Қазақстанда жылына 2 мыңнан астам жасөспірім қыз жасанды түсік жасатады

Қазақстандық жеткіншектерді сексуалдық сауаттылыққа мультфильмдер арқылы үйрету керек деп санайды «Забота» дағдарыс орталығының мамандары.
«13 жастағы балаларға арналған комикстер, телевизиялық бағдарламалар, анимациялық фильмдер, мультфильмдер көрсету арқылы жыныстық тәрбие беру керек. Батыста жасөспірімдер мульфильмдер арқылы сексуалдық қарым-қатынас туралы мағлұмат алады. Бізде де осы әдісті қолға алу керек», дейді орталық директоры Ұлдан Лұқпанова.
Сондай-ақ оның айтуынша бүгінгі таңда жастар ерте жыныстық қарым-қатынасқа түсудің қауіпті екенін жеткілікті дәрежеде біле бермейді. Балаларға әлеуметтік желілер мен интернет ресурстар қатты әсер етуде.
«Қазір жыныстық жолмен жұғатын ауруларды (АҚТҚ және басқа) алдын алуға қатысты түрлі бағдарламалармен айналысатын жастар ұйымдары бар. Олар өз ақпараттарын әлеуметтік желілер арқылы таратады. Бізде қазір анонимді түрде сұрақ қоюға арналған сайттар жұмыс істейді», – деп түсіндірді Лұқпанова.
Бүкіләлемдік денсаулықсаақтау ұйымы келтірген деректерге сүйенсек, бүгінде әлем бойынша 15 пен 19 жас аралығындағы 16 мыңдай жасөспірім қыз ерте ана атанса, тағы 5 миллионы жасанды түсік жасатады екен. Қазақстанда жылына 200 мың жасөспірім қыз жүкті болып қалады. Биылғы жылы елімізде 2 мыңнан астам мектеп жасындағы қыздар жасанды түсік жасатқан.
Қоғамдық ұйымдар 13 жасынан бастап жеткіншектерге секс, контрацепция туралы ақпарат беруді ұсынып отыр. Өйткені жасөспірімдердің көбі 13 жастарында жыныстық қарым-қатынас туралы біле бастайды. Жасөспірімдердің сексуалдық мәдениетін көтеру арқылы ғана қыздардың ерте жасында жүкті болуынан, түсік жасатудан сақтандыруға болады дейді қоғамдық ұйым мүшелері.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста