ОҚО прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанның 30 мыңнан астам балалары порнографиялық сипаттағы топтардың құрамында болып шықты.
Қаратау ауданы прокуратурасының «Vkontakte» әлеуметтік желісіне жүргізген мониторингісі бойынша желідегі 63 топ порнографиялық тақырыптағы материалдарды қарайды екен.
Аталған топтарға 8 200 000 адам тіркелген болса, оның 31 247-сі Қазақстанның, ал 2054-і Шымкент қаласының кәмелетке толмаған жасөспірімдері болып табылды.
Мысалға, ВКонтакте желісінде ұзақ уақыт бойы жыныстық қарым-қатынастарды насихаттап, жас өспірімдер арасындағы порнографиялық тақырыптағы материалдары бар «СЕКС» деген топ (сілтеменің мекен-жайы редакцияда бар) өз жұмысын атқарған. Бұл топқа 700 000 қазақстандық және 229 шымкенттік жасөспірімдер тіркелген.
«Ата-аналар өз балаларының Интернеттің қандай әлеуметтік желісіне кіріп, кімдермен байланыста болатындарын қадағалап, көңіл аударып отыруы тиіс», - делінген хабарламада.