Қазақи әдеп, «қырық үйден тыйым» қайда қалды?

Қазақи әдеп, «қырық үйден тыйым» қайда қалды?

Қазақстанда балиғат жасына толмаған жас қыздардың дүниеге бала әкелуі жыл сайын көбейіп отырған көрінеді. Мұны жыныстық және репродуктивтік денсаулық жөніндегі қауымдастық мамандары әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде анықтапты. Қазақстандағы жыныс­тық және репродуктивтік денсаулық жөніндегі қауымдастық президенті Тамара Жүсіпәлиеваның айтуынша, жыл сайын елімізде 15-18 жас аралығындағы 10 мыңдай жасөспірім қыз дүниеге нәресте әкеледі екен. Бұл жайлы қауымдастық президенті баспасөз мәслихатында мәлім етті.
Тамара ханымның пайымдауынша, ба­лиғатқа жетпеген жас қыздардың дүниеге қалаусыз бала әкелуінің себебі жас­тардың жыныстық қарым-қаты­нас­тар мен репродуктивтік денсаулыққа қа­тысты сауатсыздығында жатқан көрі­неді.
Тамара ЖҮСІПӘЛИЕВА, Қазақ­стан­дағы жы­ныстық және репродуктивтік ден­­сау­лық жөніндегі қауымдастық президенті:
– Бүгінгі таңда жастар 14 жастан бастап жыныстық тәжірибеден өте­ді. Ал 18 жасқа толмайынша, ата-ана­­сынсыз олардың жыныстық және реп­родуктивтік денсаулық туралы ақ­парат алуына құқығы жоқ. Жы­ныс­тық сауат­сыз­дық салдарынан аяғы ауыр болып қалған қыздар жасанды түсік жасау­шы­лардың, тастанды ба­ла­лар санының артуына себепші бо­лып отыр. Тіпті кей жағ­дайда ша­ра­сыз­дықтан өз-өзіне қол салу жағ­дайы да ұшырасып жатады. Өкі­нішке қарай, Қазақстанда кәме­лет­ке толмаған 14-15 жастағы жас­өс­пі­рім­дер арасында жасанды түсік жа­са­ту көрсеткіші өте жоғары. Мұ­ның бәріне жас­та­ры­мыз­дың жы­ныс­тық сауат­сыз­ды­ғы себеп болып отыр.

Осыған орай Т.Жүсіпәлиева ханым «мек­тептерде жыныстық және реп­ро­дук­тивтік денсаулық пәні факультативті түрде ғана емес, мектеп бағдар­ла­ма­сы­на енгізіліп, міндетті пән ретінде оқы­тылуы тиіс» деген пікір айтады.
Ғалия ҚАЙДАУЫЛҚЫЗЫ, ҚР білім беру ісінің үздігі:
– Жыныстық және репро­дук­тивтік ден­саулық пәнін мектеп бағдар­ла­ма­сына пән ретінде енгізу туралы пікірді қолдамаймын. Қа­зір­гі жастарды жы­ныстық мәселелер бойынша сауатсыз дей алмаймыз. Олар бүгінде өз­де­рі­не қажетті ақпаратты ғаламтор ар­қы­лы алып отыр. Тек бізде осы тұста оларға сол ақпаратты дұрыс пайда­ла­нуға тура жол сілтейтін, бағыт бере­тін тәрбие ақсап тұр. Статис­ти­ка­лық мәлі­мет­терге сүйенсек, еліміздегі әйел­дер­дің 40 пайызы жұмыс істеп, жан ба­ғу қамымен жүреді екен. Олар­­дың бала табуға да, тапқан ба­ла­ға толық тәрбие беруге де уақыты жетпейді. Соның салдарынан бала өз-өзімен жеке қалып, еліктеп, кей жағдайда қате жолға түседі. Сон­дық­тан да біз бір кездері кеңестік саясат ірткі салған ұлттық тәрбиені, салт-дәстүрді қал­пына келтіруіміз қажет. Ана, ең бірінші, бала тәр­биесімен айналысуы тиіс. Ұлттық тәрбиедегі жеңгелердің де рөлін арттыруымыз керек. Бұрын бойжеткен қызға бой түзеу кезеңінде қажетті кеңесті жеңгелері беріп, олар­ға тура жол сілтейтін. Өкінішке қарай, қазір жеңгелер мен қайын сіңлілер сырлас болудан қал­ды. Бір кезде бір ауыз сөзге тоқ­тайтын қазақ бүгінде сөзге тұрақ­та­майтын болды. Мұның бәрі от­басындағы тәрбиенің босаң­сып ке­туінен орын алды. Біз енді осыны қалпына кел­тіруіміз қажет.

Қазақстандағы жыныстық және реп­родуктивтік денсаулық жө­нін­дегі қауымдастық мамандарының де­ректері мен дәйектерін тұрғын халық саласындағы БҰҰ қорының Қазақ­стандағы кеңсесінің атқарушы өкілі Алек­сандр Косухин мырза да растап отыр. Оның айтуынша, жастарын жыныстық және реп­родуктивтік денсаулық саласында сауат­тандыратын елдерде жасөспірімдер арасында босану көрсеткіші бірнеше есе аз екен.
Тұрғын халық саласындағы БҰҰ қоры­ның Қазақстандағы кеңсесінің атқарушы өкі­лінің мәліметінше, жасөспірімдерін жыныстық және репродуктивтік денсаулық саласында оқытатын елдерде 1000 адам­ға шаққанда босанудың 4-8 оқиғасы тір­ке­лсе, Қазақстанда бұл көрсеткіш 30-ға жетіп жығылатын көрінеді.
Осындай жағдайды ескерген БҰҰ қо­ры­ның Қазақстандағы кеңсесі жыныстық сауатсыздық салдарынан жаза басып, жаңылған жастарға көмек қолын созатын 56 клиника ашуға пейіл танытып отырған көрінеді. Ол клиникаларда 200-дей во­лон­тер жұмыс жүргізіп, жастардың жыныс­тық сауатын арттырумен айналысатын бо­ла­ды. Сонымен қатар клиникада мамандар аяғын аңдамай басқан жас қыздарға жүктіліктен арылудың жолын көрсетіп, қауіпсіз дәрі-дәрмектер күшімен жасанды түсік түсіруді жүзеге асырмақ екен.
Иә, жаза басып, жаңылғанға көмек көр­сеткен жөн шығар. Десе де, «жаңыс басып, жүкті болып қалсаң, жасанды түсік жасап береміз» дегенді естіген жастардың тым еркінсіп кетпесіне кім кепіл? Жасанды түсік жасатқан қыз ертең ана болу мүм­кін­дігінен айырылса, оған кім жауапты болады? Сондықтан біз ең алдымен қазақи әдеп­ті, «қызға қырық үйден жасалар тыйым» жайлы ұмытпағанымыз дұрыс. Біз қыздарымыздың жыныстық сауатын арттырғанша, оларды келін болып, босаға аттағанша жыныстық қатынастан бойын аулақ ұстауға үйреткеніміз жөн болар. Қазақ қызы үшін ар тазалығының қасиетін ұқтырғанымыз абзал.   
Дәрігерлердің айтуынша, бүгінгі таңда жастар арасындағы бедеулік 20 пайызға жетіпті. Үйленіп, перзент сүйе алмай жүр­ген отбасылар 16 пайызды құрап отыр. Ал Дүниежүзілік ден­саулық сақтау ұйы­мының талабына сай бұл көр­сеткіш 15 пайыз­дан ас­қан­да қа­терлі бо­лып са­налады екен. Де­мек, алаңдауға не­гіз бар.
Салтанат БАЙ­ҚОШ­­ҚА­РОВА, дәрігер-эм­брио­лог, «Экомед» меди­циналық ор­та­лы­ғының жетекшісі:
– Әйелдерді бе­деулікке бастай­тын тура жол – жасанды түсік жасау. Менің алдыма табиғи жағ­дайда бала кө­те­ре алмаған әйел­дер келеді. Солар­дың 70-80 пайызы – жасанды түсік жасату нә­ти­жесінде бала табу бақы­ты­нан айы­рылған әйел­дер. Ал жас организм үшін жа­санды түсік жасау  өте қауіпті. Өйт­­кені аяғы ауыр болған әйел орга­низмі қажетті гормондар бөле бас­тайды. Ал енді жасанды түсік жасаған сәтте ана ор­ганизмінде күрт өзгеріс пайда бо­лады. Бұл өз кезегінде бедеу­лікке алып келеді. Айды етекпен жапқанмен бол­майды. Қазіргі қыздар­дың ерте жы­ныс­тық қатынасқа түсетіні ащы болса да шындық. Жалпы, маман ретінде қазіргі жастардың бұл үрдісіне қарсымын. Қыздар аяғы ауыр болып қалудан сақ­тану мақсатында гор­мондық дәрілер пайдаланады. Бұл да жас организмге өзгеріс әкеліп, бедеулікке шал­дық­ты­ра­ды. Сонымен қатар мұндай жандардың алдағы уақытта қатерлі ісікке шалдығу ықти­малдығы артады. Тағы бір айта кетер жайт, кейінгі кезде жастар ара­сын­да әртүрлі инфекция жұқтырып, нәти­жесінде бала көтеру қабілетін жо­ғалт­қан әйел азаматтар қатары көп кезігетін болды. Мен бұған өзімнің күнделікті жасап жүрген жұмысымның барысында көз жеткізіп жүрмін.Сон­дық­тан мен ана ретінде де, маман ретінде де қыз­дардың тұрмысқа шық­қанша кездейсоқ қатынастардан аулақ болып, бойын таза ұстағанын қалай­мын. Әйел үшін ең бірінші бақыт – бала табу. Қызда­рымыз сол бақытының та­мы­рына өз қолдарымен балта шауып, өмірлік өкініште қалмаса екен деймін.

Жастарымыздың ерте жыныстық қаты­нас­тарға баруы олардың ертеңгі күні бе­деулікке шалдығуына себеп болуы әбден мүмкін екенін мамандар растап отыр. Дәрігерлердің пайымдауынша, алғашқы баланы жасанды түсік арқылы түсірген жағ­дайда жас қыздың болашақта ана атану мүмкіндігінен айырылу ықти­мал­дығы артады. Сонымен қоса, жастар ерте жы­ныстық қатынас салдарынан әртүрлі ау­ру жұқтырып, соның салдарынан бедеу­лік дертіне шалдығуы мүмкін. Дәрі­гер­лердің мәліметіне қарағанда, еліміздегі бедеу­лікке шалдығушылардың 56 пайызы әр­түр­лі жұқпалы ауру жұқтыру салдарынан бол­ған. Сондықтан да бұл мәселеге үстірт қарауға болмас.
Бүгінгі бедеулік ертең-ақ де­мо­гра­фияны діңкелететіні хақ. Сол себепті бұл мәселеге мемлекеттік демография тұр­ғы­сы­нан да, ұлт болашағы тұрғысынан да қарауы­мыз қажет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста