ақша қалды. Арада біраз айтыс-тартыстың, бірқатар келіс­пеушіліктің болғаны жасырын емес. Алайда мен бұрынғы өткендерге қайта оралғым келмейді. Менің мақсатым қор­дың жұмысын жаңа, таза парақтан бастау болып отыр. Өйткені өмір бір орын­да тұрмайды, алға жылжиды. Ендігіде бала­лардың болашағы үшін жұмыс істеуі­міз керек.
– Қайырымдылық қордың қазіргі мүмкіндігі қандай?
– Індет жұқтырған алғашқы кездері бүлдіршіндердің тағдырына республика түгілі әлем жұртшылығының назары ауды. Жан-жақтан қаржы құйылып, қорға 200 миллион теңгеге жуық қаржы жинақ­талған еді. Мен қорға президент болып келген кезде, яғни үстіміздегі жылдың 14 сә­уірінде есепшотта 14-ақ мың теңге қа­лыпты. Қазір қорға 1 тиын да түспейтін бол­ған.
Қор құрылтайшыларының жалпы жиналысы бойынша індеті анық­талған 78 баланың ата-аналарына 1 мил­лион 500 мың теңгеден үлестірілді. Араға екі айдай уақыт салып тағы 48 бала тір­келді. Олардың ата-аналарына 1 миллион теңгеден берілді. Бұл көрініс екі аптадан кейін тағы қайталанды. Бұл жолы олардың ата-аналарына тиісінше 500 және 300 мың теңгеден тиді. Індеті алғаш анық­талған балалардың ата-аналарына қо­мақ­ты қаржы берілді де, кейінгілеріне аз мөлшерде тиесілі болды. Тіпті ешқандай қаржылай көмек алмаған ата-аналар да бар.
– Әңгімеңізге рақмет!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста