Синтетикалық наркотикке неге тыйым жоқ?

©Алаш айнасы иллюстрациясы

Бүгінгі таңда Қазақстанда 39 мыңнан астам нашақор бар. Бұл – наркодиспансерлерге келіп өз еркімен тіркелгендердің ресми көрсеткіші. ҚР ІІМ Есірткі бизнесімен күрес жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Елена Ваганованың айтуынша, бұл көрсеткіш жыл санап азайып келеді. Алайда, Алматы қаласындағы дәрігерлердің мамандығын жетілдіру институтының психатрия және психотерапия мен наркология кафедрасының ассисенті Жеңіс Аязбаев есірткіге еліткендер саны артып бара жатқанын айтады. Мамандардың айтуына қарағанда, бір рет есірткіге еліткен жанды нашақор деп санауға болады.
Жеңіс Аязбаевтың айтуынша, елімізде синтетикалық наркотиктер психотроптық және есірткілер тізімінде көрсетілмеуі себепті кең таралған.
Жеңіс АЯЗБАЕВ, Алматы дәрігерлердің мамандығын жетілдіру институтының психатрия және психотерапия мен наркология кафедрасының ассисенті:
– Жаңа синтетикалық наркотиктер, мысалы, спайс, әр түрлі миксылар мен тұздар, қазір Қазақстандағы психоторптық және наркотикалық заттар тізіміне енгізілмеген. Демек, заңмен тыйым салынбаған. Сондықтан ол жасөспірімдерге қол жетімді. Бағасы тым арзан, оларды мектептер мен клубтарда сатып алу оп-оңай. Жаңа синтетикалық есірткілер марихуанадан күшті болуы себепті өте қауіпті. Оның әсері өте сұмдық: алдымен шат-шадыман, шаттық болып басталып, кейін торығу мен өз-өзіне қол жұмсауға дейін жетелейді

Дәрігер маманның айтуынша, синтетикалық есірткілер героин мен марихуана сияқты тест-жолақпен анықталмайды. Тәуелділік белгілері бойынша ол шизофренияға ұқсайтындықтан, синтетикалық есірткі пайдаланғандарды наркологияға емес психиатрияға айқындайды.
Жеңіс Аязбаевтың пікірінше синтетикалық есірткілерді тыйым салынған есірткілер тізіміне енгізуі тиіс.
Әлемнің бірқатар елдерінде синтетикалық наркотиктер есірткілер тізіміне енген көрінеді. Алысқа бармай-ақ, Ресейде «спайс», «дизайнерлік қоспа» деген синтетикалық наркотиктерге тыйым салынған.
Еліміздің денсаулық министрлігі де 2010 жылы әр түрлі миксыларды ел аумағына әкелуге тыйым салған болатын. Бірақ, бір қызығы, әкелуге тосқауыл қойылғанмен, миксыларды пайдалануға тыйым салынбады. Есірткілер тізіміне егізілмеді. Ал, мамандар синтетикалық есірткілердің әсері есірткілер тізіміне енгізілген марихуанадан әлдеқайда күшті екенін айтады. Тыйым салынбағандықтан синтетикалық есірткілерді сатып алу да оңай.
Статистикалық деректерге қарағанда, синтетикалық есірткіге тәуелді болатындардың басым көпшілігі 14-21 жас аралығындағы жасөспірімдер. Сонымен қоса, олардың қатары күн санап артып келеді. Ал, оларды таратушыларға қарсы тұруға ішкі істер қызметкерлерінің қауқары жоқ. Өйткені, елімізде синтетикалық есірткілерді сатуға, пайдалануға тыйым салынбаған, яғни оған тосқауыл қоюдың заңдық тетігі жоқ.
Сондықтан да, спайс, әр түрлі миксылар мен тұздарды Қазақстанға әкелуге ғана емес, оны пайдалануға да тыйым салу керек. Сонан соң, заң жүзінде оларды таратушыларға қылмыстық жаза қолдану қажет. Олай болмаған жағдайда, есірткі пайдаланушылар мен есірткіге қатысты қылмыс саны азаймасы анық. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста