Қазақы төбеттің тұқымын сақтап қала аламыз ба?

 Қазақы төбеттің тұқымын сақтап қала аламыз ба?

Қазақстан – ТМД елдерінің ішінде спорттың белгілі бір түрі ретінде төбелескіш иттер бизнесін заңдастырған жалғыз ел болып саналады. Бүгінде бұл сала жақсы дамып кетті деп айтуға әлі ертерек. Дегенмен иттерді баптап өсіретін питомниктердің жұмысы жақсы жолға қойылған. Әсіресе азулы арлан баптайтын мықты питомниктер Атырауда, Оралда бар. Өзге өңірлерде де өз беттерімен ит баптаушылар баршылық. Жыл сайын болмаса да жыл аралатып төбелескіш иттер арасында аламан бәйге өткізіліп тұрады.
Еліміздің иттер тартысында топ жарып, бәйге алған сырттанның бағасы бүгінде бес мың доллардан кем түспейді. Чемпион әкесінің арқасында күшігінің бағасы да арзан емес. Кемі 500 доллар тұрады. Әзірге бұл спорттың бір түрі ретінде мойындалмағанымен азулы арландар бизнесінің дамуына көп үлес қосуда. Бүгінде ит төбелесінің көрігін қыздырып жүргендердің айтуынша тұрқы ірі, азулы арландарды арнайы алдырып баптайтындардың қатары көбейген. Таза қазақы тұқымды төбеттер азайып барады деп дабыл қағып жүрген шақта бұл да тал қармаудың бір амалы болып тұр. Кәнігі итбегілер іздеп жүріп алыс ауылдардан, қойшылардан аттай қалап алып, тұқымын көбейтіп өнегелі істің өрісін кеңейтуде. Құптарлық-ақ іс, әрине. Ит төбелестіру бизнесінің арқасында қазақы төбеттің тұқымын көбейтіп алсақ, онда жарағанымыз... Талай тістіні тізе бүктірген алабай тұқымдасының бүгінде бәсі жоғары. Төбелеске бейім, тұрқы таудай иттерді бүгінде базарларда қымбат бағаға саудалап жатқандар көп. Дегенмен, сыртқы пошымы зор болғанымен сырттандар тым ауырғыш келеді дейді мал мамандары. Егер иесі күшік кезінен қажетті дәрі-дәрмегін беріп тұрмаса ажал тырнағына ілігуі оп-оңай. Әрі бізде дамыған шетелдегідей итіңіз ауырса жетіп келетін «Жедел жәрдеміңіз» қайда? Облыс орталықтарының өзінде иттерге укол салып, ем-дом жасайтын орталықтарыңыздың өзі жоқтың қасы деуге болады. Иттерге қызмет көрсететін орталықтардың ашылуын ұзақ, тым ұзақ күтуге тура келетін сыңайлы. Итбегілердің айтуынша кішкене күшік кезінен алысқанын алып жығатын, азулы арлан өсіріп шығару үшін ерінбей еңбектену қажет. Оралдық Аккуш атты ит былтыр елімізде өткен жетінші халықаралық турнирде қарсыластарын түгелдей жеңіп, чемпион атаныпты. Нөкер атты ит де қарсыласын шаң қаптыратын азулылардың қатарында. Спорттың әрі бизнестің бір түрі елімізде кенжелеп қалғанымен де оралдық қазақы төбеттер халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын талай мәрте қорғады. Ақтөбе мен Атырау қалаларында ит төбелестіру ай сайын өтетін дәстүрлі жарыс секілді жалғасын тапқан. Шымкентте өтетін ит төбелесінің көрігін ташкенттіктер қыздырады. Асыл тұқымды иттерін жетектеп келетін көрші елдегілер тіпті бас бәйгеге автокөлік тіккен кездері де болған. Ит төбелесінің ережесіз төбелес секілді халық арасында қызығушылары да, қолдаушылары да көп. Ит арқасы қияннан келіп тамашалайтындары да баршылық. Тіпті кезінде Шымкентте өткен ит төбелесін таспаға түсіріп, деректі фильм ретінде сатылымға түскені де бар... Құзырлы орган қызметкерлері де тісі түсіп, қайраты қайтса да төбелескіш иттерге құда түскіш екен. Мұндай «зейнеткерлікке» шыққан төбеттерді аттай қалап алып кететін көрінеді. Себебі, күзет қызметіне таптырмас серік...
Әлемнің бірқатар елдерінде төбелескіш иттің тұқымын асырауға тыйым салынған. Шекарадан алып өтуге де шектеу қойылған. 2003 жылы Қазақстан Үкіметінің «Асыл тұқымды үй жануарлары мен жабайы аңдарды қорғау» туралы шыққан қаулысында таза қанды төбеттерді қорғау, сақтау турасында бірде-бір бап жоқ. Сырттанның сұлтаны ретінде әлемдік кинологтарды мойындатқан қазақы төбеттің тұқымы тұздай құрып барады ... деп дабыл қағарлық жағдайға жетіп қалдық. Ит төбелесінің арқасында қазақы төбеттің тұқымын көбейтіп алсақ ұтқанымыз, әрине. Ол үшін осы спорт түріне сәл де болса жоғарыдағылар қолдау көрсетіп, демеу болса жарар еді. Бұл бір жағы ақша табудың көзі болса, екіншіден төбет тұқымын сақтап қалудың тиімді жолы. Ебін тапқандар екі асап мол пайда тауып жатыр. Атбегі, құбегілердің қатарын енді итбегілер толықтырып жатса артық болмас. Ит баптау ата кәсіп болмаса да бүгінде сәйгүлікқұмар қандастарымыздың көбейіп жатқан тұсында төбет тәрбиелеушілеріміздің де өзіндік алар орны айқындалып келеді. Алысты айтып ауызды ауыртпай-ақ қоялық, мына тұрған көрші Ресейде жыл сайын асыл тұқымды иттердің халықаралық чемпионаты өтіп тұрады. Санатаулы клубтар мен ит баптайтын питомниктері көп. Бізге де осы тәжірибе жетіспей тұр. Кинологтардың сараптауы бойынша әлемдегі 116 ит түрі ішінде қазақы төбет ең ірісі болып табылады екен. Ұлттық брендті сақтап қалудың жалғыз ғана жолы... осы...
Төбет тәрбелеуден бір үзік сыр
Төбелескіш иттерді үйрететіндер күн сайын 30 шақырымға дейін жүгіртіп, «қамау терін» алады. Ауыр заттар сүйретіп, секіртіп, әртүрлі айла-тәсілге үйретеді. Олардың жейтін тамағын да баптап пісіріп беру қажет. Әсіресе халал тағамдармен тамақтандырған тиімді дейді итбегілер. Себебі, доңыз етін жеген иттің жүрегін май басып, тез шаршағыш болады екен... Иттердің төбелесі белгілі бір ережемен өткізіледі. Егер ит қарсыласын көрген сәтте тісін ақситып тұрып қалса, үн шығармай бұрылып кетсе жеңілген болып саналады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста