Қызылордада «Түлік-азық дүкені» бар

Намысың болса – жарнамаңды түзе!
«Алаш айнасы» мен «Бауыржан» қайырымдылық қорының бірлескен жобасы

Қазір жарнама дегенде жарғақ құлағымыз жастыққа тимейді. Кәсіп­кер жандар өз тауарын жарнамалайды. Бүгінгі күні оны жасаудың жолы көп. Солардың бірі – көше бойында көзге шалынатын жарнамалар екені бел­гілі. Мұндай көріністер Қызылорда қаласында да жиі кездеседі. Сырт­қа­ры жұрт қалың қазақ ұйысқан өңірде ана тілінің жағдайы жақсы деп бағалайды.
Расында, Сыр бойында тұратын жұрт­тың 95 пайыздан астамы жергілікті ұлт өкіл­дері болып табылады. Қала кө­ше­ле­рінде сөйлескен адамның барлығы дерлік қазақ тілінде тіл қататынын көреміз. Осы­ған қарамастан, тіл мәселесінде кейбір ке­лең­сіз жағдайлар кездесіп қалатыны тағы бар. Ерінбей-жалықпай қала көшелеріне шығып, билбордтар мен жарнамаға көз сала қалсаңыз, апыр-ай деп бас шай­қай­тын жағдайлар аз кездеспейді.
Әріге бармай-ақ қоялық, өзге ұлт өкіл­дері де жатқа білетін «гүл» сөзін дұрыс жаза алмай жүрген кәсіпкерлер баршылық. Байқағанымыз, бұған олардың тарапынан немқұрайды көзқарас бар секілді. Тіпті кәсіп­керлік нысанының иесі өзге ұлт өкілі бол­ғанның өзінде қазақ тіліндегі жар­на­маны қате жазуға ешкім құқық берген жоқ. Бұл жерде Қызылорда жұртшылығы тарапынан патриоттық, жанашырлық, ел­жан­дылық жетіспей жатыр ма деген де еріксіз ой­ға қаласың.
Сыр елінің бас ордасындағы орталық көшенің бірі – Абай даңғылы бойында орын тепкен гүл дүкенінде жазылған қатені «бұдан да өткен сорақыны көріп жатырмыз ғой» деп елемей кетуге де болар еді. Күн­делікті қолданыста жүрген кәдімгі қа­ра­пайым сөзді көз алдыңда қате жазып қой­ғандықтан, оған назар аудармасқа бол­­­­мады.
Осыған ұқсас жағдай Бөкейхан көшесі бойындағы «Гүлзира» ательесінде де орын алып отыр. Аталмыш тігін ательесінде ең­бек ететін қыз-келіншектердің барлығы – өзіміздің қаракөздер. Десе де, олар жоқ жерден қателікке бой алдырып, мекеменің атын «Гулзира» деп жазып қоюға ешбір қым­­сына қойған жоқ. Тігін ательесінің жұмыс жасап жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Өкінішке қарай, содан бері қазақтың Гүлзира деген есімі орысша бұр­маланып отыр. Қазақ десең, таяқтың бір ұшы осылай өзімізге тиеді.
Сондай-ақ қала көшелерін одан әрі аралай қалсаңыз, қаншама қате жазуларды көріп, еріксізден қынжылыс білдіруге тура келеді. Атап айтқанда, қаланың қақ орта­сын­да орналасқан «Жібек жолы» ойын-сауық орталығы бар. Оның төбесіндегі жа­зу­да орысша «Торгово-развлекательный центр» деп бадырайып тұр. Бұл жердің басшылары оны «Сауда, ойын-сауық ор­та­лығы» деп аударыпты. Осы жерде тәржіма дұрыс жасалмағаны байқалады. Қазақы тіл­мен айтсаңыз, ол «сауда және ойын-сауық орталығы» деп жазылуы тиіс емес пе?
Соған қоса, қазақтың әдемі есімдерін иеленген кейбір сауда орындары неге орыс­ша жазылатынын түсінбедік. Олардың қа­тарында «Алишер», «Айгерим», «Дау­лет», «Баянсулу» деген дүкен атауларын көргенде осындай жайбасар тірлігімізге жаның ашиды. Қаладағы Ғани Мұратбаев көшесінде орналасқан дүкеннің тақ­тай­шасына еріксіз көзім түсті. Онда «Түлік-азық дүкені» деп жазылған.
Жалпы, қоғамдық жерлерде тұратын жарнамалар қазақ және орыс тілдерінде жазылуы талап етіледі. Десе де, осы талап­қа немқұрайды қарайтын жұрт та аз емес. Мәселен, Бөкейхан көшесі бойындағы «Диана» әсемдік салонының алдында ілінген жарнамалық тақтада қазақ тілінде жазылған бірде-бір сөз жоқ. Бәлкім, салон иелері өздерінің қай мемлекет аума­ғын­да өмір сүріп жатқанын ұмытып кетсе ке­рек-ті. Әлгі дүниенің екі бетінде де «Стань уникальной» деген жазудан басқаны таппадық. Сонымен қатар Абай көшесі бойын­дағы «Гулнар тур» мекемесі де мем­лекеттік тілде жарнамалық мәтіндер жа­зу­ға мұрын шүйіре қарапты. «Сегунда Лом­бард» та бәріне түсінікті болсын деген бе, орысша шүлдірлеп, қазақша жазуды мүл­дем ескермеген.
Бексұлтан Жұмабеков, Қызылорда облыс­тық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы:
– Көшедегі көрнекі ақпараттардың, яғни маңдайша, жарнама, хабар­лан­ды­рулардың жазылуы тіл туралы заңнамаларға сәйкес болуы үшін, ең алдымен, кәсіпкерлік нысанның иесі, мекеменің басшысы «Қазақстан Рес­пуб­ликасы Тіл туралы» заңның талаптарын білуі тиіс. Осы заңның 21 бабы бойынша, маңдайша, ха­бар­лан­­дыру, жарнама, басқа да көр­некті ақпараттар мемлекеттік тілде және орыс тілінде, ал қажет болған жағ­дайда басқа да тілдерде жазылады делінген. Біз осы орайда кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Кейбірі түсінеді, кейбірі үндемей қала­ды. Қате жарнамаларды оларға ай­та­мыз. Бірақ біздің қолымызда оларға түр­лі шаралар қолдану мүмкіндігі жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста