Қазаққа "қоғамдық телевизия" қажет пе?!

Қазаққа "қоғамдық телевизия" қажет пе?!

Еліміздегі жоғары оқу орындары магистранттар мен докторанттарын аянбай шет елдерге тағлымдамадан өтуге жіберуде. Ондағы мақсат – ғылымға бет бұрған оқушылардың жинақтаған білімін жетілдіру, біліктілігін арттыру, шетелдің озық тәсілдері мен технологияларын игеру, оны ел игілігіне жарату болмақ.

Шетелге осындай мақсатпен шыққан әрбір білім алушы азамат өзі барған жерінен халыққа қажеттіні игеріп, зерттеп, қоғамның қажетіне жаратуы тиіс. Мен де халыққа қажет деп тапқан Еуропаның озық үлгісін қоғаммен бөлісуді жөн көрдім. Чехия Республикасының астанасы, сырамен аты әлемге мәшхүр болған Прага қаласында тағлымдамадан өттім. Чехия – Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуроодақтың белді мүшесі, сондай-ақ Шенген аймағына кіретін Еуропаның бір бөлігі. Ондағы халық саны мөлшермен 10 млн. 500 мың адамды құрайды. «Central Bohemia university» Чехия Республикасындағы алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Оқу «Журналистика» мамандығы бойынша жүзеге асырылды. Он күндік оқу барысында Чехияның тарихынан бастап, бұқаралық ақпарат құралдарының барлығын қамтуға тырыстық. Шетелдік әріптестерімізбен бірге қазіргі журналситика саласындағы өзекті де өткір мәселер бойынша ой бөлістік. Сонымен қатар атақты «Чехия телевизиясына» және жекеменшік «Барандов» телеарнасына барып, тікелей өндіріс орнында тәжірибе алмастық. «Қоғамдық телевизия» деген ұғымды сол жерде бірінші рет естідім. «Қоғамдық» деген аты құлағыма майдай жақты. Өйткені, қоғам дегеніңіз – халық. Ал халық – ұлы күш. Қазақстан Республикасы Конституциясының 3 бабында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық» деп, тайға таңба басқандай жазылған. Қай мемлекеттің болмасын басты құндылығы халық болғандықтан, халықпен санасу, оның мұң-мұқтажына қарау – сол мемлекеттің басты борышы. Себебі, халықсыз мемлекет те, билік те жоқ.
Кеңес дәуірінде телевизия мен радио Совет Үкіметінің сөзін сөйлеп, Партияны ұрандап келді. Ал, қазіргі тәуелсіз Қазақстандағы телевизияның барлығы мемлекеттік және жекеменшік болып табылады. Аты айтып тұрғандай, мемлекеттік телеарна мемлекеттің сөзін сөйлейді, жекеменшігі – меншік иесінің (алигархтың) сойылын соғады. Осыдан келіп, халықтың сөзін сөйлейтін, қоғамның жоғын түгендейтін телевизия жоқ деген қорытынды шығады. Мұнымен айтпағым, бізге де «қоғамдық телевизия» құратын кез жеткен сияқты. Қоғамдық телевизия – билікке, жеке меншік иесіне, шінеуніктер мен шекпенділерге бағынбайтын, қоғамдық проблемаларды қаузап, халықтың қажеттілігін қанағаттандыратын тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралы. Мемлекеттік лауазымды тұлға болсын, билік өкілі болсын, қандай да бір ұйым болсын, ол сол тәуелсіз телевизияның қызметіне араласуға, өз пікірі мен ұстанымын тықпалауға қақысы жоқ. Егер ондай жағдай орын алып жатса, сол сол лауазымды тұлғаның немесе ұйымның беделі қоғам алдында «жер» болады. Сондықтан тәуелсіз телевизияның жұмысына араласуға ешкімнің жүрегі дауламайды екен. Міне, біздің қазіргі қоғамға осындай тәуелсіз БАҚ қажет-ақ. Оны басқару, жұмысын ұйымдастыру жайлы Чехиялық әріптестерімізден сұраған кезде бірқатар мәліметтерге қол жеткіздік. Ол жақта орнатылған жүйе бойынша әр азамат ай сайын қоғамдық телерадио үшін ақы төлейді. Ол қаражат қоғамның сенімді өкілдерінен құрылған комиссия алқасының қорына құйылады. Кейін бекітілген ережелеріне сәйкес барлығына теңдей бөлінетін көрінеді. Сонымен қатар, сол қаржы бөлінген бұқаралық ақпарат құралдары халыққа қаражаттың жұмсалуы туралы есеп беріп отырады. Біздің елде де ұлт жанашырларынан, қоғамға шынымен жаны ашитын зиялы қауым өкілдерінен комиссия құрып, осы іспеттес телевизия құруға, оны халық игілігіне жаратуға әбден болады.
«Қоғамдық телевизияны» құру үшін не қажет? Ең алдымен қоғамның санасын өзгерту қажет. Сосын барып заңнамалық тұрғыда ай сайынғы ұсталатын кіріс салығының пайызын төмендету немесе тіпті алып тастау керек. Сол арқылы қазақстандық әр азаматқа бұқаралық ақпарат құралдары, медицина және өзге де салалар бойынша таңдау жасауға мүмкіндік беру керек. Сонда ғана жоғарыда аталған тәуелсіз телевизияны құрудың орайы турады.
«Қоғамдық телевизия» қазаққа не береді?!
1. Қоғамдағы болып жатқан өзекті мәселерді, асқынып бара жатқан «ауруларды» еш бүкпесіз билік назарына жеткізуге және оны қоғам алдында талқыға салуға мүмкіндік береді;
2. Халықтың Үкіметті, жалпы Мемлекеттік билікті өз бақылауында ұстауға жол ашады;
3. Қоғамның дамуына өзіндік үлес қосқан, еңбегімен ерекшеленген қарапайым мамандарды халық алдында көтермелеуге, олардың қызметтерін дәріптеуге жағдай жасалады. Бұл тәуелсіз телевизия пайдасының бір шеті ғана.
Егеменді ел болып, еңсемізді тіктеп келеміз. Бүкіл әлем Қазақстанды тани бастады. Оған Еуропада жүргенде көзіміз жетті. Қазақстан десең: «Астана» - деп айқай салады. Бұл үлкен жетістік және көздеген мақсатымызға қол жеткізгеніміздің көрінісі. Бұл – қазақ халқының бауырмалдығы мен ұлттың ауызбіршілігінің нәтижесінде жеткен абырой.
Қоғам – Мемлекеттің организмі сияқты. Ал организмге пайдалы затты ғана бермесе, ол тоқырап, тіпті өліп кетуі ықтимал. Сол сияқты қоғамға да қай жағынан болса да қажетті әрі пайдалысын ғана беру керек. Сонда ғана халық жетіледі, өседі, өркендейді. Қоғам дамымаса – Мемлекет те дамымайды. Сондықтан халықтың мәдениетін жетілдіру үшін, қоғамның санасын ояту үшін оның дамуына қажетті сұранысты қанағаттандыру қажет деп есептеймін. Айтқандарыммен келісу – келіспеуді халықтың еншісіне қалдырамын...

Кенжегүл Тергембаева, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факульетінің магистранты

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста