Қазақтың кемесі Қара теңізге шықты

Сүйінші! Қазақтың екі бірдей кемесі Қара теңізге шықты. Aframax үлгісіндегі су жаңа мұнай таситын танкерлеріне «Алатау» және «Алтай» деп ат қойылып отыр. Олар Қара және Жер­орта теңіздері бойымен қатынап, Қазақстанның мұнайын Еуропаға тасымалдайды. Осыған орай, кеше, желтоқсанның 9-ы күні Грузияның Батуми портында аталған екі жүк кемесінің бірі – «Алтай» танкерінің тұсауы кесілді.

Қазақстан жеке мұнай дәлізін іске қосты
Бүгінде біз Батуми мұнай терминалына иелік етіп, осы портты толығымен басқарып келеміз. Енді екі ірі танкердің арқасында Қа­зақстан отандық мұнайды өз күшімен та­сымалдап, транскавказдық дәлізді толы­ғы­мен іске қосты деуге болады. Болашақта «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» торабының негізгі желісі де осы Батуми порты арқылы өрбитін көрінеді. Ал бүгіннен бастап Қазақ­станның жаңа танкерлері отандық мұнайды Еуропаға, дәл айтсақ, Румыниядағы Ром­Пет­рол груп мұнай өңдеу зауытына жеткі­зетін болады. Бүгінде ол зауытқа да Қазақ­стан иелік етіп отырғаны мәлім. Осылайша біздің мұнайымыз «Ақтау-Баку – Батуми-Констанца» бағытында тікелей мұнай өңдеу за­уытына тасымалданбақ. Бұдан басқа, қа­зақстандық танкерлер ашық теңізге шығып, коммерциялық тапсырыстарды да орындай ал­а­ды. Күні кеше ғана тұсауы кесілген «Ал­тай» танкері бүгін Новороссийск қала­сында аял­дайды. Ол жерде алғашқы мұнайды құ­йып алып, Румынияға бет алады.
Танкерлер әзірше үш портқа қызмет көрсетеді
«Алатау» және «Алтай» танкерлері «Қа­зақ­теңізкөлікфлоты» ұлттық компаниясы­ның тапсырысы бойынша Оңтүстік Корея­ның Samsung Heavy Industries кеме жасау зауы­тында құрастырылды. Жобаның жалпы құны – 100 млн АҚШ доллары. Бұл қара­жат Uni Credit қаржы тобының мүшесі – АТФ банкіден займ ретінде алынып отыр. Әрбір кеме 100 мың тоннадан астам мұ­най­ды көтере алады. Қара теңіз бен Жерор­та теңіздері бойымен қатынайтын танкер­л­ер Батуми, Новороссийск және Одесса порттары арқылы мұнай тасымалдаумен айналысатын болады деген жоспар бар. Негізі, «Алатау» және «Алтай» ай сайын 400 мың тоннадан аса қазақстандық мұ­най­ды тасымалдай алады екен. Жалпы, «Қа­зақтеңізкөлікфлоты» компаниялар тобында 21 кеме бар. Оның 8-і – танкер. 2020 жылға дейін компания тағы төрт тан­кер сатып алып, өзінің тасымалдау қау­қарын 1,5 млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.
Нұртас ШМАНОВ, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының мұнай тасымалдау бойынша басқарушы директоры, «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы:
– «ҚазМұнайГаз» ұлттық ком­пания­сының стратегиялық іс-шара­лары аясында әрі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауы арқасында бұл жұмыс қысқа ғана уақыттың ішінде атқарылды. Меніңше, бұл – үлкен істің тек басы ғана.
Себебі Қазақстан жерінде өндіріліп жатқан мұнайдың көлемі бізді одан да жоғары жетістіктерге жетелейді. Біз өз мұнайымызды өзіміз тасымалдайтын боламыз. Соңғы он жылда біз, көбінесе, Каспий теңізінде жұмыс істеп келдік. Енді бүгін – Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында біз Қара теңізге шығып отырмыз. Біз үшін бұл – үлкен тарихи оқиға, ал қазақтың ұлттық флоты үшін – үлкен жетістік.
Қайыргелді ҚАБЫЛДИН, «ҚазТрансОйл» компаниясының бас директоры:
– Қазіргі кезде Қазақстан 80 млн тонна өндірсе, алдағы жылдары бұл көрсеткішті 140-150 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Сол себепті мұнай тасымалдау желілерін дамыту да біздің стратегиялық міндеттеріміздің бірі болып саналады. Бүгінде біз Баку – Қара теңіз бағытындағы транскавказдық дәлізді барынша дамытып келеміз. Осыған орай Батуми мұнай терминалы және порттың активтері сатып алынды. Енді осы ірі танкерлердің арқасында Қазақстанның мұнайы әлемдік нарықтарға шыға алады.

Марат ОРМАНОВ, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық компаниясының бас директоры:
– Меніңше, бүгін Қазақстан әлемдік державалардың қатарына қосылды. Себебі кез келген мықты мемлекеттің теңізге шығатын жолы әрі сол теңіз арқылы жүргізетін бизнесі бар. Қара теңіз арқылы көлік дәлізін дамыту біз үшін аса маңызды. Негізі, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізін де біз Батуми портына бағыттайтын боламыз.

Алаш-анықтама
 «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз-кеме қатынасы компаниясы» АҚ-ы акцияларының 100%-ы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына тиесілі. Компанияның құрамында екі еншілес кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Олар – Kazmortransflot Ltd компаниясы және «Маңғыстау облысының кеме жөндеу зауыты» ЖШС-і. Біріншісі халықаралық теңіз тасымалына жауап беріп, Мэн аралына иелік етсе, екіншісі кемелерді жөндеу жұмыстарын атқарады. Зауыттың құрылтайшылары – Kyran Holdings Ltd. компаниясы (50%), «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» АҚ-cы (30%) және «Балықшы» ЖШС-і (20%). Жалпы, «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясы Қазақстанның бәсекеге қабілетті теңіз-сауда флотын құру және дамыту мақсатында құрылған болатын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста