Қызылорда облысындағы Әйтек су торабы апатты жағдайда тұр

Сырдария өзені бойында орналасқан гидронысанның темір жақтаулары төмен сырғып, су асты бетон платформасы 6 метрге шөккен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар 12 арнайы техникамен күндіз-түні нысан басында. 2004 жылы 1,5 миллиард теңгеге салынған тораптың кепілдік мерзімі 20 жылға жетпей сыр берді. Секундына 700 текше метр су өткізетін гидроқұрылғы арқылы Жалағаш, Сырдария аудандарының егістігі суарылады. Сонымен қатар Еліктай, Соркөл және Әйтек каналдары толтырылады. Қазіргі таңда тоспа түгел құлап қалмауы үшін қабырғалары 13 тонна таспен бекітілді. Бірақ бұл уақытша қауіпсіздік шаралары болып саналады. Нысан толық жаңғыртылмай су түгел торапты шайып кетсе, 16 мың гектар алқап тіршілік нәрінен қағылады.

Хамит Биімбетов, «Қазсушар» РМК филиал директорының орынбасары:

- Жыл аяғына дейін сүңгуірлерден құралған жобалаушы топ өкілдері нысанды толық зерттеуден өткізеді. Келер жылдың сәуір айына дейін жобалық-сметалық құжаттары дайын болуы тиіс. Өйткені егіс алқаптарын суару кезеңінде құрылысты бастап, 6 айда аяқтауымыз қажет. Ұзындығы 58, ені 54 метрді құрайтын нысанда қазір төтенше жағдай жарияланды. Жөндеу жұмыстарына қажетті қаржы көлемі әзірге белгісіз.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста