Сауықтыру лагерьлерінде санитарлық талап сақталмаған

Сауықтыру лагерьлерінде санитарлық талап сақталмаған

Тамылжыған тамыз айы да бел ортасынан ауды. Ендігі жерде ала жазды алақайлап өткізген балалар кезекті оқу жылына жаппай дайындыққа кіріседі. Кірісіп те кетті. Өткен оқу жылы аяқталар тұста білім саласының құлағын ұстағандар «біздерде мынадай бар, мынадай бар» деп оқушыларды жазғы демалыспен қамтамасыз ету мәселесінде біраз уәде берген болатын. Ендеше, «Алланың сөзі» қаншалықты орындалды? Өткен жылы ғой, кесел таратушы кененің кесірінен балаларға лагерь дегенді ұмытуға тура келді.
Облыстық прокуратураның мәліметіне сүйенсек, үстіміздегі жылдың жаз мезгілін­де «жұмыс істейді» делінген 22 сауықтыру лагеріне 15589 бала қамтылады деп жос­парланған болатын. Алайда шын мәнінде, 16 ғана лагерь 7825 баланы қабылдапты. Облыстағы 1027 жалпы білім беретін мек­теп­терде 525 937 шәкірттің білім алатынын ескерсек, олардың 98,5 пайызының ла­гер­ь­лерде демалуы арман күйінде қалға­нын көруге болады. Сонда демалыс ла­герь­ле­рі­мен қамтылған оқушылардың қа­та­ры жалпы балалардың 1,5 пайызын ғана құ­ра­ғаны ма? Демек, жазғы демалыс кезінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыс­пен қамты­луын ұйымдастыру туралы Үкімет басшы­сы­ның өкімі тиісті деңгейде орындалмады деген сөз ғой. Ол аз десеңіз, шенеуніктер тарапынан заңнама талапта­рын бұзу фак­тілері де орын алған.
– Мемлекеттік сатып алудың ұйым­дастырылуындағы ырду-дырдудың салдарынан «Компания Шынар Жолы» ЖШС өзіне қарасты «Салют» жазғы лагеріне аудан көлеміндегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан 200 ба­ла­ға демалыс ұйымдастыру үшін алған 4,5 миллион теңге мемлекет қа­ра­жатына бүгінге дейін бар болғаны 59 бала ғана жолданған. Сонымен қатар, Сарыағаш ауданындағы «Балдәурен» сауықтыру лагерінің корпусына 4 мил­лион теңгеге күрделі жөндеу жұмыс­тарын жүргізуге міндеттеме алған «УниверсалПромТехКомпания» ЖШС заңбұзушылықтарға жол берген. Ал «Өгем» қоғамдық бірлестігімен Төлеби ауданы, Төңкеріс ауылы, Балдыберек өзе­нінің бойында «Авиатор» оқу-са­уық­­тыру шатыржайы ұйымдасты­рыл­ған. Мұның қызметі «Бота» қоғамдық қорымен жетім және аз қамтамасыз етіл­ген отбасылардың балаларына 3 625 000 теңгеге қаржыландырылып, осыған орай Ленгір қалалық тіл кемістігі бар балалар мектебінен 15 бала – бі­рін­ші ауысымда, 16 бала екінші ауы­сым­да демалған. Алайда «Авиатор» оқу сауықтыру шатыр жайы жазғы лаге­рі­нің қызметіне мемлекеттік лицензия алынбай, Үкімет қаулысының тармағы бұзылған, – дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Жения Әліханова.
Лагерьлерде санитарлық тазалықтың талапқа сай болуы – бірінші кезектегі мәсе­ле. Тазалық денсаулық кепілі екенін қайта­лаудың қажеті шамалы. Алайда ең басты мәселенің өзіне немқұрайды қараған то­ғыз бірдей жазғы сауықтыру лагерьле­рінің алаңсыз жұмыс істегені заңбұзушылық еке­ні өз алдына, баланың өмірімен ашық ойнау емес пе? Мысал керек пе? Айтайық. Оңтүстік Қазақстан облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бәйшешек» спорттық-сауықтыру кешені мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсі­порнында санитарлық ережелер сақ­талмаған. Нақтырақ айтар болсақ, отрядта жинақталған балалардың саны мөлшерден жоғары болған, жергілікті кәріз жүйесін тиісті мемлекеттік органдардың рұқсатын­сыз таңдап, құрған. Ең сорақысы, лагерь медициналық пункт изоляторымен, ыстық сумен, тоңазытқышпен қамтамасыз етіл­меген. Сонда шіліңгір шілденің ыстығында тез бұзылатын тағамдарды қалай сақтады екен? Олимпиадаға жолдама алған жұды­рығы алтын жігіттер әлемдік додаға да­йын­дық жасаған бұл атақты спорт кеше­нін­де санитарлық жағдай жасалмаған бол­са, өзгелерінен не күтуге болады?
Бәйдібек аудандық санитарлық-эпиде­миологиялық қадағалау басқармасымен «Болашақ» балалар лагері уақытша тоқ­та­тылса, Ордабасы ауданындағы «Қарас­пан» сауықтыру лагерінің санитарлық жағда­йы талапқа сай болмағандықтан, жұмысы тоқтатылған. Тізімді әрі қарай жал­­ғастырар болсақ, Түлкібас ауданындағы «Самал», «Ерке» сауықтыру лагерьлері мен «Арман» шипалы лагеріне, Төлеби ау­да­нындағы «Авиатор» оқу сауықтыру шатыр­жайына, «Тау самалы» облыстық оқу-сауықтыру орталығына, Қазығұрт ау­да­нындағы «Атбұлақ» жалпы орта мектебі жанындағы лагерьге, Сарыағаш ауданын­дағы «Балдәурен» сауықтыру лагерьлеріне жүргізілген тексеру барысында анықталған құқықбұзушылықтарға байланысты іс жүр­гізу қозғалып, аудандық санитарлық-эпи­де­миологиялық басқармаларға жолданды. Ал осындай заң бұзушылықтарға жол берген лауазым иелерінің қатаң тәртіптік жауапкершілігін шешу мақсатында тиісті орындарға ұсыныс енгізілді.
Сауықтыру лагерьлерінің көпшілігінде санитарлық жағдайдың сын көтермейтіні аздай, өрт қауіпсіздігіне де немқұрайды қа­рағаны анықталды. Бұлардың көшбасында тағы да облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Бәйшешек» спорттық-сауықтыру кешені тұр. Кешеннің бір корпусында алғашқы өрт сөндіру құралы мүлдем жоқ болып шықты. Ол аз десеңіз, кешен аумағын өрттің шығу қаупін күшейтетін құрғақ, қураған шөп­тер­ден тазартуды да керек қылмапты. Жалпы алғанда, облыс аумағындағы тоғыз сауық­тыру лагерінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған.
Заңдылықтың сақталуын қадағалаушы орган тарапынан сауықтыру лагерьлеріне жүргізілген тексеру барысында анықтаған кемшіліктер мен заңбұзушылықтарға бай­ланысты 15 лауазымды тұлғаларға әкім­шілік құқықбұзушылық туралы іс жүргізу қозғалып, бір ұйғарым мен бес ұсыныс түріндегі прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.    
Міне, біздің шенеуніктердің болаша­ғымыздың тағдырына осындай немқұрай­дылықпен қарайтыны әрі таңқалдырады, әрі жанға батады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста