Құлшықай мен Арқайымды қашан аршып аламыз?

Құлшықай мен Арқайымды қашан аршып аламыз?

 

Қостанай облысында тамыры тереңге кететін көне қорған табылды. Археолог мамандардың айтуынша, енді сәл кешіккенде биіктігі – 3, диаметрі 34 метрлік қола дәуіріне жататын қорғаннан мүлде айырылып қалғандай екенбіз.

Былтыр күзде балықшылар ескерткіштерді қорғау инспекциясына хабарласып, Қаратомар су қоймасының жағалауындағы «Горняк» пансионаты аумағында қыштан жасалған ыдыстардың сынықтары, сүйектер, көне дәуірге жататын темір бұйымдары жиі табылатынын хабарлайды. Тарихшылардың тілімен айтқанда, артефакт бұйымдарға қатысты бұл ақпарат түсісімен аталмыш инспекция, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай Мемлекеттік университетінің археологиялық зертханасының қызметкерлері бәрі бірігіп, жедел жолға жиналады.

– Шынымды айтсам, дәл осындай аумақты алып жатқан, сонау қола дәуірінен сыр шертетін мұндай байлықты бұрын-соңды бұл өңірден кездестірген емеспіз. Өкінішке қарай, биіктігі – 3, диаметрі 34 метр болатын көне қорған су шайып, әбден құрып бітуге шақ қалыпты. Сәл кешіксек, соның өзінен де айырылып қалатын болғандықтан жаз кезінде археологиялық зертхана қызметкерлері мен университет студенттері сол жерге аттандық, – дейді ҚМУ-нің археологиялық зертханасының ғылыми қызметкері Ирина Шевнина.

410

Табылғанымен, су табанында қалған көне қорғанды қазу, оны қалпына келтіру өте қиынға түскенге ұқсайды. Етік киіп, су кешіп жүріп тапқан кейбір жәдігерлердің тозғаны сонша – үгіліп те қалып жатыпты.

– Кей заттардың сақталуына бір есептен судың да септігі тиген. Темір бұйымдар жартылай тотқа оранса, жүздеген жылдар бойы қамыстың орауында қалған тері, ағаш және матадан жасалған көне заттар қалпын жоғалтпапты. Андронов дәуіріне жататын заттардың жақсы сақталғаны сонша – қолға ұстап тұрып, кей бұйымдардың ақ қайыңнан жасалғанын айыруға болады. Тіпті бір жерде жаңғақ шағып отырған тиіннің сүйегі сап-сау күйінде сақталған. Өткен дәуірден сыр шертетін көне бұйымдардың дені, өзіміз шартты түрде «Халвай – 3» деп атаған жерден табылды, – дейді Ирина Шевнина.

Археолог мамандар осы жолғы «олжаның» орны бөлектігін айтады. Себебі дәл осы жерден б. э. дейінгі 1-ші мыңжылдық пен б.э. 1-ші мыңжылдығын қамтитын, көне темір дәуірін қамтитын 10-ға тарта сармат қорымдарынан адамның бас сүйегі мен садақтың сынықтарын тапқан олар үшін андронов мәдениетінің жаңа бір қырын ашатын артефакт сақталған бұл қорған қаузай түсуді қажет ететін «қазына» болып отыр. Ғалымдар осыдан төрт мың жыл бұрынғы тіршіліктің тылсым сырын ашатын балшықтан жасалған ыдыстардың, бұрын ешбір жерде кездеспеген әшекей бұйымдардың, тастан қашалған жебе ұштарының, қола тиындардың бүгінгі ғылым үшін үлкен жаңалық екеніне еш күмән келтірмейді.

– Бұл бұйымдардың барлығы да біздің бүгінге дейін айтып, жазып келген тарих және көне дәуір туралы мәліметтерімізге су жаңа деректер қосары анық. Бірақ қолдың қысқалығы мен мүмкіндіктің аздығына орай тапқан олжаның бәрін түгел зерттеп біте алмай отырмыз. Бұл заттардың бәрі кейін облыстық тарихи-өлкетану мұражайына тапсырылады. Тағы бір пайдасы, қызығушылар үшін бұл жаңа заманауи зерттеудің ордасына әрі алыс-жақын шетелден келетін қонақтарды тартудың тиімді туристік көзіне айналуы да әбден мүмкін, – дейді зертхана өкілдері.

58

Алайда өңірдегі тарихшы ғалымдардың айтуынша, Тобыл төсінен егер қажетті қаражат бөлініп, тиісті жұмыс жүйелі жолға қойылса, төрткүл әлем көзін тігетін кереметтерді табуға болады.

Аманжол Күзембайұлы, тарих ғылымының докторы:
– Әрине, қола дәуіріне қатысты деректердің табылып жатқаны біз үшін де қуанышты жағдай. Оны кезінде көрнекті ғалым Әлкей Марғұлан Орталық Қазақстан аумағынан ашқан болатын. Жалпы, Қостанай өңірінің қола дәуірдің бесігі екенін ХХ ғасырдың 30-жылдары Ленинград ғалымдары айтқан болатын. Бізге дәл қазір Меңдіқарада Едіге секілді ортағасырлық қалалардың орнын табу анағұрлым маңыздырақ. Айталық, қола дәуірінің бастапқы кезеңі, сымтасты мәдениетінен сыр шертетін Арқайым, Құлшықай сынды қыруар қазынаны қойнауына бүккен ежелгі қалаларды ашу керек. Тобылдың екі жағалауы мен мына Обағанның бойы ежелгі адамдардың қонысы, тұнып тұрған байлық. Осынша тарихи мұраны ашып, аспан асты мұражайын жасасақ, туризмнің тың тынысын ашқан болар едік. Алайда «жомарттың қолын жоқ байлайды» демекші, ақшаның жоғы аяғымызды тұсап отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста