Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын кезең-кезеңмен көтеріліп келеді. 2027 жылдан бастап әйелдер ерлер секілді 63 жаста зейнетке шығатын болады
2021 жылы Қазақстанда ерлердің зейнет жасы 63 болса, әйелдердің зейнеткерлікке шығу межесі 60 жасқа дейін көтерілді. Әйелдердің зейнет жасы жыл сайын жарты жылға ұзартылып отыр. Осылайша, 2027 жылдан бастап әйелдер 63 жаста зейнетке шығады. Алайда бес және одан көп бала туып немесе асырап алып, сегіз жасқа дейін өсірген әйелдер үшін 53 жаста зейнетке шығуға мүмкіндік бар.
Ал ТМД елдері ішінде Өзбекстанда ең төменгі зейнет жасы белгіленген. Ерлер 25 жыл еңбек өтілі болған жағдайда 60 жаста, ал әйелдер 20 жыл жұмыс істеп, зейнетке шыға алады.
Зейнетке кеш шығатындар – Армения азаматтары. Ол жақта ерлер 65 жастан, ал әйелдер 63 жастан зейнетақы ала бастайды. Бірақ барлығына ортақ еңбек өтілі бар. Оның мерзімі – кем дегенде 25 жыл.