Сақтансаң, мұз сүңгіден сақтан!

Күн сәл жылынса, көктем келді деп қуанамыз. Бірақ қылы­шын сүйретіп келген қыстың сүңгісін үй шатырлары­на іліп кететіні тағы бар. Сондықтан көктемде сүңгіден зардап шегетіндер аз емес. Құласа, адам түгіл, көлікті де жайрататын сүңгілер нысандар­дың төбесінен сойдақ-сойдақ болып салбырап тұрады. Бұндай мұздар адам өміріне өте қауіпті.
Төтеншелік мамандар адамдарды сақ­тыққа шақыруда. Әсіресе үйлердің жаны­нан, көшедегі түрлі нысандардың қасынан өткенде абай болу керек. Бұған қоса төбеге жиналып қалған қалың қар да жаяу жүр­гін­шілерге қатерлі жағдай туғызары сөзсіз. Өкініштісі сол – қауіпті бұл құбылысты қалалықтардың барлығы бірдей аңғара бермейді.
Мамандардың айтуынша, бұндай жағ­дайлардың алдын алуға тұрғындар мен мекеме басшылары салғырттық танытып келеді. Олар жекеменшік үйлер мен өз қарамағындағы нысандардың шатыры мен аумағын дер кезінде қардан аршымай­ды. Бір ғана мы­сал, қаладағы бір мектеп әкімшілігі шатырдағы «тау» боп жатқан қарды тазарт­қанның орнына «Абайлаңыз, шатырдан қар құлауы мүмкін» деген ескерту жазып қойыпты.
Семей қалалық ТЖБ тұрғындарды оқыту және даярлауға насихаттау бөлімінің аға офицері Александр Алябьевтің айтуын­ша, былтыр көктем шыға берер тұста қала­дағы автотұрақтардың бірінде төтенше жағдай болған. Автотұрақ шатырындағы қар дер кезінде тазартылмай, күн көбесі сөгілгенде төбедегі жұқа металл ауыр қар­ға төтеп бере алмай опырылып түседі. Салдарынан астында тұрған көлік түгі қалмай қирайды.
Төтеншеліктер тұрғындар мен мекеме басшыларын және ПИК-ті өз айналасы мен шатырлардағы қарды жеделдетіп тазартуға шақырады. Соған қоса көлік иелерінен автокөліктерді үйдің маңындағы қауіпті жерлерге қалдырмауды сұрайды. «Сақтан­саң, сақтаймын» дегенді ұмытпа­ға­нымыз абзал.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста