«Қазақстандық» лаңкестерді тани білеміз бе?

©Алаш айнасы иллюстрациясы

Соңғы үш-төрт жылда Қазақстанда орын алған бірқатар лаңкестік әрекеттер елді елеңдетіп, жұртты жаппай дүрліктірген-ді. Сырттан келер жау бар ма? Жоқ. Сөйтіп, өз ортамыздан шыққан террорлардың нысаны сақшыларға да, бейбіт тұрғындарға да бағытталды. Еш жазықсыз оққа ұшқандар болды. Бұдан сабақ болмағандай, ел аман жұрт тынышта бір топ қазақстандық қолға қару алып Сирияға аттанды. Алайда, саясаттанушы Ерлан Қарин «Қазақстанда террористік қатер төмен» деп мәлімдеп, соғысқа аттанғандар туралы роликті ақпараттық соғысқа балады, лаңкестердің «жарнамасына» сенбеуге кеңес берді. Айтпақшы, Қарин мырза «қазақстандық» лаңкестердің «бет-әлпетін» де жақсы білетінін аңғартты. 
ТМД-да қолға алынбаған мұндай зерттеу былтырғы қараша мен биылғы наурыз аралығында тынымсыз атқарылыпты.   «Зерттеу кезінде біз 2004-2013 жылдары аралығында терроризм бойынша қозғалған қылмыстық істерді сараптап шықтық. Сондай-ақ сотталған азаматтар мен олардың туған-туыстарымен сұхбаттастық. Жалпы, біздің зерттеуіміз лаңкестік үшін сотталған 150 азаматты және осы іске қатысы бар 77 адамды қамтыды», - дейді Е.Қарин. Оның айтуынша, сол азаматтардың басым бөлігі, нақты айтсақ, 73 пайызы лаңкестік үшін сотталғанға дейін жұмыссыз жүрген. Оған қоса, 56 адамның тек орта білімі ғана болды. Солардың біреуі төрт сынытпы ғана тауысыпты. Радикалды топ мүшелерінің 17 пайызы - арнайы және жоғары оқу орындарын бітіргендер болса, сотталғандардың тек 6 пайызы ғана діни біліммен «шыңдалып» отырған. Демек, Қазақстанда сан алуан экстремистік және террористік әрекетке арнайы білімі жоқ азаматтар тартылды. Ондай қылмысқа барған ең жас азаматтың 17-де болды. Бұның өзі көп нәрсені аңғартады.
Зерттеуде аңғартатын жаңалықтың бірі – Қазақстанда «қызмет еткен» ұйымдардың өкілдері, көп жағдайда, бір-бірін біліп, олардың арасында белгілі бір деңгейде байланыс болғанына қарамастан, оларда бір орталықтан басқарудың нақты жүйесі болған емес. Сондықтан қажыландырудың нақты арнасы қалыптаспады. Ондай топтардың дені ұрлық-қарлыққа жақын криминалдық бандылар болғандықтан, көбісі соның арқасында күн көргенге ұқсайды. Сөйтіп, бұлар дінді жамылып, бара-бара экстремистік ұйымға айналған.
Ал бүгінгі жағдайға келсек, зерттеу жүргізген сарапшылар Қазақстанды террористік қатерлер төніп тұрған мемлекеттерге жатқызбайды. «Шынайы жағдайға келсек, терроризм қаупін бағалаудың түрлі жаһандық индекстері бойынша Қазақстан лаңкестік қатерлер барынша төмен мемлекеттер қатарында тұрғанын көптеген әртүрлі институттардың мәліметтері растайды. АҚШ-та орналасқан аса ірі талдау-сараптамалық орталығы өз зерттеулеріне тіпті Қазақстанды қоспаған. Оның себебі мұндай институттар Қазақстанның аумағында орын алған оқиғаларды террористік актілер ретінде жіктемейді және террористік актілерге жатқызбайды да. Әрине, әртүрлі құрылымдар бұл оқиғаларды әртүрлі бағалайды, дегенмен олардың басым бөлігінде сарапшылардың пірікі бір-бірінен алшақ емес», - деді Ерлан Қарин. 
Сонымен қатар, саясаттанушы Қарин Қазақстанда  осы уақытқа дейін болған оқиғаларды террористік акт деп тұтастай жатқызуға болмайтынын алға тартады. «Бір-екі жағдай болмаса, қалғанын біз террористік актілерге жатқыза алмаймыз. Өйткені ондай әрекеттердің басым бөлігі құқық қорғау органдарының операцияларына қарсылық білдірудің нәтижесінде болған. Құқық қорғаушылар олардың ізіне түсіп, арнайы операцияларды өткізді. Содан атыс та болды. Ал бұқаралық ақпарат құралдары мен сарапшылар оның барлығын терррористік актілер деп бағалайды, бұл әрине дұрыс емес», - дейді Е.Қарин.
Ал соңғы жағдай – «Сириядағы жүздеген қазақстандық азамат соғысып жатыр» деген әңгімеге саясаттанушы сенбеуге кеңес береді. «Қазір Сирияда немесе Ауғанстанда екі жүз, тіпті үш жүз қазақстандық азамат соғысып жатыр дейді. Ол ақпарат шындыққа еш жанаспайды. Негізі, өткен жылы болған ақпарат (Сирияға қазақстандықтардың аттанғаны туралы - авт.) бұл, шын мәнісінде, Қазақстанға қарсы бағытталған ақпараттық соғыс деуге болады. Жарнаманың бір формасы болса керек. Оның негізгі мақсаты – осындай роликтер көрсету арқылы сол аймақтарға қосымша адамдарды тарту. Бүгінде терроризм бұл тек жарылыс пен атыс-шабыс қана емес, оны үлкен ақпараттық соғыс деп те түсіну керек. Сондықтан шынайы және жалған ақпаратты ажырата білген жөн», - дейді ол.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста