Қазақ қызы АҚШ-ты қайран қалдырды

Әлемнің 68 елінен 1600 жас өреннің ғылыми жобасы сынға түскен INTEL ISEF – 2012 халық­ара­лық байқауында қараған­ды­лық Әсия Құсайынова бас жүл­дені жеңіп алды. Байқау АҚШ-тың Пенсильвания штатында өтті.
«Дарын» мектеп-интернатында 11-сыныпта оқитын Әсияның ғылыми жобасы физика саласы бойынша «Магнус эффектісі негізіндегі көп салалы желдвигателі» деп аталады. Бұл жобаның кереметі біздің ел­дің табиғаты ескеріліп жасалғанында бо­лып отыр. Мұны жер шарының әр түк­пі­рі­нен жиналған қазылар да мойындаған.
Соңғы 10 жылдан бері өтіп келген сайыс­та Қазақстаннан барған оқушылар тек бір күміс пен бір қола медальді ғана ие­лен­ген екен. Ал алтын алқа алу – бай­қаудың тарихында тұңғыш рет. Әсияның бағы мен бабы қатар сынға түскен «Ме­ха­ни­калық және электрлік инженерия» сек­ция­сында әр елден 50 жасөспірім додаға түскен. Солардың ішінен Әсия оқ бойы озық шыққан.
Әсия ҚҰСАЙЫНОВА, Қарағанды қала­сын­дағы дарынды балаларға арналған «Да­рын» мектеп-интернатының 11-сынып оқу­шысы, INTEL ISEF -2012 халықаралық бай­қауының жеңімпазы:
– Жобамен айналысқаныма үш жыл болды. Ал мына байқау туралы небәрі 40 күн қалғанда ғана естідім. Сол 40 күн бойы күндіз-түні дайындалдым. Жобаны жетіл­дір­­дім. Сол еңбегім ақталды. Еліміздің атын әлемге шығарғаныма қуаныштымын. Байқаудың шарты бойынша әр секцияға жеті адам қазылық етеді екен. Бірақ менің жобам қызықты болса керек, жобаларға баға берген қазылар менің жобамды көру­ге арнайы келді. Қазылар ғылыми жобаның жетістігі ретінде оның Қазақстан климатына лайықталып жасалғандығын ерекше атады. Бұл жоба, шын мәнінде, біздің ел эко­но­ми­ка­сына оң ықпал етеді деген сенімдемін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста