Қазақ жерінің 70 пайызы шөлге айналып кетіпті

Қолындағы асатаяғын жерге қадап кетіп, қайтып келсе, ол мәуелі бәйтерекке айналғандығы жайында қазақтың аңыз-ертегілерінде көп айтылады. Әрбір аңыздың астарында ақиқат жататынын ескерсек, кезінде қазақ жерінің құнарлығы қу таяқты жібітіп, тамыр жайдыратындай құдіретке ие болғанын аңғарамыз. Өкінішке қарай, бүгінде сол кең даламыз шөл далаға айналып барады. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің соңғы таратқан мәліметіне қарасақ, ел аумағының 70 пайызы шөлге айналып үлгеріпті. Және шөлейттену үдерісі үдемесе, тоқтайтын түрі байқалмайды.
Құнарлы жердің шөлге айналуы – әлем бойынша жүріп жатқан үдеріс. Адам баласы егін­шілікті игергелі бұл үдеріс тіптен үдей түскен. Бүгінде жер бетінің үштен бірін шөл дала алып жатыр. Мысалы, жердің құ­нарлылығы құрамында мил­лиондаған мик­ро­ор­га­низм­дер бар беткі қабатына бай­ла­ныс­ты. Ғалымдардың есеп­теуін­ше, қа­лың­дығы бір сантиметр бола­тын құнарлы қабат қалыптасу үшін ғасырдан астам уақыт қа­жет екен. Ал оны жою үшін со­қа­мен бір рет жыртып өту жет­кілікті.
Біріккен Ұлттар Ұйымының ақпаратынша, жер бетінің 40 пайыздан астамы шөлейттенген, ал Қазақстанда аталмыш көр­сет­кіш 70 пайызға жетіп жы­ғы­лады. Мұндай сорақылыққа өткен ғасырдың ортасындағы тың игеру деген желеумен мил­лиондаған гектар жердің аяусыз жыртылуының да өзіндік кесірі тигені анық. Өкінішке қарай, ауыл шаруашылығы өнді­ру­ші­лері мол өнім алу мақсатымен Жер-Ананы әлі де аяусыз қа­науын қояр емес. Иесіз, бос жатқан бір гектар алқап көрсе, бір қап бидайды артық алу мақ­сатымен түрен салуға асығады.
Ал жалпы қазақ сахарасына көз жүгіртетін болсақ, шөлейт даланың бірнеше түрін көруге болады. Атақты Қарақұм 350 мың шаршы шақырымды алып жатыр, 200 мың шаршы шақы­рым­ға созылған Үстірт пен Маң­ғышлақ, 300 мың шаршы шақырым жерде жатқан Қызыл­құм, 35 мың шаршы шақырым – Арал Қарақұмы, 75 мың шар­шы метр – Бетпақдала, 40 мың шаршы шақырымға жететін Мойын­құмымыз бар.
Ал әлемдегі ең жас шөл Аралқұм екен. Арал теңізінің суалуы бұл шөл­дің ұлғаюына ерекше әсер етті. Арал қасіреті де адам қолымен жасал­ғаны анық, мақта шаруашылығын дамыту үшін теңіздің суын оңды-солды шашып, бүгінде зардабын тар­тып отырған жайымыз бар. Су­дың тартылуынан пайда болған зиян­ды элементтердің қатері жайлы әлем ғалымдары дабыл қағып отыр.
Қазақ жерінде орманды алқап­тардың аздығы да жердің шөлейт­те­нуіне жол ашып беруде. Барлық алқаптың 5 пайыздан астамында ғана ағаш өседі екен, ал оны ауыл тұр­ғындары қыстық отын үшін отап жатқанын ескерсек, жағдайымыз мүшкіл екенін ұғамыз. Құмның кө­шуі­не бірден-бір тосқауыл болатын сексеуіл де сиреп кетті. Бүкіләлемдік банктің қаржысына Арал теңізінің аумағындағы 25383 гектар жерге сексеуіл егіліпті. «Ештен кеш жақсы» демекші, бұған да шүкір.
Шөл шекара талғамайды, сон­дық­тан онымен әлем болып күресу қолға алынғалы қашан. Біріккен Ұлт­тар Ұйымының шөлге айналумен күресу жөніндегі конвенциясына Қа­зақстан 1994 жылы қол қойып, 1997 жылы ратификациялаған бо­ла­тын. Содан бері елімізде жер ре­сурстарын басқару бағытында бiр­қатар заңнамалық актiлер қабылда­нып, бiрнеше жоба жасалған. Олар­дың қатарында Сырдария арнасын басқару, Арал теңiзiнiң солтүстiк бө­лi­гiн сақтау, ел аумағындағы ор­ман алқаптарын кеңейту, шөлейт жер­лердi басқару, мал шаруашылы­ғы­на арналған аумақтарды бақылау жо­ба­лары бар. Қоршаған ортаны қор­ғау министрлігінің мәліметінше, ал­ғаш­қы нәтижелер жаман емес көрі­неді. Мысалы, Сырдарияның ағы­сын қадағалау нәтижесінде Арал­дың солтүстік бөлігінің су дең­гейі алғашындағы 39 метрден 42 метрге көтерілген. Бұл да болса жаман көрсеткіш емес.
Жақында дәл осы шөлге айна­лумен күрес жөніндегі ұйымның ат­қарушы хатшысы Люк Гнакаджа Қазақстанға келіп кеткен болатын. Дөңгелек үстел басында әлемдік апатпен күрес жолдары айтылған. Жердің шөлейттенуі кейбір мемле­кеттерде азық-түлікке тапшылық тудырып отырғаны айтылды. Абай­ламасақ бұл қауіп күндердің күнінде халқының жартысына жуығы ауыл­ды мекендейтін біздің мемлекеттің де басына түсуі бек мүмкін. Қазақ­стан бүгінде жылына 20 миллион тоннадай астық орады, ал тұрғын­дар­дың тұтыну көрсеткіші 5-6 мил­лион ғана. Демек, бос жатқан тың жерлердің бәріне соқа сала берудің қажет жоқ деген сөз.
Бектас МҰХАМЕДЖАНОВ, ҚР қоршаған ортаны қорғау вице-министрі:
– Айта кеткен жөн, табиғатты қорғау саласындағы конвенция­лар­дың iшiнде аталған конвенция экологиялық проблемаларды ғана емес, сонымен қатар әлеу­мет­тiк және экономикалық мәсе­ле­лердi шешуге ықпал етуге ба­ғыт­талған. Халқының 43 пайызы ауылда тұратын және оның басым бөлiгi жер игеру арқылы нәпақа­сын тауып отырған Қазақстан үшiн жердiң деградациясы мен шөлейттенуi өзектi түйткiлдердiң бiрi. Келешекте шөл басумен кү­рес ұлттық орталығын құру жос­парлануда. Орталық халықаралық және үкiметтiк емес ұйымдарды, жергiлiктi қауымдастық пен биз­нес өкiлдерiн ортақ жобаларға тарту көзделген.

Дерек: Әлемдегі егін шаруашы­лығы жерлерінің 43 пайызы шөл және шөлейт аймақтарда. Жердің құнарсыздануы кесірінен шаруалар­дың өнімі жылына орташа 42 мил­лиард долларға азаюда. Соңғы 40 жылда әлем бойынша барлық егіс­тіктің үштен бірі жарамсыз болып қалған. Жылына шамамен 20 мил­лион гектар ауыл шаруашылығы жері жеміс беруін тоқтатады екен, олар иесіз қалуда немесе ол жер­лерге қалалар салынады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста