"Шай" және "кофе"деп бөлінеді: Алматылық жезөкшелер құпиясымен бөлісті

Қазіргі уақытта жөзекші қыздар тек сауна мен қонақ үйлерде ғана емес, көшелер мен пәтерлерде де жұмыс істейді. Тіпті, олардың қатарында қызметтерін караоке-клубтарда атқаратындар да бар екен деп хабарлайды NUR.KZ.

NUR.KZ тілшісі караоке-клубтарда интимдік қызмет көрсететін үш жөзекшемен сұхбаттасты. Арулар бұл іспен қалай айналысып бастағандары туралы айтты.

Назира есімді бойжеткен осы жазда 18 жасқа толған. Тараздық аруды 12 жасында екі такси жүргізушісі зорлап кеткен екен.

"Олар мені көлік салонында зорлады. Сол істері үшін сотталып кетті. Содан соң, жасөспірім кезімде үйде көптеген ұрыс-керіс болып жүрді. Ал өгей әкем пайда болғаннан бастап мен үйден кетіп қала беретін болдым.
Алматыға келгеннен бастап менде жаңа достар пайда болды. Олардың біршамасы жеңіл жүрісті қыздар еді. Мен үйден кетіп қалып, әр түрлі жігіттермен ұйықтап жүрдім. Анам мен өгей әкем ұрыс-керістен соң маған қолдарын бір сілтеді", - дейді Назира.

Ару жөзекшелікпен ақша үшін емес, өз қызығушылықтары үшін айналысатынын мойындады.

"Менің отбасым бай да, кедей де емес. Анамның кішігірім кәсібі бар. Бірақ, маған да ақша тапқан ұнайды. Біз құрбыларымызбен сауналарды аралап, түрлі азаматтарға қызмет көрсететінбіз. Олардың кейбірінің жастары 50- ден асып кеткен еді. Бірақ, маған мұндай орындарға бару ұнамады. Мен шаршағанша жұмыс істемеймін, Қазір жасым 18-де, караокеде жүрмін. Бұл жаққа көп шетелдік азаматтар келеді, солар маған жетеді" , - деді ол.

Бойжеткен жөзекшелікпен айналысуды тоқтатпайтынын, бұл кәсіп оған ұнайтынын айтты.

"Караокеде өте қызық. Мұнда қыздар "шай" және "кофе" деп бөлінеді. "Шай" - көңіл-көтеріп, күліп-ойнап, бірге ішіп, қалжыңдасып отыратын қыздар болса, "кофе" азаматтарға интимді қызмет көрсететін арулар. Мен қазір "кофемін" және бұл ісім өзіме ұнайды", - дейді Назира.

Ал екінші ару Жібек 19 жасында әр елден достар тауып үлгерген. Олардың барлығы караоке-клубтағы "кофе" қызметінің арқсында екен.

"Караокеде көбіне беделді шетелдік азаматтарды жолықтыруға болады. Олар тәрбиелі және жомарт болып келеді. Біздің еркектерге мүлде жақындағым келмейді, сол үшін караокеде жұмыс істеймін. Онда көбіне Оңтүстік Корея, Қытай және Үндістан азаматтары келеді. Әрине, Еуропа мен АҚШ-тан келген еркектер де болады" , - дейді Жібек.

Жібек кей азаматтармен романтикалық қатынасты бастан өткергенін де айтты.

"Бір филиппиндік азамат маған ғашық болып қалды. Ол бірге тұратынымызды айтып, менің жағдайымды жасап жүрді. Ол, тіпті, мені ата-анасына жақсы қыз деп айтып, бізді таныстырмақ болды. Бірақ, мен мұғаліммен өмір сүргім келмеді. Сол үшін біз жарты жылдан соң айырылыстық. Мені ханшайымдай сыйлап тұратын басқа да азаматтар бар. Олардың қатарында қытайлық кәсіпкер болды. Жалпы, мен Қытай азаматтары өте жомарт екенін білдім", - деп баяндады ару.

Бойжеткен кәріс сериалдарын жақсы көргендіктен Оңтүстік Кореяға кеткісі келгенін айтты.

"Біз құрбымызбен бірге Оңтүстік Кореяға ақша табуға кеткіміз келеді. Сеулде караоке-клубтар мен барларда биші болып жұмыс істейтін арулар көп. Мен сонда өмір сүргім келеді" , -деп бөлісті Жібек.

Ал Анель есімді ару үшін көше мен қонақ үйге қарағанда караоке-клубтарда жұмыс істеген жақсырақ.

"Мен есірткіге елітіп, Сейфуллин көшесінің бойында немесе қонақүйлерде жұмыс істейтін қыздарды білемін. Солардың қасында караокеде жұмыс істеген әлдеқайда жақсы әрі қауіпсіз екенін білдім. Әрине, дұрыс емес іспен айналысып жүргенімді білемін. Алайда өз баламды асырау үшін осы әрекетке баруға мәжбүрмін. Ата-анам жөзекшелікпен айналысатынымды білмейді, олар мені даяршы болып жүр деп ойлайды. Мен жұмысымды тастап, жақсы жігіт кездестіріп, сонымен бірге өмір сүрсем деймін. Дұрыс жұмысқа орналассам деп те армандаймын. Бірақ, оған жөзекшелікпен айналысқанымды айтамын ба, жоқ па білмеймін. Мен тек шетелдік қонақтарға қызмет көрсеткендіктен, оған айтпасам да болатын шығар", -деді Анель.

Жалпы алғанда арулар басқа жұмыс болса, ауысуға дайын екендерін айтты. Алайда жоғары білімдері жоқ қыздар ыдыс жуушы немесе даяршы болғылары келмейтінін жеткізді.

"Мен еденді немесе біреудің киімін жуғым келмейді. Егер маған айына 1000 доллар төлейтін жұмыс берсе, мен кеңседе отыра берер ем. Бірақ, жоғары білім болмаған соң маған ондай айлық ешкім ұсынбайды. Ал ыдыс жумаймын. Жақсы демеуші немесе бай күйеу жігіт табамын деп ойлаймын" , - дейді Жібек. 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста