Қолдан әулие жасау тарихқа қиянат емес пе?

Қолдан әулие жасау тарихқа қиянат емес пе?

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы Ақжайық ауылына жақындағанда жолдың сол жақ бетінде жергілікті жұрт «Мыңбай ата» деп атайтын үлкен қорым бар. Білетін адамдар сол тұста көлігін сәл кідіртіп, білгенін оқып, бет сипап өтеді.

Жақында сол қауымға арнайы бұрылдық. Жол жиегіндегі теректердің арасынан өтіп, шағын төбешікке көтерілгенде, көп құлпытас алдымыздан шықты. Бұл жер – үлкен қауым екен. Көне араб әрпімен, қадимше жазылған, қазір көпшілігін қына басқан құлпытастардың бетінде оқи білген адамға талай тарих жатыр.

«Кердері руғы, Құлтай тайфасы...» – мұндағы көптеген құлпытастың жазуы осылай басталады. Көпшілігінің мерзімі – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысы. Қазір «орыстілді аудан» атанған Теректі өңірінің ертеректе тұтас қазақы ел болғанын, жұбын жазбай отырғанын аңызға ұқсас әңгімелерден де, архив деректерінен де, осы бір жансыз құлпытастардан да аңғаруға болады. Өкініштісі сол, осыдан 150-180 жыл бұрын ғана жазылған тастағы таңбаны бүгінгі ұрпақ ежіктеп те оқи алмайды. Қайта-қайта әліпби ауыстырып, қазіргі қалпымызға түсірген «режиссерлардың» ниеті жүзеге асты: бабамыздың басында мәңгүрттей басымыз салбырап тұрамыз...

Осы бір «сауатсыздықты» кейбір ағайын өз мақсатына пайдаланып, қолдан «тарих» жасауға көшіпті. Мыңбай ата қауымының кіре беріс маңдайына осыдан 2-3 жыл бұрын әлдекімдер қазіргі заманауи материалдан әжептәуір кесене тұрғызған. Оған «Бейбарыс баба, руы Жайық Беріш, 17 ғасыр» деп жазып қойыпты. Кесене басындағы үлкен қазан, онда салынған тиын-тебенге қарағанда, бұл біраз адамның «нан тауып отырған» «жұмыс орны» секілді көрінеді. Жергілікті жұрттың айтуынша, мұнда өздерін «Ата жолын» ұстанушылармыз» дейтін топ мүшелері иелік етіп, түрлі шараларын өткізеді екен.

Суреттен көріп отырғаныңыздай, кесене ішінде екі құлпытас тұр. Бірі 1844 жылы орнатылған көне, тарихи құлпытас болса, екіншісі – күні кешегі жалған «ескерткіш». Жалған дейтініміз – мұндағы «XVII-ғасырдағы Байұлы Беріш Жайық Бейбарыс бабаның» көне құлпытасқа еш қатысы жоқ. Көне құлпытастағы жазу мынадай: «руы Кердері, Құлтай тайфасы, ...»

Айтпақшы, бүгінде «Ата жолы» ұйымының қызметіне заң жүзінде тыйым салынған. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2009 жылдың 5 ақпаны күні көптеген заңбұзушылықтарға байланысты аталған ұйымды «мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, Қазақстан азаматтарының денсаулығына зиян тигізетін қозғалыс» деп жариялап, «Ата жолы» ЖШС-ін тарату жөнінде шешім шығарды. Сот материалдарында «Ата жолы» ұйымдастырған «әулиелі жерлерге зиярат» рәсімінен кейін бірнеше адамның психиатрлық ауруханаларда емделгені, тіпті Қостанай облысының Р.Байғабылова атты тұрғыны өзіне-өзі қол жұмсап, қайтыс болғаны айтылады.

Әрине, біз бұл жерде атам қазақтың ежелден әулиені құрметтеп, зиярат қылып, басына түнейтін дәстүрін жоққа шығарғалы отырған жоқпыз. Бірақ оны коммерцияға айналдырудың қажеті қанша? Оның үстіне тарихты бұрмалап, қолдан «әулие» жасау  өткенге де, келешекке де қиянат емес пе? Қасиетін сезіне, қадіріне жете білсек, қазақтың шын әулиелері де толып жатыр ғой...

Білетіндер Батыс Қазақстан облысының аумағында қолдан жасалған мұндай «әулиелі орындар» бірнешеу екенін айтады. Олардың да атынан ат үркеді: Әнет баба, Байболсын баба, Берекет баба т.б. Соңғы екі «бабаның» «басына» зәулім кесене орнатып, тақыр жерге құлпытас қойып қойған. Ауыл ақсақалдары бұл жерде қабір болғанын, әлгіндей әулиелер өткенін білген де, естіген де емес.

Ақжайық ауылының тұрғындары атажолдықтардан «Бұл жерде мұндай әулие бар деп бұрын-соңды естімеп едік, бұл деректі қайдан алдыңдар?» деп сұрағанда, «Алматыдағы басшымызға аян берілді, «пәлен жерде түген деген атамыз жатыр, басын ашыңдар!» деп тапсырды, сондықтан орнаттық» деген сынды жауап алыпты. Күлеміз бе, жылаймыз ба?

Серік БИСЕМБАЕВ, Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары:
– Қазақ ежелден аруақ сыйлаған, әулиені құрметтеген халық. Көне қабірдің басына кесене тұрғызған жандардың әрекетін қалай бағалауға болады? Меніңше, олар қабірді қиратқан жоқ, вандализммен айналысқан жоқ. Сондықтан оларды біржақты кінәламайық. Ең бастысы, тоқетер сөзді мамандарға беріп, ескі құлпытастағы жазбаны анықтау керек. Бәлкім, ол қабірде шын мәнінде бір белгілі адам жатқан болар? Оның ұрпақтары табылып қалар. Қалай болғанда да, ел ішінде іріткі тумауын ойлау керек.

Серік РАМАЗАНОВ, Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығы директорының орынбасары:
– Мәселенің көтерілуі орынды. Біз өткен жылы Батыс Қазақстан облысының археологиялық картасын жасап шығардық, онда облыс аймағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер енгізілген. Бірақ, өкінішке қарай, жұрт сыйынатын қасиетті, әулиелі мекендер туралы деректі жинастырған емеспіз. Сондықтан Бейбарыс атты адамның бұл маңда өмір сүргені немесе болмағандығы туралы ақпарат бізде жоқ. Мамандардың айтуынша, облыс аумағында сақталған құлпытастардың ең көнесі XVIII-XIX ғасырларға жатады. Меніңше, кесенедегі көне құлпытастағы жазу оқылған соң, бәрі орнына келеді ғой. Бірақ біздің орталықта көне қазақ жазуын оқитын маман болмай тұр.

Жәнібек ЕСМҰРЗИН, Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті тарих кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымының кандидаты:
– Осының бәрі төл жазуымызды қайта-қайта өзгертіп, ата-баба тарихынан ажырап қалғанымыздың кесірі ғой. Әлдекімдер мұны басқа мақсатқа пайдаланып жүр. Жалпы, ұлтымыздың өткеніндегі тұлғалар тарихы терең зерттелуі тиіс деп есептеймін. Біз тарихшы болғандықтан, нақтылыққа, дерекке сүйенеміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста