Қазақ төбеті неге алабай атанып жүр?

Қазақ төбеті неге алабай атанып жүр?

Бүгінде қай қаланы алсақ та қос-қостан котедж үй салып, шетелдің көлігін мініп жүрген шіріген байлар жетіп артылады. Әрине, әр байдың үйінің босағасында байлығын күзетер «алабай» иттері де бар. Биік дуалдың үстінен асыла қарап білектей шынжырды үзіп жіберердей болып арсылдап тұрғанын көргенде зәре-құтың қалмайды. Алпамсадай ит үріп тұра ұмтылғанда қайтпексің? Үйге кірудің өзі қорқынышты. Тайыншадай ит босанып кетсе бірден жарып тастамай ма? Бірақ сол бәріміз алабай атап кеткен иттің шын мәнінде түрікменнің алабайы емес өзіміздің қазақы төбет екенін көп адам біле бермейді. Қазақы төбеттің алабайға қандай қатысы бар деп ойлайтын да шығарсыз. Бүгін «Алаш айнасы» осы мәселені тізбектей талдап «алабай итінің» түбі қазақтың төбеті екенін дәлелдеп бермекші.
Тарихы тереңге кеткен қазақтың сайын даласы небір қиын кезеңді бастан өткермеді десеңізші. Ел басына күн туып байтал түбі бас қайғы болған заманда Еуразияның әр түкпіріне тарыдай болып шашылды да кетті... Тағдырдың зұлматында көнтерлі қазақпен бірге мал бағатын дәу төбеттері де кеткен. Сол төбеттердің тұқымдары бүгінде әлем елдерін де таң қалдырып тұр. Жер жүзінің итқұмарлары бәс тігетін ит төбелестерінде қай тұқымды болсын тұқыртатын – «алабай» яғни қазақы төбеттер көш басында келеді. Өйткені, күші мығым, тісі өткір тегеурінді төбет итке кәнігі көкжал қасқырлардың өзі төтеп бере алмайтын.
Бірақ басқа түгіл қазір осы төбетіміздің өзі түрікменнің тұқымына айналып, алабай болып әлемді кезіп жүр. Бағасы да сұмдық. Бір басы кемінде бес мың доллардан кем сұрамайды. Таза тұқымды күшіктерінің өзі пәленбай мың долларға бағаланатыны тағы рас. Соған қарамастан сұранысқа ие болып тұр.
Ал қазіргі кезде ит жүгіртіп құс салған несібесін аң аулап тапқан қазақтың ұстағаны қай тұқым екенін ажыратып болмайтын иттер. Бұралқы иттердің қуып жетіп арлан бөріні астына басу түгіл, қоянға жетпей қос өкпесін соғып қалады. Желкесі күжірейген, кеудесі кере қарыс қазақтың төбе иті – төбеттердің тұқымы, өкінішке қарай, азайып, азайғаны былай тұрсын, басқа тұқымды иттермен шағылысып, ұсақталып бара жатқаны көңілге қаяу салады. Бұл қазақтың қанына сіңген ата-бабалардан қалған аң аулау кәсібіне де кері әсер етіп тұрғандай. Яғни таза қазақы төбет тұқымын шырақ алып іздесең де таппайсың. Тіпті «алабай» деп сатылған төбеттердің өзі де шын мәнінде таза қазақы төбет болмай шығатын көрінеді.
Бауыржан ХОЗИН, Қарақамыс ауылының тұрғыны, кәнігі аңшы:
– Аңға жұма сайын шығып тұрамыз. Бірақ қолыңда шиті мылтығың болмаса, итпен ғана аң алам деп әуре болудың қажеті шамалы. Өйткені біздегі ауылдың бұралқы иттерінің тұқымдары әбден шала болып, тазылардың өзі таяу жерден шыққан аңға жете алмай, шаң қауып, алаулаған жігеріңді құм ететіні бар.

Бұл – ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалған қасиетті құндылықтың аяқасты қалғаны ма, әлде оны қалыпқа келтіруге еш мүмкіндік жоқ па?
Ауылға барғанда аңға шығып, қазақтың ескіден қалған дәстүрін жалғастырып келе жатқан ағаларымызбен кездескенде, аң аулар иттердің қалмағанын, тіпті қоян мен түлкіге қуып жетіп, қанжығасын қандай алмай қайтатын кездердің жиі кездесетінін қынжыла айтып жатады.
Түркіменнің төбеті атанып алабай атанған қайсар мінезді қазақы төбеттің шынымен қазақ жерінен шыққанын әлемге паш ететін кез жеткен сияқты. Бұл арқылы жер-жаһанға атадан-бабаға мұра болып келе жатқан аңшылық дәстүрін де көрсетуге болатын сияқты.
Бірақ замана көшінде қалып қойған аңшылықтың қазір атпен емес көлікпен, итпен емес мылтықпен жүретіні тағы рас. Аңшылықтың қаймағы бұзылмаған қалыбын қалай сақтап қалуға болады? Бәлкім түпкілікті зерттеп тереңнен қопарып алып ит «алабайдың» өзгенікі емес қазақтың тұқымы екенін ғылыми түрде дәлелдеп, тіпті патенттеу қажет шығар. Өйткені, қазіргі жаһандану заманында ұлтты ұлықтайтын жайттармен алға шықпаса ұлт болып қалудың өзі өзекті мәселеге айналып тұр.
Жалпы, қазақы төбет жайлы әңгіме қозғағанда осы істі кәсіп еткен, яғни қазақы төбеттің тұқымының жоғалмауына келелі іс атқарып жүрген ағалардың кеңесін алмай, ой айту мүмкін де емес. Сондықтан төбет иттердің сан түрін салыстырып, осы жолда талай еңбек сіңірген бірталай адамды әңгімеге тарттық.
Данияр ДӘУКЕЙ, қазақы иттердің тұқымын өсіруші:
– Сегіз жыл Англияда оқып келіп, Отаныма оралғаннан бері осы кәсіпті өзіме серік еткенмін десем артық айтпаспын. Себебі менің ойымша, елдің мүддесін жаһандағы алпауыт елдердің ортасында сақтап қалу үшін тек ежелден қалыптасқан қазақы қалыбымызды, ұлттық менталитетімізді, дәстүрімізді көрсете білуіміз қажет. Ал ол үшін қыран бүркітіміз, қазанаттай тұлпарымыз, құмай тазыларымыз бен қазақы төбеттеріміз ұлттық брендіге айналуы тиіс. Тек сонда ғана еліміздің ертеңгі болашағына сеніммен қарап, қазақтың қанына біткен қайсар ғұрпының мұртын бұзбай, келешек ұрпаққа жеткізе аламыз.

Қазақтың төбетінің қанын араластырмай тұқымын көбейтіп жүрген азаматтың бірі өзіміздің өңірде тұратын Оралбек есімді ит асыраушы жігіт. Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр селосында тірлік қылып жатқан ағамыз кәдімгі қазақы төбеттерді тобымен асырап жатқанын біліп, көктен іздегеніміз жерден табылды. Үйіне бірге еріп барып, төбет иттерін көрген біздің таңғалмасқа амалымыз қалмады. Біреулерге ерсі әрі қораштау көрінгенімен, бұл кәсіптің де өзінің мәні мен астары барлығын әңгіменің ауанында байқатып қалды.
Оралбек ҚАЙСАНОВ, «Тазы-Төбет-Бөрібасар» федерациясының президенті, қазақы тұқымды иттерді асыраушы:
– Қазақы төбеттердің тұқымын он екі жылдан бері асырап әрі осы төбеттер мен тазы тұқымдарын сұрыптап келемін. Осы жылдар ішінде мен әлемде қазақы төбеттен артық ит жоқ екеніне көзімді жеткіздім. Итті сатып, ақша табу үшін ұстайтындар да бар. Бірақ мен мұндай кәсіптен аулақпын. Менің бар мақсатым қазақы төбеттер мен тазыларымызды әлемдік деңгейде тек қазақтың брэнді етіп шығару болып отыр. Осы мақсат үшін аянбай тер төгіп келемін. Мұным біреулерге ұнамағанымен, іске шын пейіліммен кіріскен мен жұрттың анау-мынау өсегін еш елең қылмаймын. Себебі мен өз кәсібімнің түптің түбінде халқыма пайда келтіретініне сенемін.

Дәл қазір 40-тан астам төбет иттері мен тазылары бар Оралбек Тоқтарұлы иттердің тұқымын жеті атасына дейін араластырмау қажет деген пікірде. Сонда ғана қазақтың ежелден қалыптасқан батыл мінезді төбетінің тұқымын сақтап қалуға болатын көрінеді. «Мендегі төбеттердің бәрі өзіміздің басқа тұқыммен араласпаған нағыз қазақы төбет деп еш ұялмай-ақ айта аламын», – деген сері аға тек төбет иттерді ғана емес, қазақтың сәйгүліктерін де өсірмек ойда. Бұл жайлы алдағы жолы әңгімелей жатармыз.
Қазір Қазақ елінде таза қанды қазақы төбеттердің саны 100-ден асып жығылған. Ал «азиат» тұқымды иттер бес жүзден асады. Төбеттердің де республикалық, әлемдік біріншіліктері өткізіледі екен. Бұл жарыстар – бүгінде сәнге айналған, ақша үшін төбелестіретін «Төбеттер төбелесі» емес, арнайы тестілік тапсырмалар арқылы анықталатын үздік төбеттердің чемпионаты. Ел басына күн туған өткен ғасырдың 30-жылдарында Түрікмен, Ауған жеріне асып кеткен ата-бабаларымыз өздерімен бірге қазақы төбеттерді де ала кеткен. Осыларды көздің қарашығындай сақтап, мал бағып, аң аулаған қазақы төбеттердің қайта оралуы, шынымен де, таңғаларлық оқиға.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста