Қызмет көрсету саласы ақсап тұр

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Зерттеулер қызмет көр­се­­ту саласы экономикада ке­­ле­ше­гі зор, жедел әрі қар­қын­ды да­мушы сала болып та­­былады дейді. Сондай-ақ өнеркәсібі да­мыған елдерде қызмет көрсету саласынан жал­пы ішкі өнімнің үштен екі бөлігі алынатын көрінеді. Демек, экономикалық мәні де маңызы да зор сектор. Алай­да оның елдегі ахуалы не­­шік? Саны бар да сапасы жоқ қызмет көрсету – бұл са­­ла­ның ақсап тұрғанының ай­ғағы.
Кейбір мәліметтер бүгінгі таңда отан­дық қызмет көрсету саласында жұмыспен қам­тылған халықтың саны 30 пайыздан ас­там деп отыр. Сонымен қатар бұл көр­сеткіш үне­мі өседі деген болжам да батыл ай­тылуда. «Өйткені өндірістің күрделенуі мен нарықтың тауарлармен толығуы қыз­мет көрсетуге сұра­нысты арттыра түседі» дей­ді ол зерт­теу­лер. Рас, қызмет көрсету түр­леніп келеді. Бі­рақ солардың сапасын бақылап, жіті қа­да­ғалап жатқан құзыретті ұйым жоқ. Соның сал­дарынан қызмет көр­се­ту саласының са­пасы елде әлі де төмен бо­лып тұр. Қызмет са­пасын қалт жібермей, сонымен қатар тұ­ты­ну­шылардың құқық қор­ғайтын «Тұ­ты­ну­шылардың құқығын қор­ғау туралы» Заң қолданысқа сирек шығады.
Деректер Қазақстанда қазір қызмет көр­­сету саласының өсу қарқыны және пай­да бол­ған жаңа қызмет түрлері бойынша, оның на­рық пен тұтынушылардың қажет­ті­­ліктеріне бейімделуі тұрғысынан кел­ген­де өндірістік са­ланы басып озғанын ай­та­ды. Десек те, қыз­­мет көрсету саласы ин­­­дустриалды дамы­ған елдердегі жағ­дай­мен салыстырғанда шаң қауып қа­ла­тыны да жоққа шығарыл­май­ды. Солай бола тұр­са да, соңғы он жыл­дық­та қызмет көрсету са­ласы экономиканың дербес секторына айналғанын мойындауға тиіс­піз. Бірақ көп жағдайда сын көтермейді.
Қызмет және мәдениет
Басқаны қайдам, дәл осы күні кез кел­ген адам қандай да бір қызмет көрсетумен ті­келей байланысты. «Себебі қызмет көр­сету саласына коммуналдық игілік те, бай­ланыс та, банктік бизнес те, көтерме және бө­л­шек сау­да да, көлік тасымалы да, сон­дай-ақ сақ­тан­­дыру, заңды, медициналық, білім беру қыз­меттері және т.б. жатады. Қыз­мет көрсету са­пасына мемлекет та­бысы да, фирма пай­дасы да, қолайлылық, тұтынушылардың қа­уіп­сіздігі де, әл-ауқаты да байланысты бо­ла­ды» дейді ғалымдар.
Америкада қызмет көрсету саласы өте жақ­­сы дамыған көрінеді. Бүгінде оған ауыл шаруашылығында барлық еңбекпен қам­тылғандарды есептемегенде, қалған 73% жұмыс орны келеді екен. Ал Герма­ния­да қыз­мет көрсету саласында – 41%, Ита­лияда 35% жұмыспен қамтылған. Әл-ауқаттың артуы, бос уақыттың көбеюі жә­не техникалық қызмет көрсетуді талап ете­тін тауарлардың күрделенуі Америка Құ­рама Штаттарын экономикалық қызмет көр­сететін әлемдегі бірінші елге ай­налдырыпты.
Қызмет және әдеп
Жалпы, елдегі қызмет көрсету сала­сы­ның өрі­сі кең. Қолда бар деректерге сү­йен­сек, 1991 жылы түрлі қызметтердің 900-ге жуық түрі анықталған екен. Ал қазір жаңа қызмет түрлерінің пайда болуымен және ақпараттық технологиялардың дамуымен бай­ланысты олардың саны күн санап өсу­де. Жаңа өндірістерді қалыптастыру есе­бі­нен на­рық­тық қызметтер қатарының кө­­беюі толық кө­лемде жүзеге асқан жоқ. Сол се­бептен де бо­лар қызмет көрсету са­ласында мә­де­ниет­тілік пен әдеп қалыс қа­лып отыр.
Мәселен, қарапайым мысал. Үйіңіздің есік-терезесін салдыруға тапсырыс бер­се­ңіз, оны мойнына алған компания те­ре­зе­сін қо­па­рып тастап, шашып-төгіп, бұр­қы­ра­тып жа­йына кетеді. Толық қаржысын тө­леп отыр­ған­нан кейін қызмет соған ла­йық деңгейде бо­луы шарт. Алайда ол кө­біне-көп ес­ке­ріл­мейді. Тұтынушының құқы со­лай үнемі тап­та­лады. Мұндай жағдай кабельдік те­ле­ви­дение, интернет орнату ісін­де де бар. Соған қа­рағанда, біздің ұйым-кәсіпорындар қыз­мет көрсетудің маркетингі мен ме­нед­ж­мен­тінен құрала­қан. Оған халықтың да қызмет көр­сету са­ла­сына қатысты сауатсыздығы және бар.
«Қызмет көрсету нарығын дамыту елдің эко­­номикалық өсімімен тығыз бай­ла­ныс­тығында» дейді мамандар. Қызмет көрсету са­ласындағы кәсіпорындарды дамытуға қолайлы жағдайлар туғызу, жал­пы, елдегі экономикаға оң әсерін тигізетінін де баса айтуда. Олай болса, бұл – ой­ла­на­тын мәселе.

Наталья ЛИСОВА, экономика ғылымының кандидаты:
 – Қызмет көрсету саласын дамыту қа­жеттілігі халықтық тұтыну құрылымында бір­шама қайта құруды талап етеді. Қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін түпкілікті жақ­сартуда соған сәйкес кәсіпорындар желісін кеңейту, қызмет көрсету көлемін арт­тыру, олардың жаңа түрлері мен фор­ма­ла­рын енгізу қажет. Сондай-ақ қызмет көр­сету саласында туындаған жайттарға жауап бе­рер­лік өз қызмет саласының са­рап­шы­лары жоқ. Эко­номикалық жағ­дай­лар, басқару те­тік­тері жайында терең бі­лімі бар, адам­дар­мен жұ­мыс істей алатын бі­лікті менед­жер­лер­дің болмауы да бұл са­ланың жетілмеуіне әке­ліп соғуда.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста