Қазақстанда жастарды қалай қолдайды

Қазақстанда жастарды қалай қолдайды

Қазақстандық жастар мемлекеттің қолдауына құқылы. Мұндай көмек білім беру, жұмысқа орналастыру және тұрғын үй салаларында ұсынылады. «Akshabar» МҚҰ ЖШС несие сарапшысы, «Честное Слово» онлайн-сервисі қаржы блогының авторы Мария Агаркова көмек алуға болатын бағдарламалар мен ұйымдар туралы айтып берді.

 

Қазақстанда жастар құрамына 14 пен 35 жас аралығындағы адамдар кіреді. Олардың өзіндік құқықтары мен артықшылықтары бар:

 

· Тегін медициналық көмек және білім алу.

· Мемлекеттік спорттық және мәдени ұйымдарға бару мүмкіндігі.

· Оқушылар, жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарының студенттеріне қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүру.

· Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.

· Мемлекеттік жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарының студенттеріне арналған ай сайынғы стипендия.

· Білім беру ақысын төлеу үшін жеңілдетілген қарыз алулар, сондай-ақ мемлекеттік жоғары оқу орындарының студенттерінің жатақханаларда тұруы мен тамақтануы үшін шығындарды ішінара жабу.

 

Бұған қоса, мемлекет жастарға жұмысқа орналасуға, кәсіптік даярлауға және біліктілігін арттыруға қолдау көрсетеді. Ерекше артықшылықтар жас таланттарға үстемелер, стипендиялар, білім беру гранттары, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен оқуға арналған қарыздар түрінде беріледі.

 

Қазақстандық жастарға көмек түрлерінің арасында бірқатар әлеуметтік бағдарламалар жұмыс істейді, мысалы:

 

1. «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» бағдарламасы жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге қоныс аударатын жастарды қолдайды. Студенттерге оқу орындарында тегін орындар беріледі және студенттік жатақханаларда тұру ақысы төленеді.

 

2. «Жасыл Ел» жастарға маусымдық жұмысқа орналасуды ұсынады. Қатысушылар ай сайынғы жалақысы 150 мың теңгеге дейін жететін еңбекте қалалық көгалдандыру және абаттандырумен айналысады.

 

3. «Жастар практикасы» бағдарламасы үш жыл бұрын оқуын аяқтаған жұмыс тәжірибесі жоқ жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарының түлектеріне арналған. Практиканың ұзақтығы - 6 ай, айына 25 АЕК мөлшерінде жалақысы бар.

 

4. «Бастау Бизнес» кәсіпкерлікке үйретеді. Бизнес-жоспарды сәтті қорғаған бағдарлама түлектері өз бизнесін бастау үшін гранттар немесе жеңілдігі бар несиелер алады.

 

5. «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы жоғары оқу орындары түлектеріне ауылда жұмысқа орналасуға көмек көрсетеді. Негізгі шарт – ауылдық жерлерде кемінде 3 жыл жұмыс істеу. Бағдарламаға қатысушылар 100 АЕК мөлшерінде бір реттік көтерме жәрдемақы алады және ауылдық жерлерде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға жылдық 0,01% несие рәсімдеу мүмкіндігін иеленеді.

 

6. «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы 5 жылға дейін ұзартусыз жалға беруді ұсынады. Жалдау ақысы айына 5-15 мың теңгені құрайды.

 

7. «Отбасы-Банктің» ипотекалық кредиттеу бойынша екі бағдарламасы бар: «Жастарға арналған жеңілдікті ипотека» және «Жас» - жас отбасыларды қолдау.

 

Қолдау бағдарламаларына қатысу шарттары туралы мәліметтер бағдарлама сайттарында көрсетілген.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста