"Құл көреді": Жамбылдық тергеушілер бастықтарының әрекетіне шағымданды

"Құл көреді": Жамбылдық тергеушілер бастықтарының әрекетіне шағымданды

Айтуларынша, бастықтар тіпті қылмыстық істер бойынша оң шешім шығару үшін күдіктілермен "келісуге" мәжбүрлейді екен, деп хабарлайды Экспресс К.

 

©ЭК/Нұржан МЕРГЕНБАЙ

 

Үш парақ қағазға жазылған шағымда 8 мәселе аталып көрсетілген. Алайда, шағымданушылар аты-жөндерін көрсетуден қашып отыр, себебі қудалаудан қорқады. Наразы топ департамент басшысының орынбасары Дәурен Мамытов пен тергеу басқармасы бастығының орынбасары Самат Исабековтердің іс-әрекеттерінен зәбір көріп отырғандарын айтады. Шағымда көрсетілгендей, осы екі лауазым иесі тергеушілердің нәтижелі жұмыс істеуіне кедергі келтіріп отыр. Басшылық тәжірибелі мамандардың ақыл-кеңесіне құлақ аспайды. Әріптестердің көзінше балағаттап, ар-намысына тиеді екен.

 

Тіпті қол астындағы мамандарға өндірістегі қылмыстық істерді жылы жауып, оң шешім шығару үшін іске қатысы бар азаматтармен "келісуге" бұйырады — делінген шағымда.

 

Дәл қазір департамент ұжымында ауызбіршілік жоқ екен. Қызметкерлер өзара "Алматылық" және "Тараздық" болып екі топқа бөлінген. Басшылықпен бірге қызметке келген мамандар қателік жіберсе, ешқандай жауапкершілікке тартылмайтын көрінеді. Ал өзге қызметкерлер шалыс басқан жағдайда, сол сәтте жұмыстан қуылады екен.

 

 

Мамытов пен Исабековке қарай сөйлеуден қалдық. Кез-келген жағдайда "Орныңды босат!" деп талап етеді. Сенбі-жексенбі, жылдағы еңбек демалысы дегенді ұмыттық. Жұмыстан кеш шығамыз, аптасына жеті күн орнымызда болуды талап етеді, — дейді шағымданушылар.

 

Сондай-ақ, бұрын сыбайлас жемқорлық бабымен істі болған азамат департаменттің басшылық құрамына кірген екен. Шағымданушы топ осы және арызда көрсетілген басқа да мәселелердің ақ-қарасын ажыратып, кешенді тексеру жүргізу қажет дейді. Бұл өтініштерін олар ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне жолдамақшы.

 

Жергілікті департамент басшылығы болса мұндай шағымның бар екенін бізден естігендіктерін айтады. Барлық сұрақтарға тиісті жауап беріледі, алайда ол үшін біршама уақыт керек екенін айтты. Департаментке заңға сай сұраныс хат жолданды.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста