"Шәуілдеген Мамай, Дуванов деген қыртбай-шортпайлар...": Оппозиция жоқ

Танымал журналист Мұхтар Түменбай елімізде оппозицияның жоқ екенін айтты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

 

"Мен сендерге бір нәрсе айтайын, тек сендер ренжімеңдер, ия ма?))) Қазақстанда оппозиция жоқ. Жақын арада болмайды да. Ешқайсың да оппозиционер емессің. Оппозициялық қозғалыс деген әлеуметтік желіде отырып билікті боқтап, даурығу емес. Ол күнделікті жүйелі, табанды күрес. Жыл он екі ай, тәлігіне 24 сағат жүретін күрес. Кейбіреулер үшін өмірдің мәніне айналатын күрес. Ал күрес үшін үлкен адами және қаржылық ресурс керек. Ондай ресурс тап қазір атой салып байбайлам салып жүргендердің ешбірінде жоқ. Жалғыз салафиттерде ғана бар. Міне солар қазір жүйелі түрде өз саясатын жүзеге асырып жүрген. Оларда ақша да бар, адами капиталы да жетерлік. Қайдан, қалай қаржыланып жатқанын көбің білетін де боларсыздар. Оған тоқталып жатпай-ақ қояйын.

 

Ал анау кәндек құсап шәуілдегеннен басқа қасиеті жоқ Мамай, Дуванов деген қыртбай-шортпайлардың артында түк те жоқ. Олар шоу-бизнестегі уақытша жұлдыздар сияқты. Бүгін бар, ертең жоқ. Попса! Сондықтан ондайлар билік иелеріне айтарлықтай қауіп төндіре алады дегенге өз басым сенбеймін. Елде саяси оппозиция пайда болуы үшін қалыптасқан жүйеге наразы содан әбден мезі болған буржуазиялық кластер қалыптасуы керек. Мен, ілініп-салынып өз күндерін әрең көріп жүрген шағын кәсіпкерлерді айтпаймын. Кәдімгі қомақты қаржысы бар ірі бизнес иелері, Ал бізде буржуа атанып жүргендердің бәрі дерлік билікпен біте қайнасып кеткен. Біте қайнаспағанда қайтеді, түгелдей мемлекеттік тапсырыспен, не тендермен күн көріп отырса. Және бәрінің үкіметтің төрінде қонжиып отырған бір-бір компаньены бар. Онсыз бизнестері жүрмейді. Солар бүгінде биліктің төңірегіне топтасып, соның тілеуін тілеп жүр. Сол бизнес иелері мемлекеттік тапсырыс деген емшектен ажырап, билікпен бітіспес қас жау топқа айналғанда ғана жүйелі күрес жөнінде әңгіме қозғауға болады. Немесе салафиттер секілді сыртқы күштердің қолдауы мен қаржысына жүгінесің. Қалай болғанда да, наразы бұқараны ұйымдастырып, алға бастау үшін қаржы керек. Және ортақ идеяның төңірегіне топтасқан, өз ісіне өлердей берілген фанатиктер қажет.

 

Ал жекелеген тұлғалар, мың жерден ақылы тасыған дана болсын, системаны өзгерте алмайды. Сондықтан, Мамайға сеніп едім, Шорайға үміт артып едім, елім деген ер қашан шығар екен деген бос үміттен арылыңдар. Қазіргі саясат командалық ойын. Оппозициялық күрес жүргізу үшін тым құрығанда бір мақсатты мүдде тұтқан, қаржылық ресурсы бар, көзі ашық, іскер 30-50 азамат бірігуі қажет Онсыз билікке жетем деп талпынбасаң да болады. Немесе сол биліктің ойын ережелерін қабылдап, солардың алаңында ойнайсың. Тіпті сондай жолмен билікке жеткен күннің өзінде мықты серіктерің болмаса түк бітіре алмайтының анық. Оны қазіргі жағдайдан да байқап отырған шығарсыздар",- деп жазды Мұхтар Түменбай.


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста