Қосағаш қазақтары демографиялық өсімі жағынан Ресейде бірінші орында тұр

Алтай Республикасының Қосағаш ауданындағы қазақтардың ауызбіршілігі мен ұлттық салт-дәстүрді сақтауға деген ұмтылысы бүгінде Ресейге ғана емес, Қазақстанға да әйгілі бола бастады. Оған Қосағаш ауданының имамы Сержан қажы Сватовпен болған сұхбатта да көзіміз анық жетті.

– Сержан Мәжетқанұлы, Қосағашта туғаныңызбен Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған кезде алғашқылардың бірі болып елге оралған едіңіз. Кіндік қаныңыз тамған Қосағаш ауылына қайта оралуыңызға не түрткі болды?
– Оныңыз рас, 1994 жылы осы ауылдан Қазақстанға көшіп кеткем.
Онда Текелі қаласының бас имамы болдым. Бірде осындағы туыс-туғанға келген бір сапарымда, қонақта отырған кезімде аудан әкімі Әуелхан аға дінімізді көтеру үшін қайтып келсеңші деген еді. Кейін сол кездегі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Әбсаттар қажыға өтініш жіберіп, сұрап алды. 2004 жылы құрылтайда жамағат қолдау білдіріп, имам етіп сайлаған болатын. 10 жылдың ішінде бірқатар іс-шараларды жүзеге асырдық. Бұрын дін адамдарын жұртшылық қауым негізінен той-томалақта ғана іздеп келсе, соңғы жылдары отбасын құрған жастардың шариғат жолымен некесін қию және дүниеге келген нәрестеге азан шақырып ат қою қайта жандана бастады.
Қосағаштың орнағанына 200 жылдан асты. Негізінен қазақтар орналасқан бұл жерде. Ауыл атауы осында өсіп тұрған қос ағаштан шыққан көрінеді. Ауданда 17 мың халық болса соның 11 мыңы қазақ. Қазақтардың барлығы соңғы жылдары аудан орталығына орналасып жатыр. Соның нәтижесінде мұнда жаңа ықшам аудандар бой көтеруде.
– Дүние есігін ашқан әрбір адамның өмірінде оның азан шақырып қоятын есімінің де маңызды рөл атқаратыны бүгінде барша жұртқа әйгілі нәрсе. Сол себепті Алтайдағы қазақтардың өз балаларына ат қою рәсімінде қазір қандай да бір өзгеріс бар ма?
– Жастар қазір көбіне-көп өз балаларына мұсылманша есімдерді қойып жатыр. Бұрын азаматтық хал актілерін тіркеу орнының басшылығында алтай ұлтының өкілі отырған еді. Қазір оны қазақ азаматы ауыстырған болатын. Абдолла, Саид секілді сахабалардың аттары көп қойылып жатқанын балаларға туу туралы куәлік беретін орында істейтін мемлекеттік қызметкерлер де таңырқап айтып отыр.
Ауданда әр отбасында қазір орта есеппен 3 баладан бар. Бұрын бұдан да аздау болған. Мемлекет тарапынан екінші баладан кейін өмірге келген әрбір сәбиге 400 мың рубль көлемінде жәрдемақы берілетіне қарамастан Қосағаш ауданы қазір демографиялық өсім жағынан бүкіл Ресей бойынша бірінші орында тұр.
– Аралас некенің үлесінде өсім байқала ма?
– Аралас неке бар. Бұл үрдіс Алтайда жүріп жатыр. Алтай ұлтынан әйел алған қазақ азаматтары бізде бар. Бірақ олар көп емес.
– Ауданда қанша мешіт бар?
– Қосағаш, Жаңа ауыл, Төбелер, Қошанты, Жазатыр ауылдарында 5 мешіт, 1 намазхана бар. Ал Алтай өңірінде жалпы 8 мешіт бар. Мәселен Жаңа ауыл мен Төбелер толық қазақ ауылдары болса, аудан орталығы Қосағаш тұрғындарының 70 пайызы қазақтар. Қазір мешітке жастар көп барады. Жұма намазда Қосағашта 200-ден астам, ал өзге ауылдарда 50 шақты адам жиналады.
– Өзге ұлт өңірлері арасында мұсылман дінін қабылдаушылар бар ма? Әртүрлі діни сенімдегі адамдардың арасында қандай да бір түсінбеушіліктер кездесе ме?
– Алтайлықтар мен орыстар арасында мұсылмандықты қабылдаушылар бар. Бізде мешіт жанында медресе жұмыс жасайды. Онда дін негіздерін оқып-үйрену үшін жазғы уақытта 50 шақты шәкірт келеді.
Жалпы бұл өңірде діни сенім жағынан мұсылман мен христиан діндерінен бөлек Иегова күәгерлері мен тәңіршілдікті ұстанатын алтайлықтар өмір сүреді. Жол бойынан үйілген тастарды және жыртылған мата байланған ағаштарды өздеріңіз де байқаған шығарсыздар. Бұл алтайлықтардың салттық ғұрыптары.
Азаматтық құқы бойынша ешкімнің бір-бірін діни сенімі жағынан алалауға қақы жоқ. Сол себепті олардың арасында қандай да бір түсінбеушілік орын алады деуге ешқандай негіз жоқ.
– Сіздер Алтай мұсылмандары діни басқармасына қарайсыздар ма?
– Алтай болғанда, біз негізі Мәскеуге қараймыз. Ресей мұсылмандарының Азиялық бөлігі діни басқармасының бөлімшесі бар. Бізде әр өңірде мүфтиаттар құра береді ғой. Қазір Алтай Республикасында да мұсылмандар өз мүфтиатымызды құрсақ деген ниеттері бар.
– Имамдар жалақы ала ма?
– Тексеру комиссиясы арқылы мешітке садақадан түскен қаржыдан имамдарға жалақы төленеді. Бұл жұмыс бізде 10 жыл бұрын қолға алынып, имам мен төрағаның қызметі ажыратылған.
– Жастардың діни жоғары білім алуға қызығушылығы қандай? Соңғы жылдары Қазақстанда да, Ресейде де дін қызметкерлерін өз елімізде тәрбиелейік деген мәселе көтеріліп, олар заң жүзінде бекітіліп жатыр.
– Ресейде де бұл туралы арнайы заң қабылданғалы жатыр. Әрине оны біз қолдаймыз. Бұған дейін жастар қандай да бір елге діни білім алуға кетіп бара жатқанда бізге айтып кететін. Соңғы жылдары Түркиямен байланыс орнатып, биыл 5 имамды 2 айға Құран курсына жібердік.
Жалпы Қазақстан мен Түркиядағы діни оқу оқу орнын бітіргендермен ешқандай да мәселе туындап отырған жоқ. Тек Египетте оқығандармен кішкене келіспеушіліктер боп қалады. Жамағаттың ішінде бір-бірімен айтысып қалатындар бар. Бірақ Қазақстандағыдай қатты емес. Біз бәріміз бірге өскен соң оларға қойсаңшы деп қатты айта аламыз. Ал бұл дінге қайшы деп зират бүлдіру оқиғалары бізде мүлде жоқ. Қазір жастар дінді өздері қолға алып жатыр. Дінге деген халықтың көзқарас дұрыс.
– Әрдайым солай болсын. Сізге де рахмет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста