Сарбазды суицидке итермелейтін әлімжеттілік пе әлде қарыз ба?

Сарбазды суицидке итермелейтін әлімжеттілік пе әлде қарыз ба?

Ресми деректерге қарағанда, елімізде әскердегі әлімжеттілік азайыпты. Алайда, сарбаздардың өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары азаяр емес. Шенділердің айтуына қарағанда, сарбаздардың суицидке баруына қаржылық қиындықтар себеп болып отыр. Яғни, сарбаздар несие қарызын төлей алмай өз-өзіне қол жұмсап жатқан көрінеді.

Мұндай мәлімдеме жасаған әскери прокуратура өкілдері несие қарызын өтей алмай суицидке барған сарбаздың атын нақты атамады. Қанша несие қарыз үшін өз-өзіне қол жұмсап жатқанын да жарияламады. Алайда біз өзімізше, «сарбаздардың несие қарызы аса көп емес шығар» деп ойладық. Несиені жалақы көлеміне қарай беретін банктер оларға ірі көлемде несие бере қоймаған шығар? Өйткені, көп несие беретіндей, әскерилердің жалақысы соншалықты жоғары емес екені белгілі ғой! Сонда, Отан қорғайды деп сеніп жүрген сарбаздар болмышы несие қарызы үшін өз-өзіне қол жұмсап жатыр ма? «Отан қорғайды» деп жүрген сарбаздарымыз қара басын алып жүре алмай, болмышы қарыз үшін суицидке барып жатса, онда жетіскен екенбіз! Жоқ әлде бұл, жылы орнынан айырылып қалудан қорқып, әскерде болған өлім жітімді жылы жауып, жоғары жаққа жалған мәлімет беріп отырғандардың ісі ме?
Десе де әскери шенділер әскери бөлімдерде әлі де болса, бірлі-жарым әлімжеттілік оқиғасы орын алып жататынын жеткізді. Сөздерінің дәлелі ретінде нақты мысал да келтірді. Айтуларынша, Жамбыл облысындағы әскери бөлімдердің бірінде сардарлар жауынгерлерге жалақы алдым деп қол қойып, ал ақшаны өздері алып отырған. Сегіз жылда қанша тексеру болғанмен, бірде-бір тексеруші бригада командирі мен есепшінің құйтырқы әрекеттерін байқамапты (бәлкім байқағысы келмеген шығар). ҚР Қарулы күштері құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Мұрат Майкеев мұндай бассыздыққа жол берген әскери бөлім басшыларының қатаң жазаға тартылатынын айтты. «Ондайлар түрмеге жабылады, мен оған қуанбасам, ренжімеймін» дейді құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы.
Әскери прокуратура «әскердегі әлімжеттілік азайды» деп езуін жиып үлгермей жатып, Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде борышын өтеп жатқан сарбаз Ақжан Қапсаметовтің әлімжеттілікке ұрынғаны туралы ақпарат тарады. Сарбаздың әкесі ұялы телефонға жасырын түсіріп алған бейнежазбады сарбаз командирлерінің әлімжеттілік жасағанын айтқан. Алайда, әскери бөлім басшылығы «әлімжеттілік орын алған жоқ. Мінез-құлқында өзгеріс бар» деп сарбазды жүйке аурулары ауруханасына жатқызыпты. Ал, сарбаз әкесіне ауруханадан шығарып алуыды өтініп, ол жерде өзіне белгісіз екпе егетінін айтқан. Әскери бөлім басшылығынан қайран болмасын білген әке әскери прокуратураға арызданыпты. Бірақ аурухана басшылығы «бұл жабық нысан» деп прокуратура өкілін де кіргізбеген көрінеді.
Данияр ЖҰМӘДІЛОВ, Ақмола гарнизонының әскери прокуроры:
- Біздің әскери госпиталь болса, әскери емхана болса әке-шешесі уайымдап жүретін еді «ойбай қысым жасайды ғой, ішіндегілер айтпа деп айтады» деп. Ал ол ауруханаға біздің өзіміз кіре алмаймыз мысалы. Дәрігерлердің емдеп жатқаны дұрыс. Істерінде ешқандай кемшіліктер жоқ.
Неге екенін қайдам, әскери бөлім басшылығы сарбаздың ауруханада жатқанын ата-анасына да айтпапты. Олар баласының ауруханада жатқанын телефон арқылы жіберген суреттен байқаған. Шамасы сарбаз ауруханада жатқанын ашық айтуға қорыққан болу керек. Өйткені, әскери бөлімдегі сардарлардың бассыздығы туралы үйіндегілерге айтқандарды командирлер кеуде тұсынан соғады екен (беттен ұрса көрініп қалады десе керек).
Ержан ТҰМАБАЕВ, Ақжан Қапсаметовтың әкесі:
- Бағана баламды ауруханаға алып келгенде жедел жәрдемнің ішінде өзім отырып сұрадым. Бала сап-сау сөйлеп отыр. «Папа алып кетші мына жерден, мен жатпаймын! Маған уколды салып басымды ауырта береді» деп айтып отыр. Сен бәрін анаңа айтып қоясың деп капитаны да жүрегінен ұрады екен үнемі. Не сұмдық жүрегінен ұру деген? Мен өзім анау-мынау нәрсеге жылайтын адам емеспін. Бірақ, балам жалғыз болғаннан кейін осы жағдайға келіп отырмын. Мен мұны соңына дейін жеткіземін! Мен дәлелдеймін!
«Ерді намыс өлтіреді» демекші, әскерде жүргенде сарбаздар онда болып жататын әлімжеттілік туралы ешкімг де тіс жарып айтпауға тырысады. Ал әскери қызметті өтеп келген соң, жігіттер командирлердің ұялы телефонға ақша салдыртатынын, әскерден қайтуға дайындалып жүрген сарбаздардың жаңа келгендерге үйінен ақша сұрататынын, тағы-тағысын аңыз қылып айтып жүреді. Сондықтан әскердегі әлімжеттілік туралы сарбаз қайтыс болғанда ғана сөз болады. Бірақ көп жағдайда оны дәлелдеу қиынның қиыны. Өйткені, әскери бөлім басшылары шамалары келгенше шындықты жасырып бағады. Денесінде соққының іздері анық көрініп тұрса да, ата-аналар оны дәлелдей алмай қайғы жұтып қала береді. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста