Қызылорда облысы Шиелі ауданында құрбандыққа шалынған қойдың тілінен алтын жүзік шыққан. Бұл туралы kyzylorda-news.kz аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Әбдірахман Ыбыраев құрбан айт қарсаңында сәрсенбі базарынан мал алып, әкесінің үйінде құрбандыққа шалады.
Мал етінің үштен бірін және басын шаңыраққа алып қалып, қалғанын жоқ-жітіктерге таратып берген. Басын үйітіп болып, тісін қаққалы жатқанда күтпеген жағдайға тап болады. Қойдың тіліне алтын жүзік киіліп тұр екен. Тілдің ортасындағы ойыққа сіресіп қатып қалған.
«Шамасы қозы кезінде қолдан сүт берген-ау, әйтеуір, жабысқанына біраз уақыт болған. Бәлкім, алтын жүзік сол кезде саусақтан сырғып түсіп, тілге байланды ма екен, ол жағы бір жұмбақ», - дейді Ә.Ыбыраев.
"bnews.kz".