«Қазақстан халқына» қоры ауылдың 20 мың оқушысын жазғы лагерьге жібереді

«Қазақстан халқына» қоры ауылдың 20 мың оқушысын жазғы лагерьге жібереді

Қазақстанда ауылда оқитын 20 мың оқушыға жазға лагерге жолдама беріледі. Жолдаманының құнын «Қазақстан халқына» қоры төлейтін болады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Halyq Uni.kz-ке сілтеме жасап.

Қордың басқарма төрағасы Болат Жәмішевтің айтуынша, ұйымның қамқоршылық кеңесі күні кеше осындай шешім қабылдаған.

 

«20 мың ауыл оқушысын жазғы демалыс кезінде лагерьге жіберу жобасын мақұлдады. Бұл жобаны өте маңызды деп есептейміз. Біз жергілікті бюджеттік бағдарламаның онын алмастырмаймыз. Тек ауылда оқитын оқушылардың демалысын ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттердің шығыстарын толықтырамыз. Себебі лагерлерде демалыстардан бөлек, түрлі бағдарламаларды қамтиды», – деді ол «Білімді ұрпақ – білімді ел» атты конференцияда.

 

Сондай-ақ еліміздегі ерекше қажеттілігі бар балалардың жазғы лагерьге баруын ұйымдастыру мәселесіне тоқталды.

 

Қамқоршылық кеңесінде бұл жобааға ерекше қажеттілігі бар балалардың қатысуы туралы сөз қозғалды. Бұл жерде қосымша шешілуі тиіс мәселелер бар. Әрине әр баланы мектеп лагеріне жібере алмайтынымыз түсінікті. Алайда бара алатындар үшін ережеге өзгеріс енгізіп, лагерьдің жолдамасымен бірге алып жүретін адам үшін кететін шығынды да қарастыруға әзірміз. Жергілікті атқарушы органдар екі аптаның ішінде ерекше балаларды лагерге жіберу туралы өз ұсыныстарын берсе, біз қарастыруға дайынбыз, – деді Болат Жәмішев.

 

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың бұл жобаға лагерьлермен бірге өңірлердегі жақсы демалыс орындарын тарту көзделіп отырғанын айтты.

 

«Негізгі мақсаты балаларды, оның ішінде ерекше білімге қажеттілігі бар балаларды қамту. Бұдан бөлек Пезидент балалар үшін демалыс орындарын бүкіл өңірлерде салу туралы тапсырма берді. Келесі жылы іске асыру басталады. Біз жыл сайын, тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейтін 15 лагерьді, сондай-ақ 35 жазғы маусымдық лагерлерді ұйымдастыру жоспарланып отыр. Қазір бұл жұмыстар пысықталып жатыр», - деді министр.

«Қазақстан халқына» қоры жолдаманың неліктен тек ауыл балаларына берілетінін түсіндірді.

 

«Жалпы 20 мың бала деген, тек ерекше балалар ғана емес. Ауылдың мектептерінде оқып жатқан балаларды айтып отырмыз. Неге тек ауылдың балалары дегенге келсек, қаладағы балалар үшін мектептегі лагерьлер мен үйірмелер көп. Ауылдағы балалар да көрсін, олар үшін жаңа орта қалыптастыруды көздедік. Осал топ немесе қарапайым отбасының баласы деп бөлмейміз, біз үшін баланың бәрі бірдей. Сол үшін жақсы оқыған, кішкентай болса да батыр балалар бар, 5,6,7,8 сыныптың балалары үшін деп отырмыз. Бұл жерде мектеп пен оның қамқоршылық кеңесі Білім басқармасы бірлесіп өз тізімдерін жасап жатыр. Өйткені қай ауылда қандай бала оқып жатқанын біз білмейміз», – деді «Қазақстан халқына» қорының басқарма мүшесі Ләззат Шыңғысбаева.

 

Сондай-ақ ол лагерлердің қандай талаптармен іріктелетінін атап өтті. Бүгінде елдегі мемлекеттік лагерьлердің барлығы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларын қамтамасыз етіп отыр. Бюджеттік мекемелерде бос орын жоқ.

 

Біз жекеменшік лагерь болса жақсыларын таңдаңыздар дедік. Сондай-ақ тек сауықтыру бағдарламасы ғана емес, балалардың дамуына қажетті мәдени, тарихи бағдарламалар болсын деген талап қойып отырмыз. Бұл қайырымдылық жоба болып отырғандықтан, жекеменшік лагерьлердің басшылары бізге бағасын жеңілдікпен берсін деген ұсыныс айттық. Бүгінде 17 өңірдің білім басқармасы 33 лагерьді таңдап, хаттамамен бекітіп берді. Бүгінгі таңда лагерьге қатысты бірнеше мәселе бар. Мысалы, Ұлытау облысында мүлдем лагерь жоқ. Енді ғана жобасы жасалып жатыр, оның қашан салынып пайдалануға берілетіні белгісіз. Сондықтан олар НЗМ базасында лагерь ұйымдастыру жөнінде өздері таңдады. Сол сияқты Маңғыстау облысында бір ғана лагерь бар. Балаларға қойылатын талап – сабақты жақсы оқы, мектепке үлес қос. Келесі жылы «Қазақстан халқына» жобасынан жолдама аласың, – деп қосты Ләззат Шыңғысбаева.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста