Марқұм Заманбек Нұрқаділовтың немересі Нұрбибі Нұрқаділова көпшілікке өзінің бірнеше жылдан бері әйелмен тұрып жатқандығын айтқан болатын. Нұрбибінің өзінің сүйіктісімен қалай танысқандығы туралы ақпаратты  kyn.kz сайтынан оқи аласыз.
 
Нұрбибі жас кезінде тұрмысқа шыққан. Ұлының жасы 10 да. Күйеуінің таяғына шыдамай  ажырасып, ендігәрі тұрмысқа шықпайтынын отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында айтқан. 
 
Нұрбибі өмірімнің белгілі бір кезеңінде,  ер адаммен қарым-қатынас құруға тырысқан. Өйткені бұны  міндет көрген, басқа жолдың бар екенін білмеген.
 
Әрине, осы уақытқа дейін Нұрбибінің лесбилық қоғамнан хабары болған. Өмірінде Тоғжан есімді қыз  пайда болып, жан дүниесін өзгерткендігін айтқан . Олардың таныстығы барда басталған.
 
Нұрбибі Тоғжанға дейін басқа қызды ұнатқан.   Алайда Тоғжанның табандылығының  арқасында Нұрбибінің жүрегін жаулап , түрлі сайлықтар сыйлап біраз уақыттан кейін ұсыныс жасаған.
 
Өзінің басынан өткен соңғы жағдайлардан кейін бір жынысты некеге Қазақстанда өзгерістер жасағысы келетінін мойындады.
 
Оның себебі  егер мен отбасын құрсам менің жұбайым қандай жағдай болса да, менің мүлкіме таласа аламайды. Өйткені ол маған ешкім емес деп түсіндірді Нұрқаділовтың немересі.
 
Бір қызығы ата-анасы да, қызының бұл таңдауын қолдаған.