Шекара қауіпсіздігі қандай жағдайда?

Шекара қауіпсіздігі қандай жағдайда?

Украинаның шығысындағы шекарада тыным жоқ. Әр күн сайын Луганск пен Донецк облыстары аумағында түрлі қақтығыстар орын алып, шекара бұзу фактілері жиілеп кетті. Тіпті, кей жағдайларда Украина мемлекеттік шекара қызметінің сарбаздары қарулы көлікпен келіп, шекараны қасақана бұзып өткендерді ауыздықтай алмай отыр. Украина мемлекеттік шекара қызметінің жетекшісі Олег Слободян «шекара әскерінің бар күшін шығысқа жұмылдырамыз» деп мәлімдегенімен, әзірге оң нәтиже жоқ. Неге? «Алаш айнасы» ой елегінен өткізген еді.
Украина мен Ресей тәуелсіздік алғаннан кейін шекара мәселесін толыққанды шеше алған жоқ. Құрлық һәм теңіз арқылы жеті мемлекетпен шектесетін, шекарасының жалпы аумағы 6993 шақырымға созылып жатқан алып ел соңы айларда 15 мың шекара әскерін шығысқа шоғырландырды. Соның өзінде шекараны тыныштандыруға шамалары жетпей жатыр. Мәселен, осыдан бірер күн бұрын Украина мемлекеттік шекара қызметінің жетекшісі Олег Слободян «112 Украина» телеарнасына сұхбат беріп, шекарадағы қақтығыс кезінде бір әскеридің көз жұмғанын және бір адамның ауыр жарақаттанғанын айтып еді. Мұнан кейін де Ресей жақтан бірнеше әскери көлік пен қаруланған адамдар шекараны бұзып өтті. Бірақ, Ресейдің құзіретті органдары ресми түрде Украинаның бұл айыптауларын жоққа шығарып бағуда. Сонда Украинаның шекарасын кімдер бұзып жатыр? Сол белгісіз әскер ертең біздің шекараны бұзып өтпейді деп айта аламыз ба?
Украинаның шекарасындағы оқиғалар кез-келген елге етек жеңін жию қажеттілігін аңғартып отыр. Басқаны былай қойып, өзімізді мысалға алайық. Шекарамыздың жалпы ұзындығы 15 000 шақырымнан астам ұзақтыққа созылып жатыр, оның 12 000 км-ге жуығы құрлық, ал 3 000 шақырымнан астамы Каспий және Арал теңіздері арқылы өтеді. Әрине, әлем бойынша жерінің кеңдігі бойынша тоғызыншы орын алатын біздің ел үшін бұл шекараны күзетіп тұру оңай шаруа емес. Оған Арқанкергендегі қырғын кезінде анық көзіміз жетті.
Құдайға шүкір, тәуелсіздік алғалы бері мемлекетіміз мемлекеттік шекараның үстінен құс ұшырған жоқ. Бірақ, колхоз-совхоз тарағаннан кейін шекаралы аудандағы тұрғындардың дені қалалы жерге қоныс аударды. Қазір біріншіден сым темір тартылғаны болмаса, Қытай мен Қазақстан арасындағы шекарамыз ашық жатыр. Екіншіден, әлем бойынша құрлықтағы ең ұзын шекара саналатын, 7,5 мың шақырым жерді алып жатқан Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекараның жайы да мәз емес. Екі елдің достығының нышаны ретінде белгі қойып, сым тартпаған едік. Бұл достықтың мың жылдықтарға созыларына кім кепілдік береді. Ресеймен шекараласатын солтүстік, шығыс, батысымызды қамсыз ету үшін әрекет жасау керек секілді. Өйткені, кей кездері орысты былай қойып, шекара мәселесінде түбі бір туысқан өзбек, түркімен, қырғыз ағайындармен де ара-тұра сөзге келісіп қаламыз. Алтай мен Атыраудың арасындағы кең-байтақ жерді қорғау әр қазаққа парыз. Сол парызды өтеу үшін не істемек керек?
Мамандар әскери салада ешқашанда тоқмейілсуге болмайтынын айтады. Өйткені, біріншіден, жеріміз кең бола тұра, әскеріміздің саны аз. Нақты деректерге сүйенсек, Қазақстанның әскер саны – 74 мың. Оның ішінде құрлық әскерінің саны – 47 мың, әуе күштері әскерінің саны – 19 мың, әскери-теңіз күштерінің саны 3 мыңға жуық екен. Жалпы, республикалық «Ұлан», Ішкі әскер және Төтенше жағдайлар министрлігі секілді салаларды қосқанда жалпы мемлекетті қорғайтын әскеріміздің ұзын-ырғасы 100 мың сарбаз деген сөз.
Екіншіден, сол әскерге дер кезінде көмекке келер тұрғылықты халық екенін қаперде ұстауға тиіспіз. Аудандарды ірілендіру кезінде бірқатар шекаралы аудандар тарап кетті. Соның нәтижесінде шекараның бойынан мыңдаған халық көшіп, бүкіл даламыз бос қалды.
Үшіншіден, әскери идеология саласына әлі де мән берілмей келеді. Кеңестік кезеңде Қазақстанның Шекара әскерлері КСРО Қарулы Күштерімен байланыста дамығаны белгілі. Сол себепті де әскери идеологиямыз, әскери ғылымымыз, әскери түсінігіміз кеңестік психологияға сай қалыптасты. Тәуелсіздік алған жылдары бұл саланы толығымен қазақыландырып жіберерлік мамандарымыз болмады. Енді бұл мәселені бірте-бірте қолға алатын кез жетті. Ол үшін әскери шендерді орыстық түсініктен арашалау қажет. Солдат, сержант, лейтенант, капитан, майор, подполковник, полковник деген сынды түсініктердің орнын сарбаз, қатардағы әскер, жасақты қол, онбасы, жүзбасы, мыңбасы, түменбасы деген секілді ғасырлар сүзгісінен өткен өзіміздің шендермен алмастырғанымыз жөн. Бұл бастама әр әскеридің жүрегіне ұлттық рух құйып, жігер берері сөзсіз.
Төртіншіден, ұлттық әскери білім беру ісін қолға алу қажет. Кеңестік кезеңде Суворов, Матросовтардың ерлігін естіп, кеңестік әскерилердің тактикасымен сусындаған сарбаздарымыз өз батырларымызды үлгі тұтатын кез келді. Заманауи әскери әдіс-тәсілдер де қазақы көзқараспен оқытылғаны жөн. Шекара әскерилердің сыртқы дресс-коды толығымен ұлттық сипатта дамып, олардың киімдері ұлттық нақышта болуы тиіс. Бұл шекара әскерлері үшін аса маңызды. Өйткені, оларды күніне көрші елдің әскерилері көреді. Ұлттық сипаттағы, заманауи үлгідегі киім оларға біздің Тәуелсіздігімізді мойындатып тұрады. Сонымен қатар, әскери саланың тілі толығымен мемлекеттік тілге көшірілуі тиіс. Бұл аз да болса, әскери саладағы құпиялық пен қауіпсіздікті артыруға жәрдем береді.
Бесіншіден, шекара әскерлерінің ерлігі, қызықты өмірі жайлы деректі, көркем фильмдер түсіріліп, Отан қорғау әр азаматтың парызы екені кеңірек насихатталуы керек. Бұл бағытта әскери журналистиканы дамытуды да қаперде ұсталық. Бұл идеологиялық жұмыс шекара саласында қызмет етуге деген құлшынысты арттыра түседі.
Алтыншыдан, солтүстік шекарамызға толығымен сым тартып, он екі шақырым сайын шекара бекіністерін орнатуға тиіспіз. Себебі, Украина шекарасын бұзып өткендердің кім екенін білмей отырған Ресей мемлекеті біздің олармен шектесетін 7,5 мың шақырымдық шекарамызды қорғап бермейтіні анық.
Жетіншіден, шеттен келген ағайынды мүмкіндігінше шекаралы аймақтарға қоныстандырған жөн.

«Алаш айнасының» түйіні
Қазақ – саны аз болғанымен, ел басына күн туғанда атқа қонып, жауының қабырғасын қақырататын батыр ел. Батыр елдің шекарасының мығым болуы тек ішкі идеологиямен шектеліп қалмайды. Сол себепті де «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманды туғызар бүгінгіндей саясатты жалғастыра бергеніміз жөн. Сонымен қатар, бүгін біз сөз еткен 7 мәселені де қаперде ұстау қажет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста