Қазақстанда сәби өлімі артқан

Қазақстанда қаңтар-мамыр айларында бір жасқа дейінгі сәбилердің өлімі 16,5%-ға өсті. Елімізде өткен жылдың қаңтарынан мамыр айына дейін бір жасқа дейінгі 1 423 сәби көз жұмған. Мұндай деректерді Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы ұсынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Статистика бюросының мәліметінше, өткен жылдың қаңтар-мамыр айларында 1 221 сәби көз жұмған. Сәбилер өлімінің коэффициенті 1000 туылған сәбиге шаққанда 8,12 құрады. 

Сонымен қатар, республика халқының табиғи өсімі туралы мәліметтер келтірілген. Ағымдағы жылдың бес айында елде 175,2 мың адам дүниеге келген, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен (156,8 мың адам) салыстырғанда 11,7% артық. 1000 адамға шаққандағы туудың жалпы коэффициенті 22,28 туылғандарды құрайды.

Stan.kz

 
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 63,7 мың адамды құрады. Бұл 2020 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда (50 мың адам) 27,3% артық. 1000 адамға шаққандағы өлім коэффициенті 8,10 көрсеткішті құрады.  

Осылайша, республика халқының табиғи өсімі қаңтар-мамырда 4,4% өсіп, 111,5 мың адамды құрады. 1000 адамға шаққандағы табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 14,18 адамды құрады. 

Сәбилер өлім-жітімінің ең көп таралған себептері ана мен сәбидің диагнозы мен емінің дұрыс еместігінен, сондай-ақ туа біткен аурулардан болатындығы бұрын хабарланған болатын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста