Қыздардың пәктігі жайлы қазіргі жастар не дейді?

Қыздардың пәктігі жайлы қазіргі жастар не дейді?

Астаналық жігіттер қыздардың пәктігіне аса мән бермейтін көрінеді. Айтуларынша, бұл көне дәстүр мен "ескінің қалдығы" екен. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Халқымызда қыздың намысы мен абыройына ерекше мән берілгенімен, кейінгі жылдары ер-адамдардан "көне дәстүр, оған көз жұма қарау керек" деген пікірді жиі естіп жүрміз. Мұндай пікірді әсіресе еліміздің солтүстігі мен шығысы, орталық аймақтарының жігіттері жиі алға тартатын көрінеді.

Осы орайда, "қыздардың пәктігіне" қатысты пікірлерін астаналық бозбалалардан біліп көрген едік. Олардың басым көпшілігі – қыздықты соңғы орынға қоятын ерлердің қатарынан болып шықты.

"Өте ыңғайсыз сұрақ екен. Қыздардың абыройы деген өздеріне ғана болмаса, қазір ешкімге керек болмай қалды ғой. Мысалы мен қыздардың пәктігіне қатты мән бермеймін.
Әрине солай екен деп, көшедегі біреуді үйге келін етіп түсірмеймін. Кісі танитын адам ата-анасына ибалы келін, өзіне жақсы жар таңдай алады деп ойлаймын.

Енді қыз емес екен деп, сүйген қызыңа қалай қосылмайсың?", - деп өз ойын ортаға салды есімін құпия сақтауды жөн көрген көкшетаулық жігіт.

Ал, елордадағы белді университеттердің бірінде білім алатын бір топ студент жігіттердің пікірлері әр түрлі болды.

Бірі "қазақы дәстүрді" жақтап жатса, енді бірі оған қарсы екенін ашып айтты.

"Оңтүстіктің жігіті болғандықтан осы ғұрыпты жақтап тұр деп ойламаңыздар. Бірақ кімге болса да абыройлы қыз керек емес пе?
Ертең сүйген жігітінің де, ата-анасының да, болашақ келін болып түсетін үйдің алдында беті ашық болады.

Иә, Астанада көп мән бермейді дегенді естіп таң қалғанмын. Бұл жақ кішкене орыстанған ғой, сондықтан солай шығар", - деді шымкенттік студент.
Ал, оның кей қатарластары болса оған қарсы пікірді ортаға салды.

"Мен де Таразданмын, нағыз қазақы отбасыдан шыққан жігітпін. Бірақ өзімнің жеке пікірім – қыздыққа қатты мән бермейтін. Ол тек қызды алмаудың немесе оны шын сүймегеннің белгісі болар", - деп қысқа қайырды бозбала.
Өзін «целиноградтық» деп таныстырған Санжар есімді азамат болса, "бұл дәстүр – ескінің қалдығы, қазір модада емес" деген пікірді айтып қалды.

"Ондай дәстүр қазір қайда бар? Сол баяғы Шымкент пен батыста ма? Оларда қыздық түгілі, келінге де әлі күнге дейін қатты қарайды.
Бізде олай емес, өзіңді сыйлап, ата-анаңа ұнаса болды емес пе? Мүмкін жас кезінде ағаттық жасап, алданып қалған шығар? Солай екен деп, сүйіктіңнен бас тартуға болмайды ғой.

Қысқасы – ескінің көлеңкесінен шығып, жаңаға қарай бет бұру керек. Қыздың пәктігі деген мәселе қазір модада емес", - деп кесіп айтты ол.

P.S. Ал сіздің ойыңызша бойжеткендердің пәктігіне баса мән берген жөн бе? 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста