Сапасыз үй салуға неге жол береміз?

Сапасыз үй салуға неге жол береміз?

Құрылысы біте сала қабырғасы қаусайтын, тапсырыла сала төбесі желге ұшып қирайтын, есік-терезесінен жел улейтін құрылыс нысандары біздің елде ғана бой көтеретін шығар. Қоныс тойын тойлай сала, жөндеу жұмысына кірісетін тұрғындар да бізде болар. Қанша сынға ұшырап жатса да, мемлекеттің ақшасына салынған үйлердің сапасы бір оңалмай-ақ қойды. Қаншама сын айтылып жатса да саспайтын құрылыс компаниялары айыппұлдан да, лицензиясынан айырылудан да қорықпайды.

Білетіндердің айтуына қарағанда, құрылыс компанияларының ештеңеден де қаймықпауының мәні бар көрінеді. Құрылыс компанияларының басты мақсаты сапа емес, үнем. Яғни, арзан материалдарды пайдаланып, ақшаны үнемдеу. Пайда табу. Ең бастысы төрт қабырғасы құлап қалмай қалқиып тұрса болды. Ал егер іс насырға шауып жатса, тапқан пайданың белгілі бір пайызын айыппұл етіп төлеп жүре беретін көрінеді. Олар лицензиясынан айырылудан да қорықпайды екен.

Еліміздің бас қаласы Астана мен мегополисі Алматыда құрылыс сапасы сын көтермей тұрғанда, аймақтар туралы айтудың өзі артық сияқты. Сөзімізді растау үшін нақты мысал келтірер болсақ, таяуда Астана қаласында тұрғындар толықтай қоныстанып үлгермеген су жаңа 16 қабатты тұрғынүйдің сыртқы қаптамасы опырылып түсті. Абырой болғанда сол сәтте ол маңда адам болмаған. Әйтпесе анандай үйіндінің астында қалған адам аман қалмас еді.
Қалалық сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімі мамандарының айтуынша, құрылыс пайдалануға берілмеген. Құрылыс компаниясы жергілікті құзырлы билік органының шешімінсіз тұрғындардың қоныстануына рұқсат берген. Инспекция мамандары үйдің құлаған жерін құрылыс компаниясы өз есебінен жөндейтінін және кінәсі дәлелденсе лицензиядан айырылатынын айтады. Сонда, жаңа тұрғызылған үйдің сырт қабаты құлап жатқаны дәлел болмағаны ма? Жоқ әлде дәлел болу үшін үй құлауы керек пе еді? Сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімі мамандарының ұстанымын ұға алмадық.

Ал, Алматыда «Ескі үйлерді жаңғырту бағдарламасы» аясында тұрғызылған үйден пәтер алған тұрғындар, «жаңа пәтері бар болсын, бұдан ескі үйіміз артық еді» десіп отыр. Айтуларынша, үйдің сырты бүтін, іші түтін. Бөлмелердің қабырғалары шытынаған. Есік-терезесінен жел уілдейді. Үйдің іші жылымайды. Соның салдарынан қабырғалар көгерген. Айта берсе, кемшілігі көп көрінеді. Бағдарламамен тұрғызылған 5 үйдегі 100 пәтердің түгелінің жағдайы солай. Бірақ бұған жергілікті билік өкілдері көз жұмып қарап отырған секілді. Өйткені олар, өткен жылы 22 үй тұрғыздық, осы жылы тағы 26 үй тұрғызамыз деп ұрандатып отыр. Алматы қаласының Бас архитекторы Ғабит Садырбаевтың айтуынша, базбір үйлердің тұрғызылғанына 80 жылдан асыпты. Ескі үйлердің жалпы саны 940. Болашақта ол үйлердің бәрі де жаңартылады. Енді құрылыс сапасын бақылау арнайы комиссияның құзіретіне берілмек екен. Дұрыс-ақ. Ал, сол комиссия өз міндетін дұрыс атқарып, үйлердің сапасын артырса, нұр үстіне нұр болар еді. Соған сенгіміз-ақ келеді.

Мақсат, құрылысшы:
- Менің құрылыста істеп жүргеніме 12 жыл болды. Осы уақыт ішінде біздің компанияның аты үш рет өзгерді. Бірақ басшылары сол баяғы адамдар. Цемент, арматурадан үнемдейміз. Кейде ескі арматуралар пайдаланамыз. Елдің бәрі солай жасайды ғой.

Бұл өз көзімен көріп, өз қолымен жасап жүрген құрылысшы жігіттің сөзі. Оның ойынша, барлық құрылыс компаниялары солай істейді. Құрылысшы жігіттің сөзімен толықтай келісуге болмас, бірақ өз ісіне жауапсыздықпен қарайтын, сапасыз жұмыс жасайтын құрылыс компанияларының азаймай тұрғаны рас.
Мамандардың айтуына қарағанда, құрылыстың сапасыз болуының тағы бір себебі – мердігер компаниялардың ұсақ кәсіби деңгейі төмен субмердігер компаниялар мен жеке құрылыс бригадаларын жалдауында жатыр. Базбір тендерді ұтып алған компаниялар өз күші жетпеген соң арзанға жұмыс істейтін субмердігерлерді жалдайды. Ондай ұсақ-түйек компаниялармен келісм-шарт та жасаспайды екен. Солай салықтан да жалтарады, яғни қаржы үнемдейді. Келісім-шарттың болмауынан, кейде жеке құрылыс бригадалары жалақысын толық ала алмай жүреді. Келісім-шарт болмаған соң сотқа да жүгіне алмайды. Жүгінгеннің өзінде жеңіп шығуы екіталай.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста