Қазақ қарызға өмір сүруге неге құштар?

Қазақ қарызға өмір сүруге неге құштар?

Бүгінде Қазақстанда банкке қарызы жоқ адам кемде-кем. Ақшаны тегін беріп жатқандай алады, ал артынан еселеп қайтаруға қауқары жетпей, өз-өзіне қол жұмсау фактілері жиілеп барады. Батыстан енген осы бір несиеге өмір сүру үлгісі біздің қоғамда сәнге айналғандай, пайыздық үстемеақысының шарықтап тұрғанына қарамастан, жыл өткен сайын несие алушылар да, қарыздың көлемі де артып келеді. Психологтер «несиеге құштарлық – ауру» десе, экономистер «банк қарапайым халықтың қаржылық сауатының төмендігін пайдаланып, алдап отыр» деген пікірде.

Несие алу – ауру
Павлодарда жас жігіт ипотекалық не­с­ие­сін төлей алмай, оныншы қабаттан секіріп кеткен. Алматыда қарызға белше­сінен батқан әйелдің жүйкесі сыр беріп, жындыханадан бір-ақ шыққан. Шымкентте де борышкер асылып өлген. Бұл – соңғы жылдары орын алған фактілердің елге жария болған бірнешеуі ғана. Өкінішке қарай, банктегі қарыздарын өтей алмай, өз-өзіне қол салу қазақ қоғамында жиілеп кетті. Сонда банктердің мақсаты табысы аз тұрғындарға қол үшін беру ме, әлде оларды ажал апанына итермелеу ме?
Алдағы жылдарды есепке алмай-ақ қояйық, тек биыл ғана ресімделген төрт миллион несиені тұрғындар не мақсатқа алды деген ой көпті мазалары хақ. Мынау сауалнамаға көз жүгіртейік: «Несиеге өмір сүру дегеніміз не?» деген сауалға жауап бергендердің 14 пайызы жұмысына қар­қын беріп, алға жылжуына септесетінін айт­қан. 32 пайызы қарыз жүйкеге ауыр сал­мақ салатынын, ал ең көп, яғни 35 па­йы­зы несиеге өмір сүруді үйреншікті жағ­дайға балайтынын жеткізіпті. Тек қалған 17 пайыз адам ғана барар жер, басар тауы қалмағандықтан қарызға батқанын хабар­лаған.
Бұл сауалнама қоғамдағы жағдайды жүз пайыздық дәлдікпен анықтап бере алмас, бірақ көп нәрсені аңғартатындай. Шынымен де, бүгінде адамдардың көбі сәл ақша қажет болса, банкке жүгіретінді шығарды. Соңғы жылдары автокөлік пен баспананы айтпағанда, киім-кешек пен тұрмыстық заттарды несиеге алу сәнге ай­налды. Келіншегінің үстіндегі құндыз тон­ды, үйдегі теледидар мен тоңазытқышты да, жатып жүрген төсегін де, былайша айт­қанда, бәрін, бәрін несиеге алатын адам­дар көбейіп отыр.  Тіпті шетелге барып де­ма­лу үшін қарыз алу қанат жайып келеді. Сонда адамдар теңіз жағасында бір ай демалғаны үшін бірнеше жыл бойы несие төлеп шар­шайтынын неге ойламайтыны таңғал­дырады? Психолог мамандар мұны ауруға балап, «кредитомания» деген атау да бе­ріп қойған екен. 
Танаш МАЛДЫНОВ, құқық қорғаушы:
– Бізге әртүрлі мәселелермен құқықтық көмек сұраған адамдар  көп келеді. Солар­дың шамамен 20-30 пайызы банктермен ара­дағы дауды шешу үшін қолдауды қажет етеді. Менің тәжірибемде банктің ұтылға­нын көрген емеспін. Демек, банкке несие алуға барардың алдында ойланып алған жөн. Баспанасынан қуып шыққан жағдай­лар­ды да көз көрді. Несиеге құмарту, яғни ақшақұмарлық – ауру екенін психо­лог­тер айтып отыр. Ол – шындық. Әсіресе әйел адам ақшаға жақын, яғни «креди­то­мания» ауруына ұшырағыш келеді.

Қаржылық сауатсыздық
Тұрғындар банк ақшаны тегін беріп жатқандай, таласып-тармасып алатынды шығарды. Тіпті пайыздық үстемеақыға на­зар да аудармайды. Бастысы, сұраған ақ­ша­ны қолға берсе – болғаны. Кейбір адамдар бір банктен алған қарызын жабу үшін – екінші банктен, оны жабу үшін келе­сісінен қарыз алатынды шығарған. Ертеңгі күн­ді ескермей алып алып, төлеуге келген­де опық жейтінін көбі ойламайды да. Эко­номистер мұны Қазақстан халқының қар­жылық сауатты­лығы­ның төмендігінен деп отыр.
Мысалы, құқық қорғаушылардан кө­мек сұрай келген азаматтардың басын­дағы мына бір жағдайлар көпке сабақ бол­са игі: бір азамат бизнесін жандан­дыру үшін пәте­рін кепілдікке қойып, 50 мың АҚШ дол­ларын алған, бірнеше жыл үздіксіз төле­ген екен. Банкке барса, қалған қарызы – 57 мың доллар. Екінші жағдай – 2007 жылы доллармен 34 мың­­ның несиесін ал­ған адам, доллар­дың құны өсіп кетіп, ақыр со­ңында негізгі қары­зының үстінен тағы 110 мың АҚШ ақша­сын артық төлеген. Мұн­дай жағдай­ларды тізе берсе, өте көп.
Алтай ҚОЖАХМЕТОВ, экономика ғылымының кандидаты:
– Халық банкке еріккеннен бармайды. Ақша қажет болған соң, барар жері, басар тауы таусылған соң жүгінетіні анық. Бізде халықтың қаржылық сауаты өте төмен. Мұны банктер пайдаланып, ашықтан-ашық алдап отыр. Барған адамға дайын келісім­шарт­қа қол қойдырта салады. Төрт-бес бет келі­сімшартты кім сол жерде оқып жатады, оқы­ғанның өзінде түсінетіндер аз. Ал шар­т­­пен келіспейтін бірен-саран адам табылса, «несиені бермей қоямыз» деп қор­қы­тады. Ал қалай төлейтіні, өтеудің қандай жол­дары бар екенін түсіндірмейді. Мыса­лы, аннуитет деген бар, халық оны білмей қол қоя салады. Сосын ай сайын 100 мың теңге төлесе, соның үш пайызы, яғни 3 мың теңгесі ғана негізгі қарызды жабады, ал қалған 97 мыңы  – банктің пайдасы.  На­ғыз алдау ғой бұл. Кейбір зерттеулер бойынша, несие алған адамдардың 40 пайызы шартты дұрыс түсінбегендіктен ал­д­а­нып қалады екен.

Банктердің халықты қаржылық жа­ғы­нан қолдаушы емес, қанаушыға айнал­ға­нын Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченко да мойындап отыр. Еліміздің бас банкирінің пікірінше, тұтынушылар да көз алдын ғана ойлайды екен және «ертең қаржылық жағдайы бү­гінгіден жақсарып, несиені өтей саламын» деген алдамшы сенімге бой алдыратын көрінеді. Бұл тура­лы жақында журналис­тер­мен өткен бас­пасөз мәслихатында айтты.
Григорий МАРЧЕНКО, ҚР Ұлттық банктің төрағасы:
– Кейбір банктерде жылдық үстемеақы 80 пайызға дейін жеткен, ал шағын несие беру ұйымдарында 150 пайызға дейін жет­­кен екен. Біздің ойымызша, бұл – тұр­ғын­дарды тонау.Сондықтан  заң қабыл­дан­­ды, заң бойынша банктер мен қаржы­л­ық ұйымдардың пайыздық өсімі 56 пайыздан аспауы керек. Кейбір адам­дар ойланбастан несиеге кіреді. Отба­сы­ның барлық табысы қарызды өтеуге кетсе, не­мен өмір сүреді. Сонда не үшін дейсіз ғой, үлк­ен плазмалық теледидар немесе бас­қа да бір тұтыну жабдығын алу үшін. Ме­нің­ше, оларсыз да өмір сүруге болатын сияқты.

Қазақстан тұрғындарының 70 пайызы мұсылман дінін ұстанатыны белгілі. Пай­ғам­барымыз Мұхаммед қоштасу құтба­сын­да: «Алла тағаланың бұйрығымен өсімқор­лыққа енді тыйым салынды. На­дан­дық дәуірінен қалған бұл жаман әдет­тің барлы­ғы аяғымның астында. Ал­ғаш жойылған өсімқорлық – Абдулмүтә­ліб­тің ұлы Аббас­тың өсімқорлығы» деген бо­латын.  Сонда мұсылман дінінде тыйым са­лын­ған өсім­қор­лық біздің қоғамда азаю­­дың орнына қанат жайып тұрғаны – түсі­ніксіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста