Қытайлар қазақ қызын әйелдікке алуды телеарналар арқылы насихаттай бастады.

Қытай жігіті қазақ қызын әйелдікке алып, дүркіретіп той жасады. Мына бейне-жазбаны көріп отырып, ханзулардың шектен шығып бара жатқанын аңғаруға болады. Олар Ардақ есімді қазақ қызының қытай жігітінің етегінен ұстағанын бүкіл арналары арқылы халқына көрсетіп, өз азаматтарын шекараға қаратып, “жұтындырып” қойды, деп жазады Abai.kz.
Мұндай сюжеттерді көрген әр ханзу азаматы “қазақ қызын әйел етуді” арман етері хақ. Бойы қысқа, көзі қысық қытай қызынан қазақтың аруы мың есе артық екенін айтпаса да түсінікті.

Қыз – көздің құрты. Әйелінен еркегі көп, “көзі қанталаған” ханзу азаматтары енді қазақ еліне ұрын келуді бұрынғыдан да үдете түсетіні анық.

Мұндай жымысқы саясаттың жүргізіліп жатқаны бүгін ғана емес. Осы жылдың басында ғана Қазақстандағы Қытай елшiсi Чжан Ханьхуэй журналистерге берген сұхбатында “қазақстандық қыздар қытайлық жiгiттердi өте қызықтырады” деп ашық мәлімдеген болатын.

Елші Қытайдан келiп, жергiлiктi қазақ қыздарына үйленiп жатқан жiгiттер аз емес екенін айта келіп: «Мұндай жағдайлар көп. Бұл қалыпты тәжiрибе. Мен мұндай некелердi құп көремiн. Ешкiмдi ешкiм шектемейдi. Қытайлық тараптан ешқандай кедергiлер жоқ. Бiрақ, әрине, екi жақтың да ниетi болуы керек», – деген-ді.

Мемлекеттік деңгейдегі дипломаттың ойын бүкпесіз жеткізіп, аралас некені насихаттауының өзі – саясат.

“Қыздың ары – ұлттың ары”. Қазақтың бір қызын өзге ұлт өкілінің өңгеріп кеткені – ұлттың ар-ұятының былғанғаны. Шындығын айтуымыз керек, күні кешеге дейін бабаларымыз қыздарын қызғыштай қорып, бетіне көлеңке түсірмей келді. Қытайдағы қандастарымыз “ханзуға тиген қызды әкесі атып тастапты” деген секілді түрлі аңыздарды ойлап тауып, қыздарын “тек-текпен” тізгіндеп отырды.Бұл – Хань әулетінің ұрпағы, яғни жұңго-қытай баласы, тап іргеңде ашық-шашық қазақ деген ел жатыр, қыздары сұлу екен, жат жұртқа сұраусыз ұзатыла береді екен, қарап жүрме, қамдан, «қатын алсаң – қазақтан алдың» ашық саясатын аңғартады, әрине!

Ардақтың күйеу тапқанына бүкіл қытайлар қуанып жатуы, қазақтың көңілі үшін қытай күйеуге қазақы тақия кигізе салудың жемісін олар он жыл өтпей-ақ жей бастайды. Ал, бізді мың жылдық азап күтіп отыр.

Не істемек керек? Ендігі сауал осы.

Шәріпхан Қайсар

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста