Қазақ тілді психолог қызметі неге қымбат?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, халықтың 25 пайызы әртүрлі психикалық бұзылулардан зардап шегеді екен. Бүгінгі таңда елімізде психикалық сауықтыру саласында 3 республикалық, 33 психиатриялық және 31 наркологиялық ұйымдар қызмет көрсетеді. Соңғы 10 жылдағы ауру-сырқау көрсеткішінің көбеюі негізінен ақыл-есі кем, органикалық психикалық науқастар есебінен туындап отыр дейді мамандар.
Психикалық дертке душар болғандар халықтың 0,4 пайызында тіркеледі. Жасырары жоқ соңғы әлетте жүйке ауруына, соның ішінде депрессияға ұшырағандар саны қай өңірде болсын көп тіркелуде. Бүгінде еліміз бойынша 300 мыңнан астам адам есепте тұрады. Десек те, бұл нақты көрсеткіш емес. Жүйке жүйесінің дерті, ауыр қайғының соңы азапты ауруға соқтыратынын бағамдамайтындар уақытын өткізіп алып сан соғып қалып жатады. Депрессияға ұшырағанда тез арада психологқа, психотерапевтке көрінуге сол баяғы қазақы жайбасарлығымыз жібермейді. Дерті дендеп кеткенше жасырынып, дәрігерге көрінуге намыстанатындар мен өзінің ауруға шалдыққанын білмей жүргендерді қосып айтар болсақ, 300 мыңнан анағұрлым көп. Өкініштісі осы санның қарасын көбейтіп тұрғандар өзіміздің қаракөздер. Дерті дендегендердің 25 пайызы депрессияға ұшырадым екен деп ойламайды. Басқа саланың маманына мәселен кардиологқа, терапевтке жүгіреді. Олар дәл диагнозын анықтай алмай әуре сарсаңға салады. Сөйтіп жүргенде уақытты өлтіріп алады... Негізінде көпшіліктің аузында «жындыхана» аталып кеткен психо-неврологиялық диспансерлерде депрессияға ұшырағандар, психикалық жеңіл дертке ұшырағандар да емделеді. Онда тек ақыл-есі ауытқығандар ғана жатады деген қате пікір.
Енді жүйке ауруы неге көбейіп барады дегенге келейік. Ең алдымен, қоғамдағы өзгерістер, әсіресе, әлеуметтік саланың нашарлауы жүйкесі жұқа адамдарға қатты әсер етеді. Жұмыссыздық, халықтың тұрмысының төмендеуі, жоқшылықтың да тигізер «көмегі» аз емес. Депрессия жас талғамайды. Жастарымызға ақылы білім алу, ертеңгі күніне деген сенімсіздік те өз салқынын тигізеді. Кейбірінің үйде жұмыссыз отырып қалуы да депрессия дертіне тұсалуына басты себепкер болады. Ал мұндай жағдай кез келген адамның психикасына әсер етпей қоймайды. Аталған факторлар адамдардың өзіне-өзі қол жұмсауын, әсіресе жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюіне әсер етеді. Оның басты себебін үйдегі тәрбие құралының ролін атқарып отырған «теледидар-ұстаздан» іздеген жөн. Онда соқырға таяқ ұстатқандай зорлық зомбылықтың неше атасын, өзін-өзі қалай өлтірудің жолын үйретіп отыр. Басына түскен ауыртпалықтың бәрі өтпелі екенін бағамдамайтын жастарымыз бұ дүниенің азабынан оп оңай құтылудың жолы осы екен деп арғы дүниеге аттанып жатыр. Олардың мұндай күйге ұшырауына қоғам болып атсалысудың орнына жат қылықтарды өзіміз үйретіп отырмыз. Психикасында ауытқу болғанын байқамаймыз. Жасты да, жасамысты да жат жолдан арашалап қалу үшін психолог пен психотерапевтің көмегіне жүгіну қажеттігін ескере бермейміз. Психиатр мен психотерапевт – психатриялық бұзылулар кезінде көмек көрсетсе, психолог дәрі арқылы емес, “сөз” арқылы сенім, түсіндіру, иландыру арқылы емдейді. Психология - грек сөзінен аударғанда психо – жан, логос – ғылым дегенді білдіреді. Яғни бұл адамның жан дүниесі туралы ғылым. Адам жанының қалтарыс бұлтарысы мен құпиясын ашып, емдейтін ғылым назардан тыс қалып келеді. Психотерапия да солай психо – жан, терапия - емдеу. Сонымен психолог адамның барлық психикасын беске біледі, ал психотерапевт психиканы емдейді. Көбіне медициналық білімі бар психотерапевт кез-келген жағдайда көмек қолын созып, емдей алады. Ал, гуманитарлы бағытта білімі бар психолог қызметі неге кемшін деген сұрақ туындайды. Көбіне бұл салада 2-3 айлық психологиялық курс бітірген мамандар жұмыс істеп жатады. Жасырары жоқ алыстағы ауылдарда да мектептегі психология сабағынан сағаты кем математиканың мұғалімдері де сабақ бере береді. Психологияның иісі мұрнына бармайтын маман қайбір сабақ беріп жарытады?
Бұл қызмет түрі арзан тұрмайды. Психолог пен психоперапевтің қызметіне жүгінемін десеңіз қалтаңыз тоқ болуы шарт. Мәселен психологтың бір сағаты – 3-5 мың теңге аралығында. Сізге бір апта, не болмаса бір ай емделесің деуі мүмкін. Есептей беріңіз. Сосынғысын орыстілді психологтарына қарағанда қазақ тілді психологтардың сағаты 1-2 мың теңге қымбаттырақ. Мұның себебін бұл саланың бізде кемшіндеу дамып келе жатқанынан іздеуіміз қажет сияқты.

Гүлмейрам Сайрамова, психиатр-дәрігер:
Психикалық бұзылу өзінен-өзі көбеймейді, оған экологиялық фактор мен психологиялық титықтауға жататын “психосоматикалық аурулар” деп аталатын дерттер себеп. Оған ақпараттар тасқынының молдығы, кәсібінің өзгеруі, жұмыссыздық сияқты мәселелер де әсер етеді. Бүгінде қоғамның ұяшығы саналатын отбасы ұғымы өзгертіліп, материалдық игілік соңында кеткен, әркім өзі үшін өмір сүретін, тек бірге тұратындар қоғамдастығына айналды. Сондықтан да әке-шешесінің тірі екеніне қарамастан жетімдікті сезінетіндер көп. Ата-анасы, ұстазы және қоршаған адамдар жеткіншектің іс-әрекетінің қай деңгейде екенін байқап, түзетпеген, кері шегінген балаға қол ұшын бермегендердің кесірінен балалардың психикалық дертке ұшырауы көп. Сондықтан депрессияға шалдыққандар күннен күнге көбею үстінде...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста