Қазақстандықтар тапқан табысын көбінесе қайда жұмсайды?
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, азық-түлікке көп қаржы жұмсайды. Биыл үш айда бір отбасы орта есеппен 885 мың теңгеге жуық қаржыны қажетіне жаратса, оның тең жартысын азық-түлікке жұмсаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Бір тоқсанда әр отбасы шамамен банк алдындағы 52 мың теңгедей қарызын өтеген.
24.kz-тің дерегінше, Ұлытау облысының тұрғындарының банк алдындағы берешегі өте көп. Мұндағы тұрғындар орта есеппен үш айда 200 мыңнан астам теңгесін банкке қайтарады.
Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда мен Астана тұрғындары да 83 мыңнан 107 мың теңгеге дейінгі қаржысын несие төлеуге жұмсайды.
Несиесі ең аз аймақтардың тізімінде Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары және Алматы мен Шымкент бар.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу