"Құтырғаннан" құтыла аламыз ба?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фотолар)

Адамзатқа қатер төндіретін қауіпті аурулардың бірі құтыру дерті әсіресе оңтүстік өңірге тән «құбылыстардың» бірі ме деп қаласың. Жыл сайын қаншама адам осы қатерлі дерттің құрығына ілігуде. Алдын алу шаралары жүргізілмей жатыр деп жылануға жарамас. Жыл сайын қауіпті ошақ болып табылатын қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, көзін жоюға қазына қазанынан қыруар қаржы бөлінеді. Былтыр осы проблеманы шешу үшін қалалық бюджеттен 29 миллион теңге бөлінген. Аз ақша емес. Иесіз, қаңғып жүрген қауіпті иттерді түп-тұқиянымен құртып жіберуге жетіп артылатын-ақ сома. Алайда азайып кеткен ит көрінбейді, қайта көбеймесе. Ит аулаушыларды айлап емес, жылдап көрмедік дейтіндер көп. Қаланың шеткі аймақтары түгілі қала орталығының өзінде қаптап қаңғып жүрген ит көп. Көпқабатты тұрғын үйдің иелері тиісті мекемелерге шағымданғанмен қайран жоқ. Қайта қаңғыбас ит атаулы «демографиялық дүмпу» жасап жатқандай. Ит атқыштарды «Алаш айнасының» тілшісі де іздеп көрген еді.
Екпе салынбаған, иесіз қаңғып жүрген ит атаулыдан келер қауіп көп әрине. Былтырғы жылы  Сайрам ауданындағы Көмешбұлақ ауылында өрімдей жас өскін өмірден өтті. Досының үйіне барам деп шыққанында көшеде ит қауып алған. Оған мән бермей жүре берсе керек. Ақыры құтыру деген диагноз қойылып жап-жас бала бақилық болды. Қаралы хабардан кейін қаланың әр аумағындағы тұрғындар қаңғыбас иттерден қорқып отырғандарын айтып тиісті бөлімдердің телефондарына маза бермей жатқан көрінеді. Әрине, мектепке баратын балалары үшін қорқатындай-ақ жағдай. Көше толы қаптап жүрген қаңғыбас ит болса. Әсіресе Тассай ауылының тұрғындары ит атқыштардың мұнда ат ізін салмағанына бірнеше жыл өткенін айтады. Нәтижесі: көше толы қаңғыған ит. Тек көпқабатты үйлерден ғана тұратын «Күншығыс» ықшамауданының тұрғындары да әбден зәрезап болған. Қаланың екінші бір қиырында жатқан Қазығұрт ықшамауданында да осы кеп.

Ит қапқаннан зардап шеккендер мұнда да жетерлік. Былтырғы жылы қалада 1 175 адамды ит қапқан. Олардың дені көшеде иесіз жүрген иттерден зардап шеккен. Абырой болғанда бәрі де дер кезінде ем-дом алған. Қала бойынша иесіз иттерді аулаумен 6 бригада айналысады. Олардың барлығы да қоян-қолтық жұмыс істесе қалада бейсауат «қыдырып» жүретін төрт аяқты қалмауы тиіс. Алайда олардың көзін жоюға жұмыла кірісу шарасы кейінге қалдырылып тұрған сыңайлы. Әлде көктемді күтіп жүр ме белгісіз... Былтырғы жылы облыста қаңғыбас иттерді аулаудың ережесі әлі бекітілген жоқ деген сыңайда шу шыққан болатын. Сөйтсек ит атудың да өзіндік заң-зәкүндері болады екен.  Майда-шүйде мәселе болып көрінгенімен, ит атуға да арнайы құжат бекітілуі тиіс екен. Аталмыш құжатты мәслихатта мақұлдағанымен, Әділет департаментінің мөрі жетіспей  біраз уақытқа созған... Қаңғыбас иттерді жою үшін арнайы бригадалар басынан бақайшағына дейін қаруландырылған. Яғни, заманауи дыбыссыз қарулар мен ұйықтататын дәрілермен толық жабдықталған. Былтыр 11 мың ит пен мысық жойылған. Алайда  қалада қаптаған иттерге қарап азайды деп айтуға әлі ертерек сияқты.
Ғани Құрманбай, Шымкент қалалық ветеринария бөлімінің бастығы:
–Арнайы бригадалар ресейлік қарулармен жарақтандырылған. Қоршаған ортаға қаупі аз. «Қала аңшылары» бір күнде 50-дей ит-мысықты аулайды. Атылған әрбір қаңғыбас итке 750 теңгеден төленеді.

Ит пен мысықтың да «құқығы» бар...
Шымкент қалалық мәслихатының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы шешіміне сай, үй жануарларын ұстаудың қағидасы бекітілді. Қала тарихында бұрын соңды мұндай ереже болмаған. Шымкент қаласында жануарларды ит, мысықтарды ұстау қағидасы бойынша: жануарларды беру, сату, сатып алу, сонымен қатар қалада алып жүру, олардың құтыруға қарсы егілген белгісі бар ветеринариялық төлқұжаты болған жағдайда рұқсат етіледі. Есепке алынбаған, егуден өтпеген жануарларды ұстауға, көп пәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында, балалар ойнайтын алаңшаларда  және көпшілік шаралар өткізілетін жерлерде  иттерді тұмылдырықсыз серуендетуге тиым салынады делінген. Соған сәйкес ережені бұзған азаматтар учаскелік полицейлер не ветеринар инспекторлар тарапынан әкімшілік шараға тартылатын болады. Бұдан басқа да толып жатқан тиымдары жетерлік. Алайда айналаңызға қараңызшы, тұмылдырықсыз өріп жүрген ит, аула толы мысық. Сонда ереже кімге арналған?..
Маман жеткілікті, тұрғындардың сауаты төмен...
Ғылымда рабиология саласы травматологияның бір тармағы ретінде қарастырылады. 18 ғасырға дейін қауіпті аурудан сақтанудың құпиясы белгісіз болып келді. 1885 жылы Луи Пастер құтыруға қарсы вакцина ойлап тапты. Сол арқылы ит тістеп алған баланы аман алып қалуға мүмкіндік туған болатын. Адамзат алдында тұрған жұмбағы көп аурудың алдын алуға осылайша француз ғалымы өлшеусіз үлес қосқан болатын. Ғылымға қосылған сүбелі үлесті Ресей ілгері дамытып алып кетті. Франциядан кейін осы елде вакцинаны кеңінен қолдану қолға алынған болатын. Соған қарамастан адамдардың салғырттығынан құтыру дертінен көз жұмып жатқандар аз емес. Жыл сайын жүздеген адам осы қауіпті аурудан көз жұмады. Соңғы жылдары ғалымдар бұл аурудың алдын алу үшін аянбай тер төгіп, ғылыми жаңалықтар ашуда... Құтыру вирусы тістелген аймақта көп тұрмай бас миына шабады. Оның денеге таралуы біраз уақыт жабық жағдайда өтеді. Яғни, білінбейді. Оның ұзақтығы 14  күннен 3 айға созылуы мүмкін. Көбіне адамдар ит тістеуінен қауіпке душар болып жатады. Тіпті мал терісінен де жұқтыру қаупі бар. Көбіне ауыл тұрғындары ұшырап жатады. Статистика бойынша вирус жұқтырғандардың 3 пайызы дер кезінде жасалған емнің өзінде көз жұматынын көрсетіп отыр. Жыл сайын ТМД елдері бойынша ит қапқан 440 мыңнан астам адам шағымданады екен. Көбіне Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан, Украина, Молдовада көп кездеседі. Осы аймақтар «құтыру дертінің ошағы» болып саналады. Ең қауіптісі Оңтүстік Қазақстан облысы болып саналады. Мұнда соңғы он жылдықта құтырудан  27 адам, 2006 жылы 3 адам қайтыс болса, өткен жылы 5 адам ажал құшты.
Үсен Даутов, Оңтүстік Қазақстан облысының бас рабиологы:
– Осыдан 15 жыл бұрын дәрігерлердің рабиологиядан хабары аз еді. Бүгінде ғылыми жаңалықтарды қалт жібермей, дәрігерлердің біліктілігін артыруға күш салып жатырмыз. Облыста рабиологиялық орталық ашылды. Маман жетіспеушілігі жоқ. Рабиологтың жұмысын кез-келген хирург, травматолог атқара береді. Қауіптелген адамға 15 мың теңге көлеміндегі дәрі-дәрмек жұмсалады. Орталық дәрімен жеткілікті түрде қамтамасыз етілген. Ол жағынан проблема жоқ. Басты проблемамыз тұрғындардың құтыру дерті туралы мағлұматы аз. Бүгінде кез-келген аурухана, емханада құтыру дертінен қалай сақтану туралы тақтайшалар ілінулі тұрады. Оқымайды ма, әлде мән бермей ме, ит қапқан жағдайда да дәрігерге қаралмай жүре беретіндер көп. Ақырында орны толмас өкінішке ұрынып жатады. Сондықтан да халықтың медициналық сауатын көтеру керек...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста