Бұл – семейлік жастардың пікірі. Олар Семейді дүниежүзіндегі ең үлкен қалалардың бірі деп санайды. Санап қана қойған жоқ, жақында бір топ жас ынталы топ құрып, Гиннесстің рекордтар кітабына өтініш жолдады. «Семейді әлемдегі ең үлкен қала деп тануларыңызды сұраймын». Өтініш мазмұны – осындай. Семейлік жастардың бұл қадамы «атың шықпаса, жер өртенің» кебі ме, әлде шынайы дерек пе, оны уақыт көрсете жатар. Бұл маңызды емес. Маңыздысы – Гиннесс рекордтар кітабының өтінішті қабылдау-қабылдамауында.
Ынталы топ өкілі, студент Ақгүл Нұржақыпованың айтуынша, Семей қаласының жер көлемі 27 мың шаршы метрді құрайды. Әрбір қала тұрғынына 80 шаршы метрден жер келеді. Оны айтасыз, Семей жер көлемі жөнінен әлемге әйгілі шаһарлар – Мәскеу, Лондон, Нью-Йорк пен Стамбулды да жолда қалдырады екен.
Ақгүл Нұржақыпова, ынталы топ өкілі, студент:
– Гиннесс рекордтар кітабының Нью-Йорк қаласындағы кеңсесі біздің өтінішімізді жерде қалдырмас деп ойлаймыз. Әйгілі кітапқа енуімізге қаланың экономикасы да әсер етері сөзсіз.
Семей – «әлемдегі ең үлкен қала»
Последние статьи автора