«Қыз-келіншектер ақша үшін орана бастады»: мүфтият не дейді

«Қыз-келіншектер ақша үшін орана бастады»: мүфтият не дейді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти кеңесшісі Дүйсенбай Кенжетай «қыз-келіншектер ақша үшін жаппай хиджаб киеді» деген сөзді жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетейік, бұған дейін тележүргізуші Динара Сәтжан дәстүрлі қазақ исламын жақтайтынын айтып, «блогерлерге оранғаны үшін ақша ұсынылғанын естігенін» жазған еді. «Мені осы нәрсе шошытады» дейді Динара Сәтжан.

Осы айтылғанның мән-жайы бүгін ОКҚ алаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерінен сұралған.

«Орамал тарту әйел баласына балиғатқа жеткен парыз. «Орамал тартқызды» дегенді біз естіген жоқпыз. Бұл жаңсақ пікір. Ол пікірлерді шама келсе таратпауға кеңес береміз», - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти кеңесшісі Дүйсенбай Кенжетай.
ҚМДБ өкіліне сонымен қатар, оқушылардың хиджап киюі жайлы сұрақ қойылды.

«Фатуа.кз сайтында бұл мәселе айтылған. Мектеп оқушыларына біз әрдайым айтып келе жатырмыз. Балиғат жасына жеткен деген 15-16 жастан асқан деп айтылады кейбір жерлерде. Хиджап мәселесінде қатты тартыс жоқ деп мен айта аламын. Дегенмен, болашақта бұл мәселе тағы көтеріліп жататын болса, арнайы ҚМДБ-ның пәтуасын, ұстанымын толықтай қарап алуыңызға болады», - деді Дүйсенбай Кенжетай.

Ulysmedia.kz.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста