Қазақстандық қалталылардың қай елде зәулім үйлері бар?

  • 15

Қаржы министрі кей өңірлердің билігі мен банктеріне наразы. Мүлікті заңдастыру туралы жұртқа түсіндірмейсіңдер деген Бақыт Сұлтанов осылайша өз өкпе-назын Премьер алдында жайып салды. Әсіресе, Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарындағы үгіт-насихат жұмыстары ақсап тұр. Ал, Петропавлдағы банк заңдастыру аяқталды деп халыққа өтірік ақпар берген.
Елімізде мүлкін жария еткендер саны күрт өскен. Бұған жуырда ғана заңда қарастырылған жеңілдіктер баты себеп. Небәрі бір айдың ішінде 54 млрд теңге көлеңкелі айналымнан алынған. Оған дейін екі жыл бойы барлығы 81 млрд теңге заңдастырылған еді. Айта кетейік, қазір миллиондар бұрынғыдай банктерде 5 жыл жатпайды. Ақшаны тиісті органдарда тіркеп, 10 пайыз көлемінде салық төлесе болды. Кейін қожайыны ол соманы қай жерде жаратса да өз еркі. Тіпті шет елде де.

«Жаңа заңнамаға сәйкес, әр азамат банктағы шотқа құйып, оны өз мақсатына жұмсай алады, мүмкіншілігі де бар, құқығы да бар. Екі айдың ішінде 50 млрд-тан астам ақша ашылған шоттарға құйылған. Бір ғана факті бар. 10 миллион алып кеткен. Қалғаны банкте жатыр»,- деді ҚР Қаржы министрі Бақыт СҰЛТАНОВ.

Әу баста «байлардың көлеңкелі ақшасы экономикаға қызмет етеді. Қаражат отандық банктерге салынып, тек 5 жылдан кейін ғана ала алады» деген қағида бекітілген-ді. Ешкім құлық танытпаған соң, ережелер жұмсартылды. Жиын барысында Сұлтанов бірқатар банктердің жұртқа ақпарат беруде ақсап тұрғанын айтып, сынап өтті. Белсенділігі төмен облыстардың қатарында Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстары бар.

«Соңғы 4 айда 700-жуық мақала жарияланған. 1500 сюжет телеарналарда шығып, 1600 жиын өткен»,- деді ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат ДОСАЕВ.

Екі жыл ішінде ел аумағында 452 млрд теңгенің мүлкі тіркелген, ал шет елде тіркелген мүлік сомасы 1 млрд теңге. Мүліктердің 80 пайызы зәулім үйлер көрінеді. Олар Араб Әмірліктерінде, Испания, Венгрия, Ресей мен Өзбекстан аумағында орналасқан. Шет елдегі мүлкін 39 отандасымыз жария етсе, Қазақстанда 79 мың адамнан өтініш түскен. Премьер-министр Кәрім Мәсімов заңдастыру науқаны бойынша жиын енді айына бір рет өтетінін жеткізді.
 kaz.caravan.kz

Автор
Последние статьи автора
  • 331
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 472
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста