Қазақтың аты тек қазақша болуы керек

Қазақтың аты тек қазақша болуы керек

Кейінгі кездері қазақтар арасында жаңа туған нәрестелерге ат қою бағыты өзгеріп бара жатқандай.. Олай демеске амал да жоқ. Себебі кейінгі қазақтың ат қоюы өз бағытын жоғалтып барады. Олай дейтінім кейбір ата-аналар балаларына өздерінің ой өрісі мен түйсігіне қарай мән-мағынасын өздеріне тұрмақ, өзгелерге де түсініксіз шетелдік есімдерді қоюға әуестеніп бара жатыр. Бүгінгі жаңа қазақтар қойған «жаңа есімдерге» келер болсақ мынадай аттарды жиі кездестіруге болады: Альберт, Диас, Арсен, Марлен, Марсель, Адэлья, Диана, Даяна, Сабина, Жасмин, Алина секілді қазаққа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, мән-мағынасы біз үшін беймәлім есімдерді қоюды доғару керек секілді.
Қанша жерден Батысқа еліктеп жаһанданып кетсек те, ата-бабаның киесінен, аруағынан аттап өтуге болмайды. Белгілі бір атты қоясың деп қысым көрсетіп жатқан ешкім жоқ, десе де әр бала есейгенде өзіне қойылған аттан ұялмаса, есімінің қойылу себебін біліп мақтанып жүрсе, атына лайық болып өсуге талпынып жатса жөн емес пе?!
Бұл тұрғыда Пайғамбарымыз (с.а.у.) баланың құлағына азан шақырып, жақсы есім қоюға үмбетіне өсиет етсе, ал хадис-шарифте: «Әке мен шешенің бала алдында үш міндеті бар: туғанда жақсы ат қою, дінге тәрбиелеу және үйлендіру» делінген.
Сәбидің бір құлағына азан шақырып, екінші құлағына қамат айтып есім қою сүннет амал болып саналады. Бұл амал нәрестенің жынысына байланысты емес: ұлмен қатар қызға да қатар жасалады.
Жуырда Қытай елі ат қоюда ислам талаптарына мүлде қарама-қайшы бастама көтеріп, арнайы заңды қабылдап кеп жіберді. Ал жаңа заңға сәйкес бұдан былай жаңа туған нәрестеге Саддам, Бин Ладен, Хуссейн, Арафат, Муджахид, Муджахидулла, Асадулла, Абдулазиз, Сейфулла, Гульдулла, Сейфиддин, Зикрулла, Несрулла, Шемсиддин және Пахирдин секілді ерлер есімі мен Муслиме, Мухлисе, Мунисе, Айша және Фатима есімдерін қоюға тыйым салынды. Ал бұл талаптарды орындамағандардың балаларын мектепке қабылдамайды. Және Қытай билігі бұл қадамға саналы түрде барып отыр. Олардың бар мақсаты – ел халқын ұстанған дініне қарамастан толықтай бақылауда ұстау.
Балаларына лайықты (орысша адам аттарын) есімдерді қоюды Солтүстіктегі көршіміз орыстар да қолға алып отыр. Орыс депутаттары осы мәселеде арнайы заң әзірлеуде.
Ал бізде бәрі еркін. Бізде балаға қандай ат қоямын десең де, қандай топқа мүшелікке кіріп, қандай ағымның жетегінде кетемін десең де өз еркің.
Ал халқы бір бірінің болмысын, тілін, дінін түсінбей жатса одан өткен қорлық жоқ екенін ұмытпағымыз абзал.
Басқасын айтпағанда, бізге де бар қазақты біріктіру үшін тілмен қатар, есім қоюды бір ізділік келтіру қажет. Себебі қазақтың аты тек қазақша болуы керек.
Сіз не дейсіз құрметті оқырман?!  

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста