Қазақстан террорлық қауіп-қатер ықтималдылығы бойынша нешінші орында?
Әлем елдеріндегі террорлық қауіп-қатер ықтималдылығының жаңа тізімі пайда болды. Экономика және бейбітшілік институтының зерттеуінде еліміз 130 мемлекеттің ішінде 94 орында тұр. Ал 2015 жылғы есеп бойынша Қазақстандағы террорлық қатер деңгейі 83-ші сатыда болған.
Мамандардың зерттеуінше, қазір дүниежүзіндегі атыс-шабыс, жойқын жарылыс көп болатын елдердің көшін Ирак, Ауғанстан, Нигерия бастап тұр. Саяси элитасы екіге бөлінген Украина елінде де террорлық актілер қаупі басым. Ресей болса, алғашқы отыздықтың қатарында. Қауіптіліктің қызыл деңгейінде тұрған елдермен шекарамыздың аса алыс болмауы сақтықты күшейтуді талап етеді. Бірақ терроризм туралы заң жобасын талқылап жатқан депутаттар Қазақстанға террорлық қауіп өзге мемлекеттерден емес, кең ауқымда таралған діни ұйымдардан келеді деп есептейді.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
- Террористік қауіп нақты мемлекеттерден емес, террористік ұйымдар мен террористерден келеді. Сондықтан мына мемлекет деп айту қиын.