Ресейлік "Қауіпсіз интернет лигасының" директоры Екатерина Мизулина ТНТ телеарнасыран қорлайтын әзілдер үшін кешірім сұрауды талап етті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.
Ол өзінің телеграм-арнасында телеарнадан әзіл-сықақ бейнеролик, сондай-ақ оқырманының "студент Григорьева қазақ оқытушысына жыныстық қатынастың жоқтығына шағымданатын руссофобиялық қойылымға" байланысты тексеру жүргізуді сұрайтын хабарлама жариялады.
Мизулинаның өзі бұл видеоның ұлтаралық алауыздықты қоздыратынын және сонымен бірге күлкілі емес екенін атап өтті.
Кешірім сұраудан бөлек, "Қауіпсіз интернет лигасының" басшысы телеарнадан видеоны барлық ресурстардан жоюды талап етті. Ол ресейлік әйелдерді, мұғалімдерді, студенттерді және әртүрлі ұлт студенттерін қорлауды қамтиды деп санайды.
ТНТ-дан шағымдарға әлі түсініктеме немесе ресми реакция болған жоқ.