Қазақстандық отбасылардың шамамен 15 пайызы бала сүю бақытынан айырылған

Бедеулік әрбір оныншы қазақстандық отбасының ажырасуының бір себебі. Бұл туралы Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, академик Вячеслав Локшин Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да медициналық журналистика курсында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, Қазақстанда бедеуліктің жиілігі шамамен 15%-ды құрайды. «Жыл сайын мамандарға 20,5 мыңға жуық жұп жүгінеді, олардың 40-45%-ы көмекші репродуктивті технология жүргізуді қажет етеді. Бүгінгі таңда 100 ерлі-зайыптының 34-і ажырасқан. Ажырасу жағдайларының 10% себебі  балалардың болмауы», - деді Вячеслав Локшин.

Репродуктолог атап өткендей, бедеулік - екі адамның проблемасы, оны бірлесіп шешу қажет. «Мен айтып өткендей, отбасында балалардың жоқтығы әйелдерді ғана алаңдатпайды. ЭКҰ-ға келгендердің 50% - ер адамдар. Егер ерлі-зайыптылар балалы бола алмаса, олар ЭКҰ-ға жүгінеді. Тексеру кезінде негізгі факторлар белгілі болады. Емдеудің барлық процесі - уақытты, күш-жігерді және жақсылыққа деген сенімді қажет ететін жол. Сондықтан мұнда науқастардың психологиялық жағдайы белгілі рөл атқарады», - деп атап өтті спикер.

Вячеслав Локшиннің айтуынша, елде балалы болуға ынталандыратын отбасылық саясат болуы керек. «Басқа елдермен салыстырғанда бізде бала туу бойынша көрсеткіштер оң. Бұл  өте жақсы көрсеткіш», - деді ол. Еске сала кетейік, Президент Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосуды, сондай-ақ Мемлекет басшысы «ЭКҰ» бағдарламасы бойынша квота санын 7 мыңға дейін, яғни 7 есеге арттыруды тапсырды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста