Шекарашылар атындағы застава
Қазақстандық шекарашылардың ерлігі мен есімін мәңгі есте қалдыру, аға ұрпақтың ерлік дәстүрлерінде жауынгерлерді қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мақсатында Шонжы шекара отрядының «Есекартқан» шекара заставасына Кеңес Одағының Батыры, генерал-лейтенант Матвей Кузьмич Меркуловтың есімі берілген және Күршім шекара отрядының «Чиндагатуй» шекара заставасы әскери борышын өтеу жолында ерлікпен қазақ тапқан және қайтыс болғаннан кейін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған кіші сержант Раджан Әрмиұлы Батырхановтың есімімен аталады. Былтыр қарашаның 30-ы күні Меркі шипажайының жоғарғы жағындағы тау бөктерінде Кеңес Одағының Батыры Сәду Шәкіров атындағы №2035 шекара заставасы ашылды. Қазақстан тәуелсіздік алғалы осы үш тұлғаның есімі заставаларға берілген.