Қымыз іштің – МАИ-ға түстің...

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Рас, қымыздың қыздыратын қасиеті бар. Бірақ мамандар оны алкогольдік ішімдікке жатпайды дейді. Автокөлік жүргізушілері мен жол сақшыларының арасында қымызға қатысты «қырғын» әрдайым болып тұрады. Ал алкотестер қымыз не коньяк ішкеніңді дәл басып анықтап бере алмайды. Ол тек қандағы ішімдіктің мөлшері мен көрсеткішін ғана көрсетеді. Бір қызығы, қымыз ішкендерді тексеруден өткізгенде орта есеппен 3,5 пайыздық мөлшерді көрсетеді екен. Сондықтан да ұлттық сусынды абайлап ішуге тура келеді. Бірақ қымыздың да түр-түрі бар. Саумал қымызды емдік үшін ішсе, түнемел қымыз, құнан қымыз, дөнен қымыз, бесті, асау қымыз атты түрлері қыздыратыны анық. Арақ емес қой деп сіміріп салып, соның кесірінен құрыққа ілігіп жатады. Әрине, жалпыға ортақ заңға бәрі де бағынуы тиіс. Бірақ қоғамның пікірі екіге жарылып тұр бүгінде.
Бірі қымыз ішкендердің айыппұл төлеп, мастардың қа­та­рына жатқызылуына қарсы­лық білдірсе, енді бірі қымыз ішсе де рульге отыруға рұқсат бе­рілуі тиіс деп есептейді. Мәсе­лен, Ресейде квас, қымыз ішу­ге рұқсат берілген. Ол ар­найы «Жол жүру ережелері» ту­ралы Заңда бекітілген. Сон­дық­тан да қымыз ішіп қойдым деп қорықпай-ақ жолға шы­ғуына болады. Ал бізде ауылға барып, аңқасы кеуіп қымыз іш­кендер тұзаққа тұтылып жата­ды. Ресейдің мемлекеттік ду­масы жол жүру ережелеріне бір­қатар өзгертулер енгізген бо­ла­тын былтыр. Онда жүр­гізуші­нің 1 литр қанында 0,35 грамм алкоголь болса, ол заңбұзушылыққа жатпайды деп есептеледі. Бірақ мөлшер­ден асып кетіп, сылқия тойып алып, рульге отырғандарды заң басынан сипамайды. 30 мың рубль айыппұл төлетіп, 1,5 не екі жылға жүргізуші куә­лі­гінен айырады.
Технология дамымай тұр­ған­да «алқаш» жүргізушілерді анықтау үшін маишниктерге Мохов-Шинкаренко деп аталатын индикатор трубкалар мен тест-таяқшалар  көмек­те­се­тін. Трубканы үрлегенде, егер ішкен болса, онда тез ара­да түсін өзгертеді. Бірақ оның көмегі шамалы-тын. Кейде айран ішіп не сағыз шайна­са да түсін өзгертіп, талайларды тентек қылатын. Соның өзінде әлгі құрал жетіспейтін. Оған дейін жолполдықтар тек мұр­нына ғана сенетін. Оларға иіс­шіл болуға талап қойылатын. Сондықтан да әлем бойынша нақты нәтиже көрсететін құ­рал­ды ұзақ күтті. Жол полицей­лері стақанға үрлетіп, жол үсті­не бір сызық сызып қойып, со­ның үстімен жүргізіп әуре бо­лып жататын. Соған қарап мас не мас емес екендігін анық­тайтын.
Мұның бәрі де нақты да дәл нәти­же көрсетпейтін-ді. Жоғары технология қарыштап дамыған бүгінгі заманда алкометр мен ал­котестер көмекке келді. Жүргізу­шілердің суқаны сүймейтін құрылғы бүгінде қалтқысыз қызмет етіп келеді. Денсаулық сақтау министр­лігінде тіркеліп, лицензия берілген. Алкометрдің артық­шылықтары көп, мәселен, бірнеше адамды бірден тексеруден өткізе алады. Әрі нақты нәтиже көрсетеді. Басқа құрылғыларға қарағанда қымбат тұрады. Ал алкотестер болса қолжетімді. Өлшейтін датчигі бар. Ішкіш жүргізушілердің жауы десе де болады. Өнертапқыштар енді алкотестерге «детектор лжи»-ді қоспақшы. Алкометр қандағы ал­коголь­ды нақтылап береді. Ғасыр ғажайыбы дегізерліктей бұл құрылғыны өткен ғасырдың 30-жылдары америкалық Ролл Харгер ойлап тапқан. Алғашқы алкотестер керемет еді деп айтуға келмес.
Кейде қателесіп те жататын. Бірақ алғашқы алкотестерлердің атасы деуге болады. 80-жылдары электронды алкотес­терлер шықты. Бірақ ол тек медициналық мекемелерде, МАИ бөлімшелерінде ғана қойылды. Қолға түскен жүргізушілерді сонда апару керек болатын. Кіші дәреті бойынша тексеретін кездер де болған. Бұл екі жаққа да өте ыңғайсыз болатын. 2000 жылдары әбден жетілдірілген өте қымбат бағалы алкотестер ендірілді. Жоғары есептегішті электрохимиялық сенсор­лармен жарақтандырылған. Содан бері жолполдықтардың жұмысы жеңілдеді десе де болады. Бұл өз кезегінде жол апат­тарының алдын алуға көп септігін тигізіп жатқаны сөзсіз. Әйтпегенде 100 грамды жұтып алып жүйткитін жүргізушілердің қатары көбейері анық еді... Жол ережелері туралы Вена конвенциясына Ресей 1968 жылы қосылған болатын. Сондағы эндогенді алкоголь нормасына сай қандағы алкоголь көлемі 0,5 және 0,25 миллиграмм литрде шығарылған ауаға сай болуы тиіс. Бірақ 2009 жылы экс-президент Д.Медведев ресейлік жүргізушілерді алкогольды аз мөлшерде де тұтынуға дайын емес деп есептейтінін айтқан-ды. Бұрынғы алкотестерлер ішімдіктің бар екенін көрсеткенімен, қанша мөлшерде ішкенін нақты көрсетіп бере алмайтын. Сол сияқты қымыз не коньяк ішкенін де айырып бере алмайды. Бүгінгі жетілдірілген құрылғылар мөлшерін дәлдеп көрсетіп береді. Біздің еліміз де Жол ережелері туралы Вена конвенциясына 1968 жылы қосылды. Соған сай жетілдірілген заңдарымыз да жетерлік. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 3,4-бөлімімен жеңіл, орташа, ауыр мастық күйде болу, нарко­тикалық, токсикологиялық мас күйінде болған жағдайда әкімшілік жауапкер­шілікке тартады. Жолпол­дықтардың өзі квас пен қымыз ішкен жағдайда да алкометр алькогольдық мөлшерді көрсетіп беретінін айтады. Наркологтер мұндай жағдайда жеңіл мастық күйде деп диагноз қояды. Бірақ қандай жағдай болғанда да алкогольсыз сыраны да ішпеуге кеңес береді. Сол сияқты қымыздан да рульге отырар кезде бас тартқан дұрыс болатынын айтады. Егер қымыз ішіп, құрыққа түссе, наркологтердің шешімімен келіспеген жағдайда қайтадан тексеруден өтуге құқығы бар. Мұндай жағдайда «Азамат­тарды алкогольды немесе наркологиялық мастық күйде болған жағдайда меди­циналық тексеруден өткізудің инструк­циясы» туралы Заңнан хабары болуы керек. Азаматтардың ішімдік ішкені немесе нашақорлық жағдайын анықтауды меди­циналық куәландыратын тәртіп туралы ережеге сай куәландыру нәтижесі алынған сәттен бастап екі сағат ішінде күшке ие. Мұны да естен шығар­маған жөн. Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Жол полициясы басқармасының сайтына №1753 нөмірмен Илья есімді азамат: «Қымыз ішкен едім, МАИ ұстап алып экспертизаға апарды, ондағылар «жеңіл мастық күйде» деп жазып берді. Протокол толтырылды. Жүргізуші куәлігімді алып қойды, автокөлігімді айып тұрағына жөнелтті. Енді жүргізушілік куәлігімнен айыра ма?» – деп сұрақ қойыпты. Ал жол­полдықтар «сізді ҚР жол ережелеріне сай екі жылға жүргізуші куәлігінен айы­рады» деп жауап берген. Иә, қымыз­дың қыз­дыратын қасиеті барын білмейтін біреулер үшін – алтын сырға. Екі арадағы дауға нүкте қою үшін қымыз ішуге рұқсат беру керек пе әлде өнертап­қыштарымыз қандағы алкоголь мөлшерін ғана көрсетіп қоймай, қандай ішімдік ішкенін, мәселен, коньяк немесе қымыз ішкенін айырып беретін құрылғы жасап шығарар ма екен?!..
Ғалымжан ІЗБАСАРОВ, көлік жүргізуші:
 – Жол жүру ережелері жылдан-жылға қатаңдатылып жатыр. Қауіпсіздік белдігіне қатысты, рульде отырып ұялы телефонмен сөйлесуге қатысты ережелер кейінгі жылдары ғана енгізілді. Негізінде, бұл дұрыс та. Сол сияқты қымыз ішіп көлік басқаруды өз басым құптамаймын. Алкогольдың қатарына жатқызбағанымен, бәрібір өте уытты, ашытылған қымыздың кейде арақтан кем түспейтіндері бар. Аптап ыстықта мұздай қымызды сіміріп салсаңыз, денені босаңсытып, ұйықта­татын қасиеті де бар екенін көпшілік біледі. Сондықтан қандай да бір жол-көлік оқиғасының орын алмауы үшін қымыздан бас тартқан дұрыс.

Нұрғали ӘБЗЕЛБЕКТЕГІ, Жамбыл облыстық ІІД Жол полициясының инспекторы:
 – Кейбір жүргізушілер сыра мен қымызды араластырып ішеді де, «тек қымыз ішіп едім» деп ақталып, құтылып кеткісі келеді. Қалай болғанда да заң бәріне ортақ. Құрылғы құрамында алкогольдық ішімдіктің мөлшерін нақтылап көрсетіп берген соң, әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста