Қазақтілді көрерменнің құқығы бұзылып тұр

Қазақтілді көрерменнің құқығы бұзылып тұр

Жазғы демалысқа кетер алдында бір топ Мәжіліс депутаттары еліміздің Премьер-министрі мен Бас прокурорының атына депутаттық сауал жолдады. Бұл жолы еліміздің кинотеатрларының «қазақ тіліндегі фильмдерге сұраныс жоқ» деген пікір қалыптастыруға себепші болып отыруы депутаттардың шамына тисе керек. Рас, кез келген жерде шетқақпай көріп, етектен орын тиіп жүрген ана тіліміз кинокөрсетілім саласында да «есіктен сығалауға мәжбүр» болып отыр. Баз бір елдер шетелдің дүниесін өз еліне әкеліп, ана тілдеріне аударып беруге тырысып жүрсе, еліміздегі кинотеатрлардың өз жерімізде өз ана тілімізде түсірілген киноның көрерменге орыс тіліндегі нұсқасын ұсынып, тіпті киноны көрермендердің көруіне ыңғайсыз уақытқа орналастыруға тырыспауы тілге деген қастық емей немене?!

Басқа елде қалай?
Алысқа ұзамай-ақ тіл үшін жан алысып, жан берісіп, төбелесуге бар Украинананың астанасы Киев қала­сын­да әлемдік прокаттағы шетелдің кез келген киносы тек қана жергілікті тілге аударылып беріледі екен. Тіпті кинотеатрдың кіреберісіндегі кино туралы ақпарат ілінген тақтайшалар мен брошюралардың өзінде «шетел­дің шедеврі» украин тілінде сөй­лей­ді. Мейлі өзге жұрт тілін түсінбегені үшін кинотеатрға барып, шетелдің киносын көрмей-ақ қойсын, алайда туған тілдерінің жетімсіремеуі үшін бәріне даяр украиндіктерден қалай айналмассың?! Жанталасып өзбек тіліндегі кинолар қатарын көбейтіп, кинотеатрларындағы олардың үлесін де арттырып қана қоймай, өз тілінде өзгелердің экранына ұсынып жатқан өзбектерге қалай сүйсін­бес­сің?! Тілге деген құрметтің бәрінен жо­ғары тұруы кім кім үшін де үлгі екені сөзсіз.
Ал бізде ше?
Дәл бүгінгі (16 шілде, 2012 жыл) көр­се­тіліп жатқан киноларды kino.kz сайтынан парақтадық. Сайттың қазақша беті мүлдем жоқ. Ал сайттағы еліміздің 20 шақ­ты қаласының ішінен тек Астанадағы «Керуен» сауда орталығынан ғана отан­дық «Жаужүрек мың бала» киносын таба алдық. Оның өзі бірінші сеансы түнгі сағат 21:50-де болса, екіншісі халық тәтті түс көріп жататын түнгі сағат 00:20-ға орна­лас­тырылған. Байқап қарасақ, ең соңғы уақытқа ығыстырылған, бәрінен кеш бері­летіні отандық туындымыз екен. Сонда ұлттық болмысымызға «Жаужүрек мың баладан» гөрі, америкалық «Ледниковый период 4», «Континентальный дрейф» немесе «Президент Линкольн: Охотник на вампиров» кинолары жақын болғаны ма?! «Жау­жүрек мың баланың» қай тілдегі нұс­қасы беріліп жатқанын білу үшін «Керуендегі» «Kinopark 7 IMAX 3D» кинотеатрының сайтта көрсетілген телефонына қанша хабарлассақ та, телефон тұтқасын ешкім көтермеді. Қазағы қалың Шымкент қаласы мен Қызылорда қалаларынан да қазақ тілінде көрсетіліп жатқан бірде-бір кино таппадық. Есесіне, боевигі мен комедиясы аралас шетелдің өнімі толып жүр. Демек, қазақы орта үшін кинотеатр есігі тарс жа­бық деген сөз. Қанша жерден қазақ тіліндегі кино көргіңіз келіп тұрса да, еліміздің кинотеатрларынан іздегеніңізді таба алма­сыңыз анық. Айтпақшы, Алматы қаласы­ның он шақты кинотеатрын аралап шықсақ та, киноның қазақ тіліндегі таныстырылымы бар брошюра таппадық.
Депутаттың жанайқайы
Мұрат ӘБЕНОВ, Мәжіліс депутаты:
– Кинотеатрларды зерттеп, қарап жүр­геніме біршама уақыт болды. Кинотеатрлар кинокөрсетілімдер арқылы қазақ тілінің өркен жаюына құлықсыз. Соңғы кездегі түсірілген кинолар киноға деген қазақ қауымының қызығушылығы барын аңғартты. Әйтсе де кинотеатрлар халықтың бұл ықыласын ескерер емес. Бүгінгі күні киноға барушылар саны 70 мыңға жуық болса, алдағы бірнеше жыл­дың ішінде үш есеге өсіп, 200 мың­нан аса­ды деген сарапшылардың бол­жамы бар. Қазақстандық кино аудито­рия­сы­ның 80 пайызын 30 жасқа дейінгі көрер­мендер құрайды. Бүгінгі жастар­дың 75 пайызы қазақ тілінде сөйлейтінін ескерсек, осы аудиторияның перспекти­ва­лық өсуі мемлекеттік тілдегі көрер­мен­дер арқылы болатыны анық. Осы орайда бүгінгі күні тіліміздің өркен жаюы үшін киноларымызды қазақшаласақ, тілдің дамуына қосқан үлесіміз болар еді. Мем­лекет тарапынан кино саласын дамы­туға, әсіресе ұлттық кино өндірісін қолдауға айтарлықтай қадамдар жасалуда. Тек соңғы 2-3 жылдың ішінде бірнеше сапалы, заман талабына сай келетін отандық авторлардың фильмдері жарық көрді. Бірақ кинотеатрлар тарапынан сол киноларды көпшілікке ұсыну тиісті дәрежеде болмады. Мәселен, «Жау­жүрек мың бала» фильмі премьера өткен бір аптаның ішінде 147 миллион теңге кассалық түсім түсірген. Егер қаза­қы көрермен киноға келмейтін болса, бұл түсім қай жақтан келді?! Заң бойынша 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізге әкелінетін фильмдерге қазақ тілінде дубляж жасалуы керек болатын. «Қазақтілді киноларға сұраныс жоқ» деген желеумен кинотеатрлар бұл заңды орындамай отыр. Заң бойынша шетелден әкелінетін кинолар түгелімен қазақ тіліне аударылып берілуі керек болатын. Алайда қазір кинотеатрдан керісінше қазақ тіліндегі кино таппайсың. Тіл комитеті тілдің құқығы бұзылып жатқанда қайда қарап отыр? Мәселен, «Жаужүрек мың бала» фильмінің 30 кө­шір­месі орыс тілінде (60%) және 21 кө­шір­месі қазақ тілінде (40%) шыққан. Осы­ның салдарынан тіпті 98 пайызы жер­гілікті ұлт халқынан тұратын Қызыл­орда қала­сын­да бірінші аптада «Жау­жү­рек мың бала» фильмі орыс тілінде ғана көрсетілді. Кө­рермен сұранысынан кейін қазақ тіліндегі нұсқасы берілгенімен, ки­но­ға прайм-тайм уақыт тимеді. Бұл – бар­лық қазақ тіліндегі кинолардың басында бар жағ­дай. Мәселен, «Болашақ» қауым­дас­ты­ғының қолдауымен дубляж­далған жо­ғары сапалы «Қара киімді­лер-3» фильмі­нің Алматы қаласында бір күнде 215 сеансы болса, соның бар болғаны 29-ы қазақ тілінде (13%)көрсетілген. Және оның екеуі ғана прайм-таймға бел­гі­ленген! Осыдан кейін еліміздегі кино­театрлардың қазақ тіліне, қазақ көрер­меніне жаны ашиды деп айта аламыз ба?! Қазақ көрерменінің «Жаужүрек мың баланы» жылайтын жерінде жылап, тік тұрып, қол соғып көргенін көргенде еріксіз тебірендім. Бұл киноның шыққа­нына қанша уақыт болды, ал Петропавл­да бүгіннен бастап беріле бастағанын естідім. Бұл да кемсітушілік. Сондықтан ендігі жерде қазақы көрерменнің құқы­ғы бұзылмауы тиіс.
Қазақ тыңдарманы неге түнгі 12-ден соң ән тыңдап, түнгі 12-ден соң кино іздеп, кинотеатр жағалап жүруге тиіс?! Жыл басынан бері 6-7 ай өтсе де, еліміздегі кинотеатрлардың қазақ ті­лін­дегі кинолар санын көбейтпек түгіл, есік алдындағы брошюралары мен афишаларын да қазақшалауға тырыс­паған әрекеті тіліміздің жағда­йы­ның қанша­лық­ты мүшкіл екенін аңғартса керек. Заң­ға да, қазақ көрермендерінің ықылас, ниетіне де пысқырып қарамай отырған кинотеатрлар мен кино прокатымен айналысатын ұйымдардың әрекеті алдағы уақытта құзырлы ор­ын­дар тарапынан жазалауға ұшыраса, қанеки?!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста