Алматы облысында биылғы маусымның алғашқы дала өрті тіркелді. Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек орман шаруашылығының 100 гектары жанып кетті.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының хабарлауынша, өрт дүйсенбі күні Шелектен 90 шақырымдағы Охоньково шатқалында сағат 10:50-лер шамасында шыққан. Іле жағасында әлденеден от тұтанып, өзен бойындағы қамыс пен тораңғы түгел қызыл жалынға оранды. Орман өртінен зардап шеккендер жоқ. Өртсөндірушілер мен орманшылардан құралған 40 адам жалынды төрт сағаттан соң тоқтатып, кешке таман оқиға орнын толық залалсыздандырды. Жауын жаумай, күн ашық болғанда өрттің жылдам қарқынмен жайылып, 100 гектардан да көп аумақты шарпуы әбден мүмкін еді.
Шелек орманы отқа оранды
Последние статьи автора